ٱقْتَرَبَتِ ٱلسَّاعَةُ وَٱنشَقَّ ٱلْقَمَرُ ﴿١﴾
Сағат Қайта тірілу күні жақындады және ай бөлінді
Құранның 54-сүресі
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱقْتَرَبَتِ ٱلسَّاعَةُ وَٱنشَقَّ ٱلْقَمَرُ ﴿١﴾
Сағат Қайта тірілу күні жақындады және ай бөлінді
وَإِن يَرَوْا۟ ءَايَةًۭ يُعْرِضُوا۟ وَيَقُولُوا۟ سِحْرٌۭ مُّسْتَمِرٌّۭ ﴿٢﴾
Егер олар Аллаһтың бір белгісін көрсе де, теріс бұрылады да: «Күшті сиқыр», дейді
وَكَذَّبُوا۟ وَٱتَّبَعُوٓا۟ أَهْوَآءَهُمْ ۚ وَكُلُّ أَمْرٍۢ مُّسْتَقِرٌّۭ ﴿٣﴾
Әрі олар өтірікке шығарды және көңіл құмарлықтарына ерді. Әрбір істің өз орны уақыты бар
وَلَقَدْ جَآءَهُم مِّنَ ٱلْأَنۢبَآءِ مَا فِيهِ مُزْدَجَرٌ ﴿٤﴾
Ақиқатында, оларға тыйымдарды ескертулерді қамтыған хабарлар келді
حِكْمَةٌۢ بَٰلِغَةٌۭ ۖ فَمَا تُغْنِ ٱلنُّذُرُ ﴿٥﴾
Кемел, даналыққа толы хабарлар . Бірақ ескерту имансызға не пайда бермек
فَتَوَلَّ عَنْهُمْ ۘ يَوْمَ يَدْعُ ٱلدَّاعِ إِلَىٰ شَىْءٍۢ نُّكُرٍ ﴿٦﴾
Ей, Мұхаммед! Енді олардан теріс бұрыл. Шақырушы сүр үрлеуші қиын бір нәрсеге шақырған күні
خُشَّعًا أَبْصَٰرُهُمْ يَخْرُجُونَ مِنَ ٱلْأَجْدَاثِ كَأَنَّهُمْ جَرَادٌۭ مُّنتَشِرٌۭ ﴿٧﴾
олардың көздері қорлана жасыған күйде, бытырап жайылған шегірткелер секілді қабірлерден шығады
مُّهْطِعِينَ إِلَى ٱلدَّاعِ ۖ يَقُولُ ٱلْكَٰفِرُونَ هَٰذَا يَوْمٌ عَسِرٌۭ ﴿٨﴾
шақырушыға қарай асыққан күйлерінде. кәпірлер: «Бұл ауыр күн!» дейді
۞ كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحٍۢ فَكَذَّبُوا۟ عَبْدَنَا وَقَالُوا۟ مَجْنُونٌۭ وَٱزْدُجِرَ ﴿٩﴾
Олардан бұрын Нұхтың елі де өтірікке шығарған еді. Сөйтіп олар құлымызды Нұхты жалғаншыға шығарды және: «Жын қаққан», деп жәбірлеп, тыйым салды
فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنِّى مَغْلُوبٌۭ فَٱنتَصِرْ ﴿١٠﴾
Сонда ол Раббысына: «Мен жеңілдім, маған көмек бер!» деп дұға қылды
فَفَتَحْنَآ أَبْوَٰبَ ٱلسَّمَآءِ بِمَآءٍۢ مُّنْهَمِرٍۢ ﴿١١﴾
Біз аспан қақпаларын құйылған сумен аштық
وَفَجَّرْنَا ٱلْأَرْضَ عُيُونًۭا فَٱلْتَقَى ٱلْمَآءُ عَلَىٰٓ أَمْرٍۢ قَدْ قُدِرَ ﴿١٢﴾
және жерді жарып, бұлақтарды шығардық. Солай етіп сулар белгіленген іс үшін қосылды
وَحَمَلْنَٰهُ عَلَىٰ ذَاتِ أَلْوَٰحٍۢ وَدُسُرٍۢ ﴿١٣﴾
Сонда оны тақтайлар мен дусурдан құралғанға кемеге мінгіздік
تَجْرِى بِأَعْيُنِنَا جَزَآءًۭ لِّمَن كَانَ كُفِرَ ﴿١٤﴾
Ол кеме Біздің көз алдымызда жүзеді, елі күпірлік еткенге теріске шығарғанға қайтарым сый ретінде
وَلَقَد تَّرَكْنَٰهَآ ءَايَةًۭ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍۢ ﴿١٥﴾
Біз оны белгі-ғибрат етіп қалдырдық. Енді еске алушы бар ма
فَكَيْفَ كَانَ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿١٦﴾
Менің азабым әрі ескертуім қалай болды
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍۢ ﴿١٧﴾
Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
كَذَّبَتْ عَادٌۭ فَكَيْفَ كَانَ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿١٨﴾
Ад елі елшілерді өтірікші санады. Сонда Менің азабым мен ескертуім қалай болды
إِنَّآ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِيحًۭا صَرْصَرًۭا فِى يَوْمِ نَحْسٍۢ مُّسْتَمِرٍّۢ ﴿١٩﴾
Біз оларға жамандығы жалғасқан күні суық жел жібердік
تَنزِعُ ٱلنَّاسَ كَأَنَّهُمْ أَعْجَازُ نَخْلٍۢ مُّنقَعِرٍۢ ﴿٢٠﴾
Ол адамдарды опырылған құрма ағаштарындай жұлып әкетеді
فَكَيْفَ كَانَ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿٢١﴾
Менің азабым мен ескертуім қалай болды
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍۢ ﴿٢٢﴾
Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
كَذَّبَتْ ثَمُودُ بِٱلنُّذُرِ ﴿٢٣﴾
Сәмұд елі ескертуді өтірік санады
فَقَالُوٓا۟ أَبَشَرًۭا مِّنَّا وَٰحِدًۭا نَّتَّبِعُهُۥٓ إِنَّآ إِذًۭا لَّفِى ضَلَٰلٍۢ وَسُعُرٍ ﴿٢٤﴾
Олар: «Біз өз арамыздағы бір адамға ереміз бе? Онда біз әлбетте адасуда және ессіздікте боламыз
أَءُلْقِىَ ٱلذِّكْرُ عَلَيْهِ مِنۢ بَيْنِنَا بَلْ هُوَ كَذَّابٌ أَشِرٌۭ ﴿٢٥﴾
Ескерту уахи біздің арамыздан тек соған ғана түсірілді ме? Негізінде, ол менменсінген өтірікші», деді
سَيَعْلَمُونَ غَدًۭا مَّنِ ٱلْكَذَّابُ ٱلْأَشِرُ ﴿٢٦﴾
Олар ертең-ақ шектен шыққан өтірікшінің кім екенін біледі
إِنَّا مُرْسِلُوا۟ ٱلنَّاقَةِ فِتْنَةًۭ لَّهُمْ فَٱرْتَقِبْهُمْ وَٱصْطَبِرْ ﴿٢٧﴾
«Біз оларға сынақ ретінде түйені жібереміз. Сен оларды байқа да не істейтіндерін күтіп сабыр ет
وَنَبِّئْهُمْ أَنَّ ٱلْمَآءَ قِسْمَةٌۢ بَيْنَهُمْ ۖ كُلُّ شِرْبٍۢ مُّحْتَضَرٌۭ ﴿٢٨﴾
Оларға судың араларында бөлінгенін хабарла. Әркімге су алу кезегі белгіленген»
فَنَادَوْا۟ صَاحِبَهُمْ فَتَعَاطَىٰ فَعَقَرَ ﴿٢٩﴾
Сонда олар серіктерін шақырып, ол оны түйені ұстап тірсегін қиды, сойып өлтірді
فَكَيْفَ كَانَ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿٣٠﴾
Сонда Менің азабым әрі ескертуім қалай болды
إِنَّآ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ صَيْحَةًۭ وَٰحِدَةًۭ فَكَانُوا۟ كَهَشِيمِ ٱلْمُحْتَظِرِ ﴿٣١﴾
Біз оларға бір ғана сайха жібердік те, олар қора салушының кепкен қоқым шөбі секілді жапырылып қалды
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍۢ ﴿٣٢﴾
Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
كَذَّبَتْ قَوْمُ لُوطٍۭ بِٱلنُّذُرِ ﴿٣٣﴾
Лұттың елі насихат, ескертуді өтірік санады
إِنَّآ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ حَاصِبًا إِلَّآ ءَالَ لُوطٍۢ ۖ نَّجَّيْنَٰهُم بِسَحَرٍۢ ﴿٣٤﴾
Біз оларға, тас жаудырған қатты жел жібердік. Тек Лұттың үй-ішінен басқасына. Ал, оларды сахарда таң алдында құтқардық
نِّعْمَةًۭ مِّنْ عِندِنَا ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِى مَن شَكَرَ ﴿٣٥﴾
Бізден болған игілікпен. Біз игіліктерімізге алғыс білдіргеннің шүкір еткеннің қайтарым сыйын осылай береміз
وَلَقَدْ أَنذَرَهُم بَطْشَتَنَا فَتَمَارَوْا۟ بِٱلنُّذُرِ ﴿٣٦﴾
Ол Лұт оларға Біздің ұстауымызды азапқа тартуымызды ескерткен еді, бірақ олар ескертуден күмәнданды
وَلَقَدْ رَٰوَدُوهُ عَن ضَيْفِهِۦ فَطَمَسْنَآ أَعْيُنَهُمْ فَذُوقُوا۟ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿٣٧﴾
Олар одан қонақтарын беруді талап етті, сонда Біз олардың көздерін тегіс еттік. Енді Менің азабым мен ескертуімді татыңдар
