Адал өлшем
Шұғайып халқына тек Аллаға құлшылық етуді, толық өлшеп-таразылауды, адамдарды заттарынан алдамауды және жерде бүлік таратпауды айтады. Ол оларға олар аз болғанын және Алла оларды көбейткенін еске салады.
Аяттарды көрсету (6)
وَإِلَىٰ مَدْيَنَ أَخَاهُمْ شُعَيْبًۭا ۗ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥ ۖ قَدْ جَآءَتْكُم بَيِّنَةٌۭ مِّن رَّبِّكُمْ ۖ فَأَوْفُوا۟ ٱلْكَيْلَ وَٱلْمِيزَانَ وَلَا تَبْخَسُوا۟ ٱلنَّاسَ أَشْيَآءَهُمْ وَلَا تُفْسِدُوا۟ فِى ٱلْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَٰحِهَا ۚ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌۭ لَّكُمْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ ﴿٨٥﴾
Сондай-ақ Мәдиян еліне бауырлары Шұғайыпты жібердік . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық бір дәлел келді. Өлшеуді және таразыда туралықты ұстаңдар әрі адамдардың заттарын кемітпеңдер. Жер беті түзетілгеннен кейін онда бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар. Егер иманды болсаңдар, осылай етулерің өздерің үшін қайырлы
وَلَا تَقْعُدُوا۟ بِكُلِّ صِرَٰطٍۢ تُوعِدُونَ وَتَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ مَنْ ءَامَنَ بِهِۦ وَتَبْغُونَهَا عِوَجًۭا ۚ وَٱذْكُرُوٓا۟ إِذْ كُنتُمْ قَلِيلًۭا فَكَثَّرَكُمْ ۖ وَٱنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلْمُفْسِدِينَ ﴿٨٦﴾
Әрі адамдарды қорқыту үшін әрбір жолда отырмаңдар. Сондай-ақ Аллам жолын қисайтуды қалап, одан иманға келгендерді қайтармаңдар. Өздерің аз болған кезде Ол сендерді көбейткенін естеріңе алыңдар. Бұзушы-бүлдірушілердің соңының немен біткеніне назар салыңдар
وَإِن كَانَ طَآئِفَةٌۭ مِّنكُمْ ءَامَنُوا۟ بِٱلَّذِىٓ أُرْسِلْتُ بِهِۦ وَطَآئِفَةٌۭ لَّمْ يُؤْمِنُوا۟ فَٱصْبِرُوا۟ حَتَّىٰ يَحْكُمَ ٱللَّهُ بَيْنَنَا ۚ وَهُوَ خَيْرُ ٱلْحَٰكِمِينَ ﴿٨٧﴾
Әрі сендерден бір топ мен арқылы жіберілгенге сеніп, ал бір тобы сенбесе, Аллаһ арамызға үкім шығарғанға дейін сабыр етіңдер. Ол үкім шығарушылардың ең қайырлысы», деді
۞ وَإِلَىٰ مَدْيَنَ أَخَاهُمْ شُعَيْبًۭا ۚ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥ ۖ وَلَا تَنقُصُوا۟ ٱلْمِكْيَالَ وَٱلْمِيزَانَ ۚ إِنِّىٓ أَرَىٰكُم بِخَيْرٍۢ وَإِنِّىٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍۢ مُّحِيطٍۢ ﴿٨٤﴾
Мәдиян еліне, ағайындары Шұғайыпты жібердік . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Өлшеуді және таразығатартуды кемітпеңдер. Мен сендердің жағдайларыңның жақсы екенін көрудемін. Бірақ, мен сендерді орап алушы Күннің Қияметтің азабы тұтуынан қорқамын
وَيَٰقَوْمِ أَوْفُوا۟ ٱلْمِكْيَالَ وَٱلْمِيزَانَ بِٱلْقِسْطِ ۖ وَلَا تَبْخَسُوا۟ ٱلنَّاسَ أَشْيَآءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا۟ فِى ٱلْأَرْضِ مُفْسِدِينَ ﴿٨٥﴾
Әй, елім! Өлшеуді және таразыға тартуды әділдікпен, толық орындаңдар және адамдардың заттарын өлшеуде кемітпеңдер! Әрі жер бетінде бұзушылық жасап бүлдірмеңдер
بَقِيَّتُ ٱللَّهِ خَيْرٌۭ لَّكُمْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ ۚ وَمَآ أَنَا۠ عَلَيْكُم بِحَفِيظٍۢ ﴿٨٦﴾
Егер иманды болсаңдар, Аллаһтың сендерге қалдырғаны өздерің үшін қайырлы. Ал, мен сендерді күзетуші емеспін», деді