يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ كُلُوا۟ مِمَّا فِى ٱلْأَرْضِ حَلَٰلًۭا طَيِّبًۭا وَلَا تَتَّبِعُوا۟ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيْطَٰنِ ۚ إِنَّهُۥ لَكُمْ عَدُوٌّۭ مُّبِينٌ ﴿١٦٨﴾
Ей, адамдар! Жердегі рұқсат етілген халал және жақсы нәрселерден жеңдер және шайтанның ізімен жүрмеңдер! Ақиқатында, ол сендерге анық дұшпан
يَسْـَٔلُونَكَ مَاذَآ أُحِلَّ لَهُمْ ۖ قُلْ أُحِلَّ لَكُمُ ٱلطَّيِّبَٰتُ ۙ وَمَا عَلَّمْتُم مِّنَ ٱلْجَوَارِحِ مُكَلِّبِينَ تُعَلِّمُونَهُنَّ مِمَّا عَلَّمَكُمُ ٱللَّهُ ۖ فَكُلُوا۟ مِمَّآ أَمْسَكْنَ عَلَيْكُمْ وَٱذْكُرُوا۟ ٱسْمَ ٱللَّهِ عَلَيْهِ ۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلْحِسَابِ ﴿٤﴾
Ей, Мұхаммед! Олар сенен өздеріне не рұқсат етілгені жайлы сұрайды. Айт:«Сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді әрі Аллаһтың өздеріңе үйреткені бойынша, үйреткендеріңнің аулағаны да. Олардың өздеріңе ұстап бергенінен жендер әрі оған аңшы ит не құсты салғанда Аллаһтың есімін атаңдар», деп айт. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар, ақиқатында Аллаһ есепте өте жылдам
وَكُلُوا۟ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ حَلَٰلًۭا طَيِّبًۭا ۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ ٱلَّذِىٓ أَنتُم بِهِۦ مُؤْمِنُونَ ﴿٨٨﴾
Аллаһ сендерге рұқсат халал етіп, жақсы етіп берген ризықтарынан жеңдер. Әрі өздерің сенген Аллаһтан Оның тыйғандарынан! қорқып, сақтаныңдар
ٱلَّذِينَ يَتَّبِعُونَ ٱلرَّسُولَ ٱلنَّبِىَّ ٱلْأُمِّىَّ ٱلَّذِى يَجِدُونَهُۥ مَكْتُوبًا عِندَهُمْ فِى ٱلتَّوْرَىٰةِ وَٱلْإِنجِيلِ يَأْمُرُهُم بِٱلْمَعْرُوفِ وَيَنْهَىٰهُمْ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَيُحِلُّ لَهُمُ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَيُحَرِّمُ عَلَيْهِمُ ٱلْخَبَٰٓئِثَ وَيَضَعُ عَنْهُمْ إِصْرَهُمْ وَٱلْأَغْلَٰلَ ٱلَّتِى كَانَتْ عَلَيْهِمْ ۚ فَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ بِهِۦ وَعَزَّرُوهُ وَنَصَرُوهُ وَٱتَّبَعُوا۟ ٱلنُّورَ ٱلَّذِىٓ أُنزِلَ مَعَهُۥٓ ۙ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ ﴿١٥٧﴾
солар, оқу-жазу білмеген Пайғамбарға Нәбиге өздеріндегі Тәурат пен Інжілде ол туралы жазылғанын табатын Елшіге Расулға ереді. Ол Елші оларды құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Оларға жақсы нәрселерге рұқсат беріп, жаман нәрселерге тыйым салады. Оларды үстеріндегі жүктен және бұғауларынан арылтады. Оған сенген, құрмет көрсеткен, жәрдем берген және онымен бірге түсірілген нұрға Құранға ергендер, міне солар жетістікке жетушілер», деді