نٓ ۚ وَٱلْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ ﴿١﴾
Нун. Қаламмен және олардың жазып жатқандарымен ант етемін
Құранның 68-сүресі
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
نٓ ۚ وَٱلْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ ﴿١﴾
Нун. Қаламмен және олардың жазып жатқандарымен ант етемін
مَآ أَنتَ بِنِعْمَةِ رَبِّكَ بِمَجْنُونٍۢ ﴿٢﴾
Ей, Мұхаммед! Сен Раббыңның игілігі арқасында жын соққан біреу емессің
وَإِنَّ لَكَ لَأَجْرًا غَيْرَ مَمْنُونٍۢ ﴿٣﴾
әрі күдіксіз, саған таусылмайтын сый бар
وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍۢ ﴿٤﴾
және сен, шын мәнінде, ұлы мінезге иесің
فَسَتُبْصِرُ وَيُبْصِرُونَ ﴿٥﴾
Жақында көресің және олар да көреді
بِأَييِّكُمُ ٱلْمَفْتُونُ ﴿٦﴾
сендердің қайсы біріңде ессіздік бүлік бар екенін
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعْلَمُ بِٱلْمُهْتَدِينَ ﴿٧﴾
Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқандарды жақсы біледі. Әрі Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі
فَلَا تُطِعِ ٱلْمُكَذِّبِينَ ﴿٨﴾
Ей, Мұхаммед! Өтірікке шығарушыларға бағынба
وَدُّوا۟ لَوْ تُدْهِنُ فَيُدْهِنُونَ ﴿٩﴾
Олар сенің көнгіш болғаныңды қалайды, сонда олар да жұмсақтық танытпақшы
وَلَا تُطِعْ كُلَّ حَلَّافٍۢ مَّهِينٍ ﴿١٠﴾
Әрбір көп ант бергішке, жексұрынға бағынба
هَمَّازٍۢ مَّشَّآءٍۭ بِنَمِيمٍۢ ﴿١١﴾
мін таққышқа, өсек тасығышқа
مَّنَّاعٍۢ لِّلْخَيْرِ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ ﴿١٢﴾
жақсылыққа кедергі болушыға, шектен шығушыға, күнәға батушыға
عُتُلٍّۭ بَعْدَ ذَٰلِكَ زَنِيمٍ ﴿١٣﴾
дөрекіге бұған қоса өзін өзгенің баласы атағанға бағынба
أَن كَانَ ذَا مَالٍۢ وَبَنِينَ ﴿١٤﴾
дәулеті және перзенттері көп болса да
إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ ءَايَٰتُنَا قَالَ أَسَٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ ﴿١٥﴾
Оған аяттарымыз оқылған кезде ол: «Бұрынғылардың ертегілері», деді
سَنَسِمُهُۥ عَلَى ٱلْخُرْطُومِ ﴿١٦﴾
Таяуда оның тұмсығын таңбалаймыз
إِنَّا بَلَوْنَٰهُمْ كَمَا بَلَوْنَآ أَصْحَٰبَ ٱلْجَنَّةِ إِذْ أَقْسَمُوا۟ لَيَصْرِمُنَّهَا مُصْبِحِينَ ﴿١٧﴾
Ақиқатында, Біз оларды, бақ иелерін сынағанымыздай сынадық. Сол кезде олар таң уақытында оның жемістерін жинап алуға ант етті
وَلَا يَسْتَثْنُونَ ﴿١٨﴾
Алайда олар ескермеді тосын жағдайды есепке алмады
فَطَافَ عَلَيْهَا طَآئِفٌۭ مِّن رَّبِّكَ وَهُمْ نَآئِمُونَ ﴿١٩﴾
Сөйтіп, олар ұйықтап жатқанда, оны бақты Раббың тараптан бір айналушы айналды
فَأَصْبَحَتْ كَٱلصَّرِيمِ ﴿٢٠﴾
Сонда, таңға қарай жемістері қиылғандай кейіпке түсті
فَتَنَادَوْا۟ مُصْبِحِينَ ﴿٢١﴾
Ал, олар таң сәріде бір-бірін шақырды
أَنِ ٱغْدُوا۟ عَلَىٰ حَرْثِكُمْ إِن كُنتُمْ صَٰرِمِينَ ﴿٢٢﴾
« Өнім Жинайтын болсаңдар, бақтарыңа ерте барыңдар», деді
فَٱنطَلَقُوا۟ وَهُمْ يَتَخَٰفَتُونَ ﴿٢٣﴾
Сөйтіп олар баққа жол тартып, сыбырласқан күйде
أَن لَّا يَدْخُلَنَّهَا ٱلْيَوْمَ عَلَيْكُم مِّسْكِينٌۭ ﴿٢٤﴾
«Бүгін оған ешбір кедей кірмесін», деді
وَغَدَوْا۟ عَلَىٰ حَرْدٍۢ قَٰدِرِينَ ﴿٢٥﴾
Олар күштері жететініне сеніп, ертемен оңаша барды
فَلَمَّا رَأَوْهَا قَالُوٓا۟ إِنَّا لَضَآلُّونَ ﴿٢٦﴾
Ал, оны көрген сәтте: «Ақиқатында біз адасып кетіппіз
بَلْ نَحْنُ مَحْرُومُونَ ﴿٢٧﴾
жоқ, біз айрылған екенбіз», деді
قَالَ أَوْسَطُهُمْ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ لَوْلَا تُسَبِّحُونَ ﴿٢٨﴾
Олардың ішіндегі дұрыстауы: «Сендерге: « Аллаһты дәріптеңдер демеп пе едім», деді
قَالُوا۟ سُبْحَٰنَ رَبِّنَآ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ ﴿٢٩﴾
Олар: «Раббымыз барлық кемшіліктен пәк. Ақиқатында біз әділетсіз болдық», деді
فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍۢ يَتَلَٰوَمُونَ ﴿٣٠﴾
Сонда олар бірін-бірі жазғырып
قَالُوا۟ يَٰوَيْلَنَآ إِنَّا كُنَّا طَٰغِينَ ﴿٣١﴾
«Сорымыз құрысын! Ақиқатында, біз шектен шыққан екенбіз
عَسَىٰ رَبُّنَآ أَن يُبْدِلَنَا خَيْرًۭا مِّنْهَآ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا رَٰغِبُونَ ﴿٣٢﴾
Мүмкін Раббымыз бізге бұның орнына одан жақсысын берер. Ақиқатында, біз Раббымыздан үміт етеміз», десті
كَذَٰلِكَ ٱلْعَذَابُ ۖ وَلَعَذَابُ ٱلْءَاخِرَةِ أَكْبَرُ ۚ لَوْ كَانُوا۟ يَعْلَمُونَ ﴿٣٣﴾
Міне, осындай азап! Күмәнсіз, соңғы, мәңгілік өмір ақирет азабы одан да үлкен. Егер, олар білген болса
إِنَّ لِلْمُتَّقِينَ عِندَ رَبِّهِمْ جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ ﴿٣٤﴾
Шын мәнінде, тақуалар үшін Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға олардың Раббысында Наъим (Жәннаттың аты. Мағнасы көптеген нығмет, игілік) бақтары бар
أَفَنَجْعَلُ ٱلْمُسْلِمِينَ كَٱلْمُجْرِمِينَ ﴿٣٥﴾
Біз мұсылмандарды бойсұнушыларды қылмыскерлер сияқты етеміз бе
مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ ﴿٣٦﴾
Сендерге не болды, қалай үкім шығарып жатырсыңдар
أَمْ لَكُمْ كِتَٰبٌۭ فِيهِ تَدْرُسُونَ ﴿٣٧﴾
Әлде сендерде өздерің оқитын бір кітап бар ма
إِنَّ لَكُمْ فِيهِ لَمَا تَخَيَّرُونَ ﴿٣٨﴾
Онда ол кітапта : «күдіксіз, сендерге таңдағандарың болады» делінген бе
أَمْ لَكُمْ أَيْمَٰنٌ عَلَيْنَا بَٰلِغَةٌ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ ۙ إِنَّ لَكُمْ لَمَا تَحْكُمُونَ ﴿٣٩﴾
Әлде сендер үшін Қиямет күніне дейін жететін: «Шешкендерің орындалады», деген, Біз міндетімізге алған ант бар ма
سَلْهُمْ أَيُّهُم بِذَٰلِكَ زَعِيمٌ ﴿٤٠﴾
Ей, Мұхаммед! Олардан сұра, қайсылары бұған кепіл болады екен
أَمْ لَهُمْ شُرَكَآءُ فَلْيَأْتُوا۟ بِشُرَكَآئِهِمْ إِن كَانُوا۟ صَٰدِقِينَ ﴿٤١﴾
Әлде олардың серіктері бар ма? Егер шын сөзді болса, серіктерін әкелсін
يَوْمَ يُكْشَفُ عَن سَاقٍۢ وَيُدْعَوْنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ ﴿٤٢﴾
Ол күні балтыр ашылғанда, олар сәжде етуге шақырылады, бірақ олардың оған шамалары келмейді
خَٰشِعَةً أَبْصَٰرُهُمْ تَرْهَقُهُمْ ذِلَّةٌۭ ۖ وَقَدْ كَانُوا۟ يُدْعَوْنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ وَهُمْ سَٰلِمُونَ ﴿٤٣﴾
Олардың көздері жуасып, өздерін қорлық орап алады. Анығында, олар аман-сау кезінде осы өмірде сәжде жасауға шақырылған болатын
فَذَرْنِى وَمَن يُكَذِّبُ بِهَٰذَا ٱلْحَدِيثِ ۖ سَنَسْتَدْرِجُهُم مِّنْ حَيْثُ لَا يَعْلَمُونَ ﴿٤٤﴾
Ей, Мұхаммед! Енді осы Сөзді Құранды өтірік санайтындарды Маған қалдыр. Біз оларды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте ұстаймыз
وَأُمْلِى لَهُمْ ۚ إِنَّ كَيْدِى مَتِينٌ ﴿٤٥﴾
Әрі оларға уақыт беремін. Ақиқатында, Менің айла-тәсілім өте мықты
أَمْ تَسْـَٔلُهُمْ أَجْرًۭا فَهُم مِّن مَّغْرَمٍۢ مُّثْقَلُونَ ﴿٤٦﴾
Әлде сен олардан ақиқатқа шақырғаның үшін ақы сұрап, олар борышты болып қиналып жатыр ма
أَمْ عِندَهُمُ ٱلْغَيْبُ فَهُمْ يَكْتُبُونَ ﴿٤٧﴾
Әлде оларда ғайыптан бір нәрсе болып, олар жаза ма
فَٱصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ وَلَا تَكُن كَصَاحِبِ ٱلْحُوتِ إِذْ نَادَىٰ وَهُوَ مَكْظُومٌۭ ﴿٤٨﴾
Ей, Мұхаммед! Раббыңның үкіміне сабыр ет және балық ішіндегі секілді болма. Сол уақытта ол қайғыға батып, жалбарынды
لَّوْلَآ أَن تَدَٰرَكَهُۥ نِعْمَةٌۭ مِّن رَّبِّهِۦ لَنُبِذَ بِٱلْعَرَآءِ وَهُوَ مَذْمُومٌۭ ﴿٤٩﴾
Егер оған Раббысынан бір игілік болмағанда, онда ол ашық жерге жағалауға айыпталған күйде лақтырылар еді
فَٱجْتَبَٰهُ رَبُّهُۥ فَجَعَلَهُۥ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ﴿٥٠﴾
Раббысы оны таңдап, ізгілерден етті
وَإِن يَكَادُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَيُزْلِقُونَكَ بِأَبْصَٰرِهِمْ لَمَّا سَمِعُوا۟ ٱلذِّكْرَ وَيَقُولُونَ إِنَّهُۥ لَمَجْنُونٌۭ ﴿٥١﴾
Ал, күпірлік етушілер Аллаһқа серік қосушылар Еске салуды Құранды тыңдаған сәтте, сені көзбен атып сүріндіруге әзір және: «Ол анық жын соққан», дейді
وَمَا هُوَ إِلَّا ذِكْرٌۭ لِّلْعَٰلَمِينَ ﴿٥٢﴾
Негізінде, бұл Құран әлемдер үшін еске салудан өзге нәрсе емес
Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.
Al-Qalam сүресі (القلم) Құранның 68-сүресі. Онда 52 аят бар және ол Juz 29 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.
Оның аты, القلم, сүренің арабша аталуы.
Al-Qalam сүресінде 52 аят бар.
Ол Мекке сүресі болып саналады.
Al-Qalam сүресі Juz 29 ішінде.
Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.
This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources