Құранның 34-сүресі

Saba сүресі

Мекке 54 аят Juz 22
Saba

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِى لَهُۥ مَا فِى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِى ٱلْأَرْضِ وَلَهُ ٱلْحَمْدُ فِى ٱلْءَاخِرَةِ ۚ وَهُوَ ٱلْحَكِيمُ ٱلْخَبِيرُ ﴿١﴾

Барлық мақтау аспандардағы және жердегі барлық нәрселер бір Өзінікі болған Аллаһқа. Және соңғы мәңгілік өмірде де ақиретте барлық мақтау Оған. Олс аса Дана, бәрінен Хабардар

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

يَعْلَمُ مَا يَلِجُ فِى ٱلْأَرْضِ وَمَا يَخْرُجُ مِنْهَا وَمَا يَنزِلُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا يَعْرُجُ فِيهَا ۚ وَهُوَ ٱلرَّحِيمُ ٱلْغَفُورُ ﴿٢﴾

Ол жерге кіретінді және одан шығатынды әрі аспаннан түсетінді әрі оған көтерілетінді де біледі. Әрі Олсерекше Мейірімді, өте Кешірімді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَا تَأْتِينَا ٱلسَّاعَةُ ۖ قُلْ بَلَىٰ وَرَبِّى لَتَأْتِيَنَّكُمْ عَٰلِمِ ٱلْغَيْبِ ۖ لَا يَعْزُبُ عَنْهُ مِثْقَالُ ذَرَّةٍۢ فِى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِى ٱلْأَرْضِ وَلَآ أَصْغَرُ مِن ذَٰلِكَ وَلَآ أَكْبَرُ إِلَّا فِى كِتَٰبٍۢ مُّبِينٍۢ ﴿٣﴾

Ал, сондай күпірлік етушілер Қайта тірілуді мойындамайтындар : «Бізге Сағат Қайта тірілу келмейді», деді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Жоқ, олай емес, жасырын нәрсені ғайыпты білуші Раббыммен ант етемін! Ол Қайта тірілу күні сендерге міндетті түрде келеді», деп. Аспандардағы және жердегі заттың ең кішкентай бөлшегі әрі одан кіші не одан үлкен нәрсе Одан жасырын қалмайды, бәрі де анық Кітапта жазулы ,- деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

لِّيَجْزِىَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ ۚ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُم مَّغْفِرَةٌۭ وَرِزْقٌۭ كَرِيمٌۭ ﴿٤﴾

Бұл иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйын беруі үшін. Міне, соларға кешірім әрі көркем, мол ризық бар

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَٱلَّذِينَ سَعَوْ فِىٓ ءَايَٰتِنَا مُعَٰجِزِينَ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ عَذَابٌۭ مِّن رِّجْزٍ أَلِيمٌۭ ﴿٥﴾

Ал аят-белгілерімізді әлсіретуге ұмтылғандарға қинаушы азаптан қасірет бар

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَيَرَى ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْعِلْمَ ٱلَّذِىٓ أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَ هُوَ ٱلْحَقَّ وَيَهْدِىٓ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلْعَزِيزِ ٱلْحَمِيدِ ﴿٦﴾

Әрі өздеріне білім берілгендер Раббыңнан саған түсірілгеннің ақиқат екенін және бәрінен Үстем,аса Мақтаулының жолына бастайтынын көреді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ هَلْ نَدُلُّكُمْ عَلَىٰ رَجُلٍۢ يُنَبِّئُكُمْ إِذَا مُزِّقْتُمْ كُلَّ مُمَزَّقٍ إِنَّكُمْ لَفِى خَلْقٍۢ جَدِيدٍ ﴿٧﴾

Ал күпірлік етушілер Қайта тірілуді теріске шығаратындар : «Сендерге өздерің әбден шіріп, ыдырап кеткен кездеріңде жаңа жаратылыста болатындарыңды жаңадан қайта жаратылатындарыңды хабарлайтын бір кісіні көрсетейік пе

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

أَفْتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَم بِهِۦ جِنَّةٌۢ ۗ بَلِ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱلْءَاخِرَةِ فِى ٱلْعَذَابِ وَٱلضَّلَٰلِ ٱلْبَعِيدِ ﴿٨﴾

Ол Аллаһ туралы өтірікті құрастырды ма, әлде оны жын иектеп алды ма?» деді. Жоқ, олай емес! Соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндер азапта және ұзақ адасуда

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

أَفَلَمْ يَرَوْا۟ إِلَىٰ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِ ۚ إِن نَّشَأْ نَخْسِفْ بِهِمُ ٱلْأَرْضَ أَوْ نُسْقِطْ عَلَيْهِمْ كِسَفًۭا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَءَايَةًۭ لِّكُلِّ عَبْدٍۢ مُّنِيبٍۢ ﴿٩﴾

Олар алдарындағы әрі арттарындағыны аспандағы мен жердегіні көрмеді ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызып жібереміз немесе олардың үстіне аспаннан бір бөлік түсіреміз. Ақиқатында, Мұнда Аллаһқа әрдайым! қайтушы әрбір құлға белгі-ғибрат бар

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

۞ وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا دَاوُۥدَ مِنَّا فَضْلًۭا ۖ يَٰجِبَالُ أَوِّبِى مَعَهُۥ وَٱلطَّيْرَ ۖ وَأَلَنَّا لَهُ ٱلْحَدِيدَ ﴿١٠﴾

Әрі Біз Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онымен Дәуітпен бірге жаңғырық беріп Аллаһты дәріптеуін қайталаңдар. Ей, құстар сендер де қайталаңдар» дедік. Әрі оған темірді жұмсартып

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

أَنِ ٱعْمَلْ سَٰبِغَٰتٍۢ وَقَدِّرْ فِى ٱلسَّرْدِ ۖ وَٱعْمَلُوا۟ صَٰلِحًا ۖ إِنِّى بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌۭ ﴿١١﴾

«Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін шығыршықтарын мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін»,- дедік

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَلِسُلَيْمَٰنَ ٱلرِّيحَ غُدُوُّهَا شَهْرٌۭ وَرَوَاحُهَا شَهْرٌۭ ۖ وَأَسَلْنَا لَهُۥ عَيْنَ ٱلْقِطْرِ ۖ وَمِنَ ٱلْجِنِّ مَن يَعْمَلُ بَيْنَ يَدَيْهِ بِإِذْنِ رَبِّهِۦ ۖ وَمَن يَزِغْ مِنْهُمْ عَنْ أَمْرِنَا نُذِقْهُ مِنْ عَذَابِ ٱلسَّعِيرِ ﴿١٢﴾

Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді бағындырдық . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир (жалындаған от) азабын таттырамыз

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

يَعْمَلُونَ لَهُۥ مَا يَشَآءُ مِن مَّحَٰرِيبَ وَتَمَٰثِيلَ وَجِفَانٍۢ كَٱلْجَوَابِ وَقُدُورٍۢ رَّاسِيَٰتٍ ۚ ٱعْمَلُوٓا۟ ءَالَ دَاوُۥدَ شُكْرًۭا ۚ وَقَلِيلٌۭ مِّنْ عِبَادِىَ ٱلشَّكُورُ ﴿١٣﴾

Олар оған, ол қалаған құрылыстарды сарайлар мен мешіттерді, кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. Оларға!: «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру үшін амал істеңдер»,- дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَلَمَّا قَضَيْنَا عَلَيْهِ ٱلْمَوْتَ مَا دَلَّهُمْ عَلَىٰ مَوْتِهِۦٓ إِلَّا دَآبَّةُ ٱلْأَرْضِ تَأْكُلُ مِنسَأَتَهُۥ ۖ فَلَمَّا خَرَّ تَبَيَّنَتِ ٱلْجِنُّ أَن لَّوْ كَانُوا۟ يَعْلَمُونَ ٱلْغَيْبَ مَا لَبِثُوا۟ فِى ٱلْعَذَابِ ٱلْمُهِينِ ﴿١٤﴾

Біз оған Сүлейменге өлімді үкім еткен кезімізде, Оларға оның қайтыс болғанын таяғын жеген жәндіктен құрттан басқа ешнәрсе хабар бермеді. Ол құлаған кезде, жындар егер өздері құпияны ғайыпты білгендерінде, онда мұндай қорлаушы азапта қалмаған боларын түсінді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

لَقَدْ كَانَ لِسَبَإٍۢ فِى مَسْكَنِهِمْ ءَايَةٌۭ ۖ جَنَّتَانِ عَن يَمِينٍۢ وَشِمَالٍۢ ۖ كُلُوا۟ مِن رِّزْقِ رَبِّكُمْ وَٱشْكُرُوا۟ لَهُۥ ۚ بَلْدَةٌۭ طَيِّبَةٌۭ وَرَبٌّ غَفُورٌۭ ﴿١٥﴾

Сәбалықтар үшін олардың тұратын жерлерінде белгі нышан оң жақ және сол жақтарында орналасқан екі бағы бар еді. Оларға : «Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер . Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», делінген еді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَأَعْرَضُوا۟ فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ سَيْلَ ٱلْعَرِمِ وَبَدَّلْنَٰهُم بِجَنَّتَيْهِمْ جَنَّتَيْنِ ذَوَاتَىْ أُكُلٍ خَمْطٍۢ وَأَثْلٍۢ وَشَىْءٍۢ مِّن سِدْرٍۢ قَلِيلٍۢ ﴿١٦﴾

Алайда олар шүкірсіздік етіп, құлшылықтан теріс бұрылды. Сонда Біз оларға тасқын суды жібердік әрі олардың бақтарын жыңғылды әрі аз ғана сидры тікенекті ағашы бар екі бақпен алмастырдық

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

ذَٰلِكَ جَزَيْنَٰهُم بِمَا كَفَرُوا۟ ۖ وَهَلْ نُجَٰزِىٓ إِلَّا ٱلْكَفُورَ ﴿١٧﴾

Біз оларды күпірлік еткендіктері Аллаһтың игіліктерін мойындамағандары үшін осылай жазаладық. Біз күпірлік етушілерден басқаны жазалаймыз ба

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَجَعَلْنَا بَيْنَهُمْ وَبَيْنَ ٱلْقُرَى ٱلَّتِى بَٰرَكْنَا فِيهَا قُرًۭى ظَٰهِرَةًۭ وَقَدَّرْنَا فِيهَا ٱلسَّيْرَ ۖ سِيرُوا۟ فِيهَا لَيَالِىَ وَأَيَّامًا ءَامِنِينَ ﴿١٨﴾

Біз олармен Өзіміз берекелі еткен кенттердің арасында жолай көзге түсетін елді мекендер жасадық және олардың арасын өлшеулі еттік. Оларға : «Онда түндерде де, күндіз де қауіпсіз жүріңдер», дедік

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَقَالُوا۟ رَبَّنَا بَٰعِدْ بَيْنَ أَسْفَارِنَا وَظَلَمُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ فَجَعَلْنَٰهُمْ أَحَادِيثَ وَمَزَّقْنَٰهُمْ كُلَّ مُمَزَّقٍ ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَءَايَٰتٍۢ لِّكُلِّ صَبَّارٍۢ شَكُورٍۢ ﴿١٩﴾

Сонда олар: «Раббымыз! Сапарларымыз арасын ұзақ ет», деді. Сөйтіп өздеріне-өздері әділетсіздік істеді. Сонда Біз оларды ел аузында қалған аңыз-әңгімеге айналдырдық және оларды бөліп, ыдыратып тастадық. Ақиқатында Мұнда әрбір әрдайым сабыр, көп шүкір етушілер Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушілер үшін белгі-ғибраттар бар

