Теңдесі жоқ патшалық
Сүлеймен тамаша құл, қайта-қайта бет бұрушы деп аталады. Ол кешірім және одан кейін ешкімде болмайтын патшалық сұрайды. Алла оған желді, және оған құрылыс жасайтын және сүңгитін жындарды бағындырады. Дәуітпен бірге ол егіс жайындағы іс бойынша үкім шығарады, ал Алла әрқайсысына үкім мен білім береді.
Аяттарды көрсету (16)
وَوَهَبْنَا لِدَاوُۥدَ سُلَيْمَٰنَ ۚ نِعْمَ ٱلْعَبْدُ ۖ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ ﴿٣٠﴾
Біз Дәуітке Сүлейменді тарту еттік. Сүлеймен қандай жақсы құл! Ол әрқашан Оған қайтушы
إِذْ عُرِضَ عَلَيْهِ بِٱلْعَشِىِّ ٱلصَّٰفِنَٰتُ ٱلْجِيَادُ ﴿٣١﴾
Бірде оған кешке қарай, ойнақтаған тұяғымен жер тарпыған жүйрік сәйгүліктер көрсетілді
فَقَالَ إِنِّىٓ أَحْبَبْتُ حُبَّ ٱلْخَيْرِ عَن ذِكْرِ رَبِّى حَتَّىٰ تَوَارَتْ بِٱلْحِجَابِ ﴿٣٢﴾
Сонда ол: «Мен Раббымды еске алудан гөрі ол күн тосық артына жасырынғанша күн батқанша , жақсы нәрселерге құштар болып ұнатыппын
رُدُّوهَا عَلَىَّ ۖ فَطَفِقَ مَسْحًۢا بِٱلسُّوقِ وَٱلْأَعْنَاقِ ﴿٣٣﴾
Оларды маған қайтарыңдар!» деді. Сөйтіп ол аттардың! аяқтары мен мойындарын сипай бастады
وَلَقَدْ فَتَنَّا سُلَيْمَٰنَ وَأَلْقَيْنَا عَلَىٰ كُرْسِيِّهِۦ جَسَدًۭا ثُمَّ أَنَابَ ﴿٣٤﴾
Әрі Біз Сүлейменге сынақ етіп, оның тағының үстіне бір денені тастадық. Содан кейін ол Раббысына беріле, бойсұна жүгінді тәубе етті
قَالَ رَبِّ ٱغْفِرْ لِى وَهَبْ لِى مُلْكًۭا لَّا يَنۢبَغِى لِأَحَدٍۢ مِّنۢ بَعْدِىٓ ۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْوَهَّابُ ﴿٣٥﴾
Ол: «Раббым! Мені кешір әрі маған өзімнен кейін ешкімде болмайтын билік бер. Ақиқатында, Сен Сый берушісің», деді
فَسَخَّرْنَا لَهُ ٱلرِّيحَ تَجْرِى بِأَمْرِهِۦ رُخَآءً حَيْثُ أَصَابَ ﴿٣٦﴾
Біз оған, оның әмірімен қалаған жеріне жеңіл есетін желді бағындырдық
وَٱلشَّيَٰطِينَ كُلَّ بَنَّآءٍۢ وَغَوَّاصٍۢ ﴿٣٧﴾
Әрі оған әрбірқұрылысшы және сүңгуші шайтандарды
وَءَاخَرِينَ مُقَرَّنِينَ فِى ٱلْأَصْفَادِ ﴿٣٨﴾
және кісендермен байланған басқаларын да бағындырдық
هَٰذَا عَطَآؤُنَا فَٱمْنُنْ أَوْ أَمْسِكْ بِغَيْرِ حِسَابٍۢ ﴿٣٩﴾
Міне, осы Біздің сыйымыз. Игілік ет не өзіңде ұста, ол үшін есепке тартылмайсың
وَإِنَّ لَهُۥ عِندَنَا لَزُلْفَىٰ وَحُسْنَ مَـَٔابٍۢ ﴿٤٠﴾
Ақиқатында, оған Бізде жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар
وَدَاوُۥدَ وَسُلَيْمَٰنَ إِذْ يَحْكُمَانِ فِى ٱلْحَرْثِ إِذْ نَفَشَتْ فِيهِ غَنَمُ ٱلْقَوْمِ وَكُنَّا لِحُكْمِهِمْ شَٰهِدِينَ ﴿٧٨﴾
Әрі Дәуіт пен Сүлейменге де. Кезінде бір адамдардың қойы түсіп кеткен егінге қатысты ол екеуі үкім шығарған еді. Біз олардың үкім шығарғанына куә болдық
فَفَهَّمْنَٰهَا سُلَيْمَٰنَ ۚ وَكُلًّا ءَاتَيْنَا حُكْمًۭا وَعِلْمًۭا ۚ وَسَخَّرْنَا مَعَ دَاوُۥدَ ٱلْجِبَالَ يُسَبِّحْنَ وَٱلطَّيْرَ ۚ وَكُنَّا فَٰعِلِينَ ﴿٧٩﴾
Әрі біз оны дұрыс шешімді Сүлейменге ұқтырдық. Әрқайсысына даналық үкім шығаруды және білім бердік. Әрі тауларды және құстарды Дәуітпен бірге Аллаһты дәріптейтін етіп бағындырдық. Мұны Біз істедік
وَعَلَّمْنَٰهُ صَنْعَةَ لَبُوسٍۢ لَّكُمْ لِتُحْصِنَكُم مِّنۢ بَأْسِكُمْ ۖ فَهَلْ أَنتُمْ شَٰكِرُونَ ﴿٨٠﴾
Әрі біз оған Дәуітке , сендер үшін өздеріңді зияннан қорғайтын сауыт жасау өнерін үйреттік. Сендер шүкір етушісіңдер ме берген игіліктерге алғыс білдірушісіңдер ме
وَلِسُلَيْمَٰنَ ٱلرِّيحَ عَاصِفَةًۭ تَجْرِى بِأَمْرِهِۦٓ إِلَى ٱلْأَرْضِ ٱلَّتِى بَٰرَكْنَا فِيهَا ۚ وَكُنَّا بِكُلِّ شَىْءٍ عَٰلِمِينَ ﴿٨١﴾
Ал, Сүлейменге күшті желді бағындырдың . Ол жел оның бұйрығымен Біз берекелі еткен жерге қарай еседі. Біз барлық нәрсені Білушіміз
وَمِنَ ٱلشَّيَٰطِينِ مَن يَغُوصُونَ لَهُۥ وَيَعْمَلُونَ عَمَلًۭا دُونَ ذَٰلِكَ ۖ وَكُنَّا لَهُمْ حَٰفِظِينَ ﴿٨٢﴾
Әрі оған шайтандардың ішінен суға сүңгитіндерді және басқа да жұмысты істейтіндерді бағындырдық . Әрі оларды Біз күзеттік