وَلَقَدْ صَبَّحَهُم بُكْرَةً عَذَابٌۭ مُّسْتَقِرٌّۭ ﴿٣٨﴾
Оларға ерте таңда бекітілген азап келді
فَذُوقُوا۟ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿٣٩﴾
Оларға: «Енді Менің азабым мен ескерткенімді көріңдер!» делінді
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍۢ ﴿٤٠﴾
Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
وَلَقَدْ جَآءَ ءَالَ فِرْعَوْنَ ٱلنُّذُرُ ﴿٤١﴾
Әрі фиръаундықтарға да ескерту келген еді
كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا كُلِّهَا فَأَخَذْنَٰهُمْ أَخْذَ عَزِيزٍۢ مُّقْتَدِرٍ ﴿٤٢﴾
Олар Біздің белгілеріміздің барлығын өтірік санады. Сонда Біз оларды бәрінен Үстем, бәріне Күші жетушінің ұстауымен ұстадық
أَكُفَّارُكُمْ خَيْرٌۭ مِّنْ أُو۟لَٰٓئِكُمْ أَمْ لَكُم بَرَآءَةٌۭ فِى ٱلزُّبُرِ ﴿٤٣﴾
Сендердің кәпірлерің солардан артық па? әлде сендер үшін кітаптарда кепілдік бар ма
أَمْ يَقُولُونَ نَحْنُ جَمِيعٌۭ مُّنتَصِرٌۭ ﴿٤٤﴾
Әлде олар: «Біз үстем бір топпыз», дей ме
سَيُهْزَمُ ٱلْجَمْعُ وَيُوَلُّونَ ٱلدُّبُرَ ﴿٤٥﴾
Жақында бұл топ мүшріктер жеңіледі де арттарына бұрылып қашады
بَلِ ٱلسَّاعَةُ مَوْعِدُهُمْ وَٱلسَّاعَةُ أَدْهَىٰ وَأَمَرُّ ﴿٤٦﴾
Күмәнсіз, Сағат Қайта тірілу оларға белгіленген бір уәделі мерзім. Әрі ол Сағат өте ауыр, мүлдем ащы
إِنَّ ٱلْمُجْرِمِينَ فِى ضَلَٰلٍۢ وَسُعُرٍۢ ﴿٤٧﴾
Анығында, қылмыскерлер адасуда және ессіздікте
يَوْمَ يُسْحَبُونَ فِى ٱلنَّارِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمْ ذُوقُوا۟ مَسَّ سَقَرَ ﴿٤٨﴾
Сол күні олар Отқа беттерімен сүйретіледі. Оларға: «Сақардың ұстауын татыңдар!» делінеді
إِنَّا كُلَّ شَىْءٍ خَلَقْنَٰهُ بِقَدَرٍۢ ﴿٤٩﴾
Ақиқатында, Біз әрбір нәрсені алдын ала белгілегеніміз бойынша жараттық
وَمَآ أَمْرُنَآ إِلَّا وَٰحِدَةٌۭ كَلَمْحٍۭ بِٱلْبَصَرِ ﴿٥٠﴾
Біздің бұйрығымыз көздің бір нәрсеге түскен сәтіндей ғана
وَلَقَدْ أَهْلَكْنَآ أَشْيَاعَكُمْ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍۢ ﴿٥١﴾
Әрі Біз өздерің секілділерді жойып жібердік. Енді еске алушы бар ма
وَكُلُّ شَىْءٍۢ فَعَلُوهُ فِى ٱلزُّبُرِ ﴿٥٢﴾
Олардың істеген барлық нәрселері кітаптарда
وَكُلُّ صَغِيرٍۢ وَكَبِيرٍۢ مُّسْتَطَرٌ ﴿٥٣﴾
әрбір кішісі де, үлкені де жазулы
إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِى جَنَّٰتٍۢ وَنَهَرٍۢ ﴿٥٤﴾
Анығында, тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар Жәннаттағы бақтар мен өзендер арасында
فِى مَقْعَدِ صِدْقٍ عِندَ مَلِيكٍۢ مُّقْتَدِرٍۭ ﴿٥٥﴾
барлық нәрсені Жасай алушы Үкім иесінің алдындағы ақиқат мекенінде
Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.
Al-Qamar сүресі (القمر) Құранның 54-сүресі. Онда 55 аят бар және ол Juz 27 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.
Оның аты, القمر, сүренің арабша аталуы.
Al-Qamar сүресінде 55 аят бар.
Ол Мекке сүресі болып саналады.
Al-Qamar сүресі Juz 27 ішінде.
Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.
This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources