Құранның 63-сүресі

Al-Munafiqun сүресі

Мәдина 11 аят Juz 28
Al-Munafiqun

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

إِذَا جَآءَكَ ٱلْمُنَٰفِقُونَ قَالُوا۟ نَشْهَدُ إِنَّكَ لَرَسُولُ ٱللَّهِ ۗ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّكَ لَرَسُولُهُۥ وَٱللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّ ٱلْمُنَٰفِقِينَ لَكَٰذِبُونَ ﴿١﴾

Ей, Мұхаммед! Мұнафиқтар саған кел­ген кезде: «Сенің Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік береміз», дейді. Аллаһ, әлбетте, сен Оның елшісі екеніңді біледі. Әрі Аллаһ, мұнафиқтардың анық өтірікші екеніне куәлік береді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

ٱتَّخَذُوٓا۟ أَيْمَٰنَهُمْ جُنَّةًۭ فَصَدُّوا۟ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ ۚ إِنَّهُمْ سَآءَ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ ﴿٢﴾

Олар анттарын қалқан етіп алып, өзгелерді Аллаһтың жолынан қайтарды. Шын мәнінде, олардың істеп жатқандары өте жаман

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ ءَامَنُوا۟ ثُمَّ كَفَرُوا۟ فَطُبِعَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَفْقَهُونَ ﴿٣﴾

Бұл, олардың алдын иманға келіп, кейін күпірлік етулері имансыздыққа қайтулары себепті. Сөйтіп олардың жүректері мөрленді, енді олар түсінбейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

۞ وَإِذَا رَأَيْتَهُمْ تُعْجِبُكَ أَجْسَامُهُمْ ۖ وَإِن يَقُولُوا۟ تَسْمَعْ لِقَوْلِهِمْ ۖ كَأَنَّهُمْ خُشُبٌۭ مُّسَنَّدَةٌۭ ۖ يَحْسَبُونَ كُلَّ صَيْحَةٍ عَلَيْهِمْ ۚ هُمُ ٱلْعَدُوُّ فَٱحْذَرْهُمْ ۚ قَٰتَلَهُمُ ٱللَّهُ ۖ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ ﴿٤﴾

Ей, Мұхаммед! Оларды көрген кезіңде, олардың сырт келбеттері сені қайран қалдырады. Олар сөйлегенде, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне бір сүйеп қойылған бөренелер тәрізді. Олар кез келген айқайды өздеріне айтылды деп есептейді. Олар жау, олардан сақтан. Аллаһ оларды жойсын, олар шындықтан қайда бет бұрып барады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا۟ يَسْتَغْفِرْ لَكُمْ رَسُولُ ٱللَّهِ لَوَّوْا۟ رُءُوسَهُمْ وَرَأَيْتَهُمْ يَصُدُّونَ وَهُم مُّسْتَكْبِرُونَ ﴿٥﴾

Қашан Оларға: «Келіңдер, Аллаһтың елшісі сендер үшін кешірім тілейді», делінсе, олар бастарын шайқайды. Әрі сен олардың өздерін жоғары санап, менменси теріс бұрылғанын көресің

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

سَوَآءٌ عَلَيْهِمْ أَسْتَغْفَرْتَ لَهُمْ أَمْ لَمْ تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ لَن يَغْفِرَ ٱللَّهُ لَهُمْ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِى ٱلْقَوْمَ ٱلْفَٰسِقِينَ ﴿٦﴾

Олар үшін кешірім тілесең де, кешірім тілемесең де оларға бәрібір. Аллаһ оларды кешірмейді. Негізінде, Аллаһ бұзық бойсұнбаушы адамдарды тура жолға салмайды

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

هُمُ ٱلَّذِينَ يَقُولُونَ لَا تُنفِقُوا۟ عَلَىٰ مَنْ عِندَ رَسُولِ ٱللَّهِ حَتَّىٰ يَنفَضُّوا۟ ۗ وَلِلَّهِ خَزَآئِنُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَلَٰكِنَّ ٱلْمُنَٰفِقِينَ لَا يَفْقَهُونَ ﴿٧﴾

«Аллаһтың елшісінің жанындағыларға ешнәрсе бермеңдер, олар тарап кетсін», дейтіндер солар. Аспандардың және жердің қазыналары Аллаһта. Алайда мұнафиқтар түсінбейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

يَقُولُونَ لَئِن رَّجَعْنَآ إِلَى ٱلْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ ٱلْأَعَزُّ مِنْهَا ٱلْأَذَلَّ ۚ وَلِلَّهِ ٱلْعِزَّةُ وَلِرَسُولِهِۦ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَلَٰكِنَّ ٱلْمُنَٰفِقِينَ لَا يَعْلَمُونَ ﴿٨﴾

Олар: «Біз Мәдинаға қайтып барсақ, әлбетте, үстем ол жерден нашарды қуып шығарады», -дейді. Ақиқатында, үстемдік Аллаһта әрі Оның елшісінде және иманға келгендерде. Бірақ мұнафиқтар білмейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تُلْهِكُمْ أَمْوَٰلُكُمْ وَلَآ أَوْلَٰدُكُمْ عَن ذِكْرِ ٱللَّهِ ۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ ﴿٩﴾

Ей, иманға келгендер! Дүние-мүліктерің мен балаларың сендерді Аллаһты еске алудан алаңдатып, бұрып қоймасын. Кім бұлай жасаса, міне, солар зиян шегушілер

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَأَنفِقُوا۟ مِن مَّا رَزَقْنَٰكُم مِّن قَبْلِ أَن يَأْتِىَ أَحَدَكُمُ ٱلْمَوْتُ فَيَقُولَ رَبِّ لَوْلَآ أَخَّرْتَنِىٓ إِلَىٰٓ أَجَلٍۢ قَرِيبٍۢ فَأَصَّدَّقَ وَأَكُن مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ﴿١٠﴾

Сендерден біріңе өлім жетіп: «Йа, Раббы! Маған жақын бір мерзімге дейін мұрсат берсең, сонда мен садақа беріп әрі түзулерден болар едім», деп айтуынан бұрын, Біз сендерге ризық етіп берген нәрселерден зекет, садақа беріңдер

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَلَن يُؤَخِّرَ ٱللَّهُ نَفْسًا إِذَا جَآءَ أَجَلُهَا ۚ وَٱللَّهُ خَبِيرٌۢ بِمَا تَعْمَلُونَ ﴿١١﴾

Біреудің белгіленген уақыты келген кезде, Аллаһ оған мұрсат бермейді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

Al-Munafiqun 11 аяттың 1-аяты

Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.

Al-Munafiqun сүресі туралы

Al-Munafiqun сүресі (المنافقون) Құранның 63-сүресі. Онда 11 аят бар және ол Juz 28 ішінде орналасқан. Ол Мәдина сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуынан (Һижрет) кейін түскен.

Оның аты, المنافقون, сүренің арабша аталуы.

Al-Munafiqun сүресі туралы сұрақтар

Al-Munafiqun сүресінде қанша аят бар?

Al-Munafiqun сүресінде 11 аят бар.

Al-Munafiqun сүресі Мекке ме, әлде Мәдина ма?

Ол Мәдина сүресі болып саналады.

Al-Munafiqun сүресі қай Juz ішінде?

Al-Munafiqun сүресі Juz 28 ішінде.

Al-Munafiqun сүресін қайдан тыңдай аламын?

Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.

This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources