Жердегі орынбасар
Алла періштелерге жерде орынбасар қоятынын айтады. Ол Адамға барлық нәрсенің аттарын үйретеді, ал періштелер Оның үйреткенінен басқасын білмейтінін мойындайды.
Аяттарды көрсету (4)
وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَٰٓئِكَةِ إِنِّى جَاعِلٌۭ فِى ٱلْأَرْضِ خَلِيفَةًۭ ۖ قَالُوٓا۟ أَتَجْعَلُ فِيهَا مَن يُفْسِدُ فِيهَا وَيَسْفِكُ ٱلدِّمَآءَ وَنَحْنُ نُسَبِّحُ بِحَمْدِكَ وَنُقَدِّسُ لَكَ ۖ قَالَ إِنِّىٓ أَعْلَمُ مَا لَا تَعْلَمُونَ ﴿٣٠﴾
Кезінде Раббың періштелерге: «Мен жер бетінде бір халифа жасаймын!» деді. Періштелер: «Онда жерде бұзу-бүлдірушілік жасап, қан төгетін біреуді жасайсың ба? Ал, біз Сені мақтап, ұлықтаймыз және барлық кемшіліктен пәк деп білеміз», деді. Аллаһ: «Мен сендердің білмегендеріңді білемін!»-деді
وَعَلَّمَ ءَادَمَ ٱلْأَسْمَآءَ كُلَّهَا ثُمَّ عَرَضَهُمْ عَلَى ٱلْمَلَٰٓئِكَةِ فَقَالَ أَنۢبِـُٔونِى بِأَسْمَآءِ هَٰٓؤُلَآءِ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ ﴿٣١﴾
Әрі Ол Аллаһ , Адамға барлық атауларды үйретті, кейін оларды періштелерге көрсетіп: «Шын сөзді болсаңдар, Маған мыналардың осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер», деді
قَالُوا۟ سُبْحَٰنَكَ لَا عِلْمَ لَنَآ إِلَّا مَا عَلَّمْتَنَآ ۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْعَلِيمُ ٱلْحَكِيمُ ﴿٣٢﴾
Олар: «Сен барлық кемшіліктен пәксің! Бізде, Сен үйреткеннен басқа білім жоқ. Шын мәнінде, Сен бәрін Білуші, аса Данасың!» деді
قَالَ يَٰٓـَٔادَمُ أَنۢبِئْهُم بِأَسْمَآئِهِمْ ۖ فَلَمَّآ أَنۢبَأَهُم بِأَسْمَآئِهِمْ قَالَ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ إِنِّىٓ أَعْلَمُ غَيْبَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَأَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا كُنتُمْ تَكْتُمُونَ ﴿٣٣﴾
Аса ұлы Аллаһ : «Ей, Адам! Оларға атауларын айтып бер»,- деп айтты. Сонда Адам оларға ол нәрселердің атауларын айтып бергенде, Аллаһ : «Мен сендерге аспандардың және жердің ғайып нәрселерін білемін, сондай-ақ, сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?» деді