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَلَقَدْ صَدَّقَ عَلَيْهِمْ إِبْلِيسُ ظَنَّهُۥ فَٱتَّبَعُوهُ إِلَّا فَرِيقًۭا مِّنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ ﴿٢٠﴾

Сөйтіп, Ібілістің оларға қатысты болжамы шынға айналып, олардың бір топ имандыларынан мүміндерінен басқасы оған ерді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَا كَانَ لَهُۥ عَلَيْهِم مِّن سُلْطَٰنٍ إِلَّا لِنَعْلَمَ مَن يُؤْمِنُ بِٱلْءَاخِرَةِ مِمَّنْ هُوَ مِنْهَا فِى شَكٍّۢ ۗ وَرَبُّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ حَفِيظٌۭ ﴿٢١﴾

Негізінде оның Ібілістің оларға ешқандай билігі жоқ еді. Бірақ, бұл соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенетіндерді, оған күмәнда болғандардан айырып анықтауымыз үшін. Раббың әрбір нәрсені Сақтаушы

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُلِ ٱدْعُوا۟ ٱلَّذِينَ زَعَمْتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ ۖ لَا يَمْلِكُونَ مِثْقَالَ ذَرَّةٍۢ فِى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِى ٱلْأَرْضِ وَمَا لَهُمْ فِيهِمَا مِن شِرْكٍۢ وَمَا لَهُۥ مِنْهُم مِّن ظَهِيرٍۢ ﴿٢٢﴾

Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһпен қатар құдай деп есептегендеріңді шақырыңдар», деп. Олар аспандар мен жерде заттың ең кішкене бөлшегіңдей нәрсеге де не емес және олардың осы екеуіндегі аспандар мен жердегі ешбір нәрсеге үлесі жоқ. Әрі олардың ішінен Оған көмек беруші де жоқ

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَلَا تَنفَعُ ٱلشَّفَٰعَةُ عِندَهُۥٓ إِلَّا لِمَنْ أَذِنَ لَهُۥ ۚ حَتَّىٰٓ إِذَا فُزِّعَ عَن قُلُوبِهِمْ قَالُوا۟ مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ ۖ قَالُوا۟ ٱلْحَقَّ ۖ وَهُوَ ٱلْعَلِىُّ ٱلْكَبِيرُ ﴿٢٣﴾

Әрі Оның алдында Өзі рұқсат бергеннен басқа ешкімге араша түсу шапағат пайда бермейді. Жүректерінен қорқыныш кетірілген кезде, шапағат етілгендер!ш: «Раббың не айтты?» дейді, олар періштелер : «Ақиқатты. Ол аса Жоғары, өте Үлкен », дейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

۞ قُلْ مَن يَرْزُقُكُم مِّنَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ۖ قُلِ ٱللَّهُ ۖ وَإِنَّآ أَوْ إِيَّاكُمْ لَعَلَىٰ هُدًى أَوْ فِى ضَلَٰلٍۢ مُّبِينٍۢ ﴿٢٤﴾

Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспандар мен жерден кім ризық береді?» деп. Айт: «Аллаһ»- деп, әрі: «Негізінде біз бен сендерден біріміз туралық үстіндеміз, ал біріміз анық адасудамыз», де

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُل لَّا تُسْـَٔلُونَ عَمَّآ أَجْرَمْنَا وَلَا نُسْـَٔلُ عَمَّا تَعْمَلُونَ ﴿٢٥﴾

Айт: «Сендер біздің қылмысымыз жайлы сұралмайсыңдар әрі біз де сендердің істегендерің жайлы сұралмаймыз»,- деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُلْ يَجْمَعُ بَيْنَنَا رَبُّنَا ثُمَّ يَفْتَحُ بَيْنَنَا بِٱلْحَقِّ وَهُوَ ٱلْفَتَّاحُ ٱلْعَلِيمُ ﴿٢٦﴾

Айт: «Раббымыз бізді Қайта тірілу күні бірге жинап, содан кейін арамызға ақиқат бойынша үкім етеді. Ол әділ үкім етуші, бәрін Білуші», деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُلْ أَرُونِىَ ٱلَّذِينَ أَلْحَقْتُم بِهِۦ شُرَكَآءَ ۖ كَلَّا ۚ بَلْ هُوَ ٱللَّهُ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ ﴿٢٧﴾

Айт: «Оған серік етіп қосқандарыңды маған көрсетіңдерші. Жоқ, мүмкін емес! Ол Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана», деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَآ أَرْسَلْنَٰكَ إِلَّا كَآفَّةًۭ لِّلنَّاسِ بَشِيرًۭا وَنَذِيرًۭا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ ﴿٢٨﴾

Біз сені бүкіл адамзатқа қуанышты хабар жеткізуші және ескертіп сақтандырушы етіп жібердік. Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلْوَعْدُ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ ﴿٢٩﴾

Олар: «Егер шын сөзді болсаңдар, бүл уәделерің қашан болады ?» дейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُل لَّكُم مِّيعَادُ يَوْمٍۢ لَّا تَسْتَـْٔخِرُونَ عَنْهُ سَاعَةًۭ وَلَا تَسْتَقْدِمُونَ ﴿٣٠﴾

Айт: «Сендерге Күннің Есеп күнінің уәдесі бар, сендер оны бір сәтке де кешіктіре не ілгерілете алмайсыңдар»,- деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَن نُّؤْمِنَ بِهَٰذَا ٱلْقُرْءَانِ وَلَا بِٱلَّذِى بَيْنَ يَدَيْهِ ۗ وَلَوْ تَرَىٰٓ إِذِ ٱلظَّٰلِمُونَ مَوْقُوفُونَ عِندَ رَبِّهِمْ يَرْجِعُ بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ ٱلْقَوْلَ يَقُولُ ٱلَّذِينَ ٱسْتُضْعِفُوا۟ لِلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوا۟ لَوْلَآ أَنتُمْ لَكُنَّا مُؤْمِنِينَ ﴿٣١﴾

Әрі сондай күпірлік етушілер Аллаһқа серік қосушылар : «Біз бұл Құранға да, оның алдындағы түскенге де сенбейміз», деді. Егер сен әділетсіздердің өздерінің Раббысы алдында тұрғызылып, бір-біріне сөз қайтарғанын көрсең еді. Әлсіз есептелгендері ерушілері өздерін жоғары санағандарға басшыларға : «Сендер болмағанда, біз иманға келер едік», дейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوا۟ لِلَّذِينَ ٱسْتُضْعِفُوٓا۟ أَنَحْنُ صَدَدْنَٰكُمْ عَنِ ٱلْهُدَىٰ بَعْدَ إِذْ جَآءَكُم ۖ بَلْ كُنتُم مُّجْرِمِينَ ﴿٣٢﴾

Өздерін жоғары санағандар әлсіз саналғандарға: «Біз сендерге тура жол келгеннен кейін өздеріңді одан тостық па? Жоқ! Сендер өздерің қылмыскер болдыңдар», -дейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَقَالَ ٱلَّذِينَ ٱسْتُضْعِفُوا۟ لِلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوا۟ بَلْ مَكْرُ ٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ إِذْ تَأْمُرُونَنَآ أَن نَّكْفُرَ بِٱللَّهِ وَنَجْعَلَ لَهُۥٓ أَندَادًۭا ۚ وَأَسَرُّوا۟ ٱلنَّدَامَةَ لَمَّا رَأَوُا۟ ٱلْعَذَابَ وَجَعَلْنَا ٱلْأَغْلَٰلَ فِىٓ أَعْنَاقِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ۚ هَلْ يُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ ﴿٣٣﴾

Сонда әлсіздері өздерін жоғары санағандарға: «Жоқ! Түнде де, күндіз де айла-шарғы қолданып, бізді Аллаһқа сенбеуге және Оған өзгелерді теңдес етуге бұйыратын едіндер»,- дейді. Олар азапты көргендерінде, өкініштерін іштеріне жасырды. Әрі Біз күпірлік етушілердің Аллаһқақарсы келушілердің мойындарына бұғаулар салдық. Оларға істегендерінен басқасына істемегендеріне қайтарым жаза беріле ме

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَآ أَرْسَلْنَا فِى قَرْيَةٍۢ مِّن نَّذِيرٍ إِلَّا قَالَ مُتْرَفُوهَآ إِنَّا بِمَآ أُرْسِلْتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ ﴿٣٤﴾

Біз қайсыбір елді мекенге ескертуші жіберсек, оның сән-салтанат, рахатқа шалқығандары дәулетке мастанғандары : «Біз сен­дер арқылы жіберілгенге сенбейміз», деді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَقَالُوا۟ نَحْنُ أَكْثَرُ أَمْوَٰلًۭا وَأَوْلَٰدًۭا وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ ﴿٣٥﴾

Әрі олар: «Біздің дүниелеріміз де, балаларымыз да көп, сондықтан біз азапқа тартылмаймыз», деді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُلْ إِنَّ رَبِّى يَبْسُطُ ٱلرِّزْقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقْدِرُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ ﴿٣٦﴾

Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында Раббым қалағанының ризығын кеңітіп, қалағанының ризығын шектеп қояды. Бірақ адамдардың көбі білмейді»,- деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَآ أَمْوَٰلُكُمْ وَلَآ أَوْلَٰدُكُم بِٱلَّتِى تُقَرِّبُكُمْ عِندَنَا زُلْفَىٰٓ إِلَّا مَنْ ءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحًۭا فَأُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ جَزَآءُ ٱلضِّعْفِ بِمَا عَمِلُوا۟ وَهُمْ فِى ٱلْغُرُفَٰتِ ءَامِنُونَ ﴿٣٧﴾

Сендердің дүниелерің де, балаларың да өздеріңді Бізге жақындатушы нәрсе бола алмайды. Тек кім иманға келген және ізгі амал істеген болса ғана, міне, соларға істеген амалдары үшін еселенген қайтарым сый бар әрі олар Жәннаттағы жоғарғы орындарда амандықта болады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَٱلَّذِينَ يَسْعَوْنَ فِىٓ ءَايَٰتِنَا مُعَٰجِزِينَ أُو۟لَٰٓئِكَ فِى ٱلْعَذَابِ مُحْضَرُونَ ﴿٣٨﴾

Ал, аят-белгілерімізді әлсірету үшін әрекет еткендер болса, азапқа тасталынады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُلْ إِنَّ رَبِّى يَبْسُطُ ٱلرِّزْقَ لِمَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦ وَيَقْدِرُ لَهُۥ ۚ وَمَآ أَنفَقْتُم مِّن شَىْءٍۢ فَهُوَ يُخْلِفُهُۥ ۖ وَهُوَ خَيْرُ ٱلرَّٰزِقِينَ ﴿٣٩﴾

Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында, Раббым құлдарының арасынан қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының ризығын шектеп қояды. Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның жұмсағандарыңның орнын қайта толтырады. Ол ризық берушілердің ең қайырлысы», деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ جَمِيعًۭا ثُمَّ يَقُولُ لِلْمَلَٰٓئِكَةِ أَهَٰٓؤُلَآءِ إِيَّاكُمْ كَانُوا۟ يَعْبُدُونَ ﴿٤٠﴾

Әрі сол қайта тірілу күні Ол Аллаһ олардың барлығын жинайды да кейін періштелерге: «Сендерге табынған мыналар ма?» дейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قَالُوا۟ سُبْحَٰنَكَ أَنتَ وَلِيُّنَا مِن دُونِهِم ۖ بَلْ كَانُوا۟ يَعْبُدُونَ ٱلْجِنَّ ۖ أَكْثَرُهُم بِهِم مُّؤْمِنُونَ ﴿٤١﴾

Періштелер : «Сен барлық кемшіліктен пәксің! Біздің қамқоршымыз олар емес, Сенсің. Негізінде, олар жындарға табынатын, олардың көбі соларға сенуші еді», дейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَٱلْيَوْمَ لَا يَمْلِكُ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍۢ نَّفْعًۭا وَلَا ضَرًّۭا وَنَقُولُ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ ذُوقُوا۟ عَذَابَ ٱلنَّارِ ٱلَّتِى كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ ﴿٤٢﴾

Ол күні сендер бір-бірлеріңе не пайда, не зиян келтіре алмайсыңдар. Біз әділетсіздерге: «Өздерің өтірік деп есептеген Оттың азабын татыңдар», дейміз

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتٍۢ قَالُوا۟ مَا هَٰذَآ إِلَّا رَجُلٌۭ يُرِيدُ أَن يَصُدَّكُمْ عَمَّا كَانَ يَعْبُدُ ءَابَآؤُكُمْ وَقَالُوا۟ مَا هَٰذَآ إِلَّآ إِفْكٌۭ مُّفْتَرًۭى ۚ وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِلْحَقِّ لَمَّا جَآءَهُمْ إِنْ هَٰذَآ إِلَّا سِحْرٌۭ مُّبِينٌۭ ﴿٤٣﴾

Ал оларға мүшріктерге анық аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Бұл адам сендерді аталарыңның табынғанынан тосуды қалайтын кісі ғана», деді. Әрі олар: «Бұл бар болғаны ойдан шығарылған өтірік», деді. Әрі, өздеріне ақиқат келген кезде, оған күпірлік еткендер сенбегендер : «Бұл анық сиқыр ғана», деді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَآ ءَاتَيْنَٰهُم مِّن كُتُبٍۢ يَدْرُسُونَهَا ۖ وَمَآ أَرْسَلْنَآ إِلَيْهِمْ قَبْلَكَ مِن نَّذِيرٍۢ ﴿٤٤﴾

Біз оларға араб мүшріктеріне өздері оқып-үйренетін кітаптар бермедік әрі оларға сенен бұрын ескертуші де жібермедік

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَكَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ وَمَا بَلَغُوا۟ مِعْشَارَ مَآ ءَاتَيْنَٰهُمْ فَكَذَّبُوا۟ رُسُلِى ۖ فَكَيْفَ كَانَ نَكِيرِ ﴿٤٥﴾

Олардан бұрын өткендер де елшілерді жалғанға шығарды. Бұлар Мекке мүшріктері оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Ал олар сонда да елшілерімді жалғанға шығарды. Сонда Менің қаһарым жазам қалай болды

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

۞ قُلْ إِنَّمَآ أَعِظُكُم بِوَٰحِدَةٍ ۖ أَن تَقُومُوا۟ لِلَّهِ مَثْنَىٰ وَفُرَٰدَىٰ ثُمَّ تَتَفَكَّرُوا۟ ۚ مَا بِصَاحِبِكُم مِّن جِنَّةٍ ۚ إِنْ هُوَ إِلَّا نَذِيرٌۭ لَّكُم بَيْنَ يَدَىْ عَذَابٍۢ شَدِيدٍۢ ﴿٤٦﴾

Ей, Мұхаммед! Айт: «Мен сендерге бір нәрсеге кеңес беремін. Аллаһтың алдында екі-екіден бірлесіп және бір-бірден жеке тұрып, содан кейін ойланыңдар. Сендердің жолдастарыңа жын тиген жоқ. Ол бар болғаны, келетін қатты азаптың алдында сендерге ескерту жасаушы ғана»,- деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُلْ مَا سَأَلْتُكُم مِّنْ أَجْرٍۢ فَهُوَ لَكُمْ ۖ إِنْ أَجْرِىَ إِلَّا عَلَى ٱللَّهِ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍۢ شَهِيدٌۭ ﴿٤٧﴾

