Дәуіт және Жалут
Мүміндер Жалутқа (Голиаф) және оның әскеріне қарсы шығып, сабыр, мықты аяқ және жеңіс сұрап дұға етеді. Олар Алланың рұқсатымен оларды жеңеді, ал Дәуіт Жалутты өлтіреді. Алла оған патшалық пен даналық береді.
Аяттарды көрсету (3)
فَلَمَّا فَصَلَ طَالُوتُ بِٱلْجُنُودِ قَالَ إِنَّ ٱللَّهَ مُبْتَلِيكُم بِنَهَرٍۢ فَمَن شَرِبَ مِنْهُ فَلَيْسَ مِنِّى وَمَن لَّمْ يَطْعَمْهُ فَإِنَّهُۥ مِنِّىٓ إِلَّا مَنِ ٱغْتَرَفَ غُرْفَةًۢ بِيَدِهِۦ ۚ فَشَرِبُوا۟ مِنْهُ إِلَّا قَلِيلًۭا مِّنْهُمْ ۚ فَلَمَّا جَاوَزَهُۥ هُوَ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ قَالُوا۟ لَا طَاقَةَ لَنَا ٱلْيَوْمَ بِجَالُوتَ وَجُنُودِهِۦ ۚ قَالَ ٱلَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُم مُّلَٰقُوا۟ ٱللَّهِ كَم مِّن فِئَةٍۢ قَلِيلَةٍ غَلَبَتْ فِئَةًۭ كَثِيرَةًۢ بِإِذْنِ ٱللَّهِ ۗ وَٱللَّهُ مَعَ ٱلصَّٰبِرِينَ ﴿٢٤٩﴾
Сонда Талұт әскерімен соғысқа шыққанда: «Ақиқатында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, ол менен емес. Ал, кім одан татпаса, ол менен. Тек, бір қолымен көсіп алып ішкен, бұдан тыс»,- деді. Сонда олардың азынан басқасы одан ішті. Ол және онымен бірге иманға келгендер одан өзеннен өткен кезде, олар: «Бүгін бізде Жалұтқа және оның әскеріне қарсы соғысар күш, қауқарымыз жоқ», деді. Аллаһқа кездесетіндеріне айқын сенушілер: «Неше бір саны аз топ Аллаһтың қалауымен, көп топты жеңген еді. Аллаһ сабырлылармен бірге», деді
وَلَمَّا بَرَزُوا۟ لِجَالُوتَ وَجُنُودِهِۦ قَالُوا۟ رَبَّنَآ أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرًۭا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَٱنصُرْنَا عَلَى ٱلْقَوْمِ ٱلْكَٰفِرِينَ ﴿٢٥٠﴾
Олар Жалұт пен оның әскеріне көрінгенде: «Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі табандарымызды бекіт және кәпір адамдарға қарсы бізге көмек бер!» деді
فَهَزَمُوهُم بِإِذْنِ ٱللَّهِ وَقَتَلَ دَاوُۥدُ جَالُوتَ وَءَاتَىٰهُ ٱللَّهُ ٱلْمُلْكَ وَٱلْحِكْمَةَ وَعَلَّمَهُۥ مِمَّا يَشَآءُ ۗ وَلَوْلَا دَفْعُ ٱللَّهِ ٱلنَّاسَ بَعْضَهُم بِبَعْضٍۢ لَّفَسَدَتِ ٱلْأَرْضُ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ ذُو فَضْلٍ عَلَى ٱلْعَٰلَمِينَ ﴿٢٥١﴾
Сонда Талұттық әскері Аллаһтың қалауымен оларды жеңді. ДәуітЖалұтты өлтірді. Әрі Аллаһ оған Дәуітке патшалық және даналық беріп, Өзі қалағанын үйретті. Егер де Аллаһ адамдарды бірін бірі арқылы қайтармағанда, жер беті бүлінер еді. Ал, бірақ, Аллаһ әлемдерге кеңшілік Иесі