وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِفَتَىٰهُ لَآ أَبْرَحُ حَتَّىٰٓ أَبْلُغَ مَجْمَعَ ٱلْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِىَ حُقُبًۭا ﴿٦٠﴾
Міне, кезінде Мұса жанындағы жігітке: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын, тіпті жүріспен жылдар өткізсем де», деді
فَلَمَّا بَلَغَا مَجْمَعَ بَيْنِهِمَا نَسِيَا حُوتَهُمَا فَٱتَّخَذَ سَبِيلَهُۥ فِى ٱلْبَحْرِ سَرَبًۭا ﴿٦١﴾
Ал екеуінің қосылған жеріне жеткен кезде, олар балықтарын ұмытып кетті. Сонда ол балық із салып теңізге жол алды
فَلَمَّا جَاوَزَا قَالَ لِفَتَىٰهُ ءَاتِنَا غَدَآءَنَا لَقَدْ لَقِينَا مِن سَفَرِنَا هَٰذَا نَصَبًۭا ﴿٦٢﴾
Екеуі ілгері кеткен кезде, ол жанындағы жігітке: «Түскі тамағымызды әкел, бұл сапарымызда шаршадық», деді
قَالَ أَرَءَيْتَ إِذْ أَوَيْنَآ إِلَى ٱلصَّخْرَةِ فَإِنِّى نَسِيتُ ٱلْحُوتَ وَمَآ أَنسَىٰنِيهُ إِلَّا ٱلشَّيْطَٰنُ أَنْ أَذْكُرَهُۥ ۚ وَٱتَّخَذَ سَبِيلَهُۥ فِى ٱلْبَحْرِ عَجَبًۭا ﴿٦٣﴾
Ол: «Жартасты паналаған кезіміз есіңде ме? Мен сонда балықты ұмыттым. Оны еске түсіруді шайтан ғана ұмыттырды. Ал ол балық болса, теңізге таңғажайып түрде жол алды», деді
قَالَ ذَٰلِكَ مَا كُنَّا نَبْغِ ۚ فَٱرْتَدَّا عَلَىٰٓ ءَاثَارِهِمَا قَصَصًۭا ﴿٦٤﴾
Мұса : «Біздің қалағанымыз осы», деп, екеуі ізінше кері қайтты
فَوَجَدَا عَبْدًۭا مِّنْ عِبَادِنَآ ءَاتَيْنَٰهُ رَحْمَةًۭ مِّنْ عِندِنَا وَعَلَّمْنَٰهُ مِن لَّدُنَّا عِلْمًۭا ﴿٦٥﴾
Сонда екеуі, Біз оған Өзімізден мейірім берген және Өзімізден білім үйреткен құлдарымыздың бірін тапты
قَالَ لَهُۥ مُوسَىٰ هَلْ أَتَّبِعُكَ عَلَىٰٓ أَن تُعَلِّمَنِ مِمَّا عُلِّمْتَ رُشْدًۭا ﴿٦٦﴾
Мұса оған: «Саған үйретілген тура нәрселерден пайдалы білімнен маған да үйретуің үшін саған еріп жүрсем бола ма?» деді
قَالَ إِنَّكَ لَن تَسْتَطِيعَ مَعِىَ صَبْرًۭا ﴿٦٧﴾
Хидр : «Сен менімен бірге жүруге сабырлылық көрсете алмайсың
وَكَيْفَ تَصْبِرُ عَلَىٰ مَا لَمْ تُحِطْ بِهِۦ خُبْرًۭا ﴿٦٨﴾
Білімің қамтымаған нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» деді
قَالَ سَتَجِدُنِىٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ صَابِرًۭا وَلَآ أَعْصِى لَكَ أَمْرًۭا ﴿٦٩﴾
Мұса : «Егер Аллаһ қаласа, мені сабырлы табасың. Әрі мен саған ешбір істе қарсы келмеймін», деді
قَالَ فَإِنِ ٱتَّبَعْتَنِى فَلَا تَسْـَٔلْنِى عَن شَىْءٍ حَتَّىٰٓ أُحْدِثَ لَكَ مِنْهُ ذِكْرًۭا ﴿٧٠﴾
Хидр : «Егер маған еріп жүретін болсаң, өзім саған айтып бергеніме дейін, менен еш нәрсе сұрама»,- деді
فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَا رَكِبَا فِى ٱلسَّفِينَةِ خَرَقَهَا ۖ قَالَ أَخَرَقْتَهَا لِتُغْرِقَ أَهْلَهَا لَقَدْ جِئْتَ شَيْـًٔا إِمْرًۭا ﴿٧١﴾
Сөйтіп, екеуі жолға шықты. Бір кемеге мінгендерінде, ол Хидр оны тесті. Мұса : «Сен оның ішіндегілерді суға батыру үшін тестің бе? Негізінде сен айыпталған іс жасадың», деді
قَالَ أَلَمْ أَقُلْ إِنَّكَ لَن تَسْتَطِيعَ مَعِىَ صَبْرًۭا ﴿٧٢﴾
Ол: «Сен менімен бірге сабырлық ете алмайсың деп айтпадым ба?» деді
قَالَ لَا تُؤَاخِذْنِى بِمَا نَسِيتُ وَلَا تُرْهِقْنِى مِنْ أَمْرِى عُسْرًۭا ﴿٧٣﴾
Мұса : «Ұмытқаным үшін мені айыптама. Әрі маған бұл ісімде қиындық тудырма»,- деді
فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَا لَقِيَا غُلَٰمًۭا فَقَتَلَهُۥ قَالَ أَقَتَلْتَ نَفْسًۭا زَكِيَّةًۢ بِغَيْرِ نَفْسٍۢ لَّقَدْ جِئْتَ شَيْـًۭٔا نُّكْرًۭا ﴿٧٤﴾
Сөйтіп олар жолға шықты. Олар бір баланы кездестірген кезде, ол Хидр оны өлтіріп тастады. Мұса : «Сен бір таза жанды кек қайтару үшін болмаса да өлтірдің бе? Негізінде сен өте теріс іс жасадың»,- деді
۞ قَالَ أَلَمْ أَقُل لَّكَ إِنَّكَ لَن تَسْتَطِيعَ مَعِىَ صَبْرًۭا ﴿٧٥﴾
Хидр : «Мен саған менімен бірге болуға сабыр ете алмайсың деп айтпадым ба?»- деді
قَالَ إِن سَأَلْتُكَ عَن شَىْءٍۭ بَعْدَهَا فَلَا تُصَٰحِبْنِى ۖ قَدْ بَلَغْتَ مِن لَّدُنِّى عُذْرًۭا ﴿٧٦﴾
Мұса : «Егер бұдан кейін сенен бір нәрсе сұрасам, мені өзіңе серік етпей-ақ қой. Менің алдын сұраған кешірімімді қабыл еткен едің»
فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَآ أَتَيَآ أَهْلَ قَرْيَةٍ ٱسْتَطْعَمَآ أَهْلَهَا فَأَبَوْا۟ أَن يُضَيِّفُوهُمَا فَوَجَدَا فِيهَا جِدَارًۭا يُرِيدُ أَن يَنقَضَّ فَأَقَامَهُۥ ۖ قَالَ لَوْ شِئْتَ لَتَّخَذْتَ عَلَيْهِ أَجْرًۭا ﴿٧٧﴾
Сөйтіп олар жолға шықты. Бір ауылдың тұрғындарына келген кезде, олардан тамақ сұрады. Ал, олар, екеуін қонақ етуден бас тартты. Екеуі сол жердегі құлағалы тұрған бір дуалды көрді. Сонда ол Хидр оны тұрғызып қойды. Мұса : «Егер қаласаң, бұл үшін ақы алар едің»,- деді
قَالَ هَٰذَا فِرَاقُ بَيْنِى وَبَيْنِكَ ۚ سَأُنَبِّئُكَ بِتَأْوِيلِ مَا لَمْ تَسْتَطِع عَّلَيْهِ صَبْرًا ﴿٧٨﴾
Хидр : «Міне, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы осы. Енді саған өзің сабыр ете алмаған жайттардың мән-жайынан хабар берейін
أَمَّا ٱلسَّفِينَةُ فَكَانَتْ لِمَسَٰكِينَ يَعْمَلُونَ فِى ٱلْبَحْرِ فَأَرَدتُّ أَنْ أَعِيبَهَا وَكَانَ وَرَآءَهُم مَّلِكٌۭ يَأْخُذُ كُلَّ سَفِينَةٍ غَصْبًۭا ﴿٧٩﴾
Кемеге қатысты, ол теңізде кәсіп ететін кедейлердікі еді. Мен оған бір нұқсан келтіргім келді, өйткені, олардың алдында әрбір жарамды кемені тартып алушы бір патша бар еді
وَأَمَّا ٱلْغُلَٰمُ فَكَانَ أَبَوَاهُ مُؤْمِنَيْنِ فَخَشِينَآ أَن يُرْهِقَهُمَا طُغْيَٰنًۭا وَكُفْرًۭا ﴿٨٠﴾
Ал балаға келсек, оның ата-анасы иманды адамдар еді. Біз оның ол екеуін ата-анасын шектен шығуға және күпірлікке Аллаһқа қарсы келуге! итермелеуін Аллаһтың білдіруімен біліп, қауіп еттік»
فَأَرَدْنَآ أَن يُبْدِلَهُمَا رَبُّهُمَا خَيْرًۭا مِّنْهُ زَكَوٰةًۭ وَأَقْرَبَ رُحْمًۭا ﴿٨١﴾
Сондықтан Раббысы оларға, оны тазалықта одан жақсы және мейірімділікте одан жақынмен перзентпен ауыстыруын қаладық
وَأَمَّا ٱلْجِدَارُ فَكَانَ لِغُلَٰمَيْنِ يَتِيمَيْنِ فِى ٱلْمَدِينَةِ وَكَانَ تَحْتَهُۥ كَنزٌۭ لَّهُمَا وَكَانَ أَبُوهُمَا صَٰلِحًۭا فَأَرَادَ رَبُّكَ أَن يَبْلُغَآ أَشُدَّهُمَا وَيَسْتَخْرِجَا كَنزَهُمَا رَحْمَةًۭ مِّن رَّبِّكَ ۚ وَمَا فَعَلْتُهُۥ عَنْ أَمْرِى ۚ ذَٰلِكَ تَأْوِيلُ مَا لَمْ تَسْطِع عَّلَيْهِ صَبْرًۭا ﴿٨٢﴾
Ал, дуал болса сол қаладағы екі жетім баланікі еді. Оның астында оларға тиісті қазына бар. Олардың әкесі ізгі кісі еді, сөйтіп Раббың, ол екеуінің ержетіп, Раббыңның мейірімімен қазыналарын шығарып алуын қалады. Мен мұны өз шешіміммен өздігімнен істеген жоқпын. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істердің мән-жайы»