Айт: «Мен сендерден бір ақы сұрамаймын, ол ақы өздеріңе. Менің сыйым тек Аллаһта. Ол барлық нәрсеге Куә»,- деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُلْ إِنَّ رَبِّى يَقْذِفُ بِٱلْحَقِّ عَلَّٰمُ ٱلْغُيُوبِ ﴿٤٨﴾

Айт: «Анығында, Раббым ақиқатты түсіреді. Ол жасырын нәрселерді ғайыптарды Білуші», де

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُلْ جَآءَ ٱلْحَقُّ وَمَا يُبْدِئُ ٱلْبَٰطِلُ وَمَا يُعِيدُ ﴿٤٩﴾

Айт: «Ақиқат келді, енді өтірік оны шығара алмайды және қайтара да алмайды»,- деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُلْ إِن ضَلَلْتُ فَإِنَّمَآ أَضِلُّ عَلَىٰ نَفْسِى ۖ وَإِنِ ٱهْتَدَيْتُ فَبِمَا يُوحِىٓ إِلَىَّ رَبِّىٓ ۚ إِنَّهُۥ سَمِيعٌۭ قَرِيبٌۭ ﴿٥٠﴾

Айт: «Егер мен адассам, оз зияныма ғана адасамын. Ал егер тура жолмен жүрсем, ол тек Раббымныңмаған уахи етуімен. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші, өте Жақын »,- деп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَلَوْ تَرَىٰٓ إِذْ فَزِعُوا۟ فَلَا فَوْتَ وَأُخِذُوا۟ مِن مَّكَانٍۢ قَرِيبٍۢ ﴿٥١﴾

Әрі сен олардың қатты үрейленіп, қашуға мүмкіндік болмай әрі жақын бір жерден ұсталғанын көрсең

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَقَالُوٓا۟ ءَامَنَّا بِهِۦ وَأَنَّىٰ لَهُمُ ٱلتَّنَاوُشُ مِن مَّكَانٍۭ بَعِيدٍۢ ﴿٥٢﴾

Сонда олар: «Оған сендік», дейді. Алайда, енді алыс орыннан олар қайдан жетсін

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَقَدْ كَفَرُوا۟ بِهِۦ مِن قَبْلُ ۖ وَيَقْذِفُونَ بِٱلْغَيْبِ مِن مَّكَانٍۭ بَعِيدٍۢ ﴿٥٣﴾

Әрі олар оған бұрын күпірлік еткен сенбеген еді және ақиқаттан алыс тұрып құпия жайлы жорамалдап, айыптады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَحِيلَ بَيْنَهُمْ وَبَيْنَ مَا يَشْتَهُونَ كَمَا فُعِلَ بِأَشْيَاعِهِم مِّن قَبْلُ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ فِى شَكٍّۢ مُّرِيبٍۭ ﴿٥٤﴾

Олар мен олардың қалаған нәрселерінің иманға, тәубеге келудің арасына бөгет қойылады. Дәл өздері секілділерге бұрын жасалғаны сияқты. Негізінде, олар шиеленген күмәнда еді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

Saba 54 аяттың 1-аяты

Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.

Saba сүресі туралы

Saba сүресі (سبإ) Құранның 34-сүресі. Онда 54 аят бар және ол Juz 22 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.

Оның аты, سبإ, сүренің арабша аталуы.

Saba сүресі туралы сұрақтар

Saba сүресінде қанша аят бар?

Saba сүресінде 54 аят бар.

Saba сүресі Мекке ме, әлде Мәдина ма?

Ол Мекке сүресі болып саналады.

Saba сүресі қай Juz ішінде?

Saba сүресі Juz 22 ішінде.

Saba сүресін қайдан тыңдай аламын?

Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.

This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources