Nuh пайғамбар

3 / 25 نوح Noah 51 аят

Нұх халқын тек Аллаға құлшылық етуге шақырды. Құран оның сабырын, кемені және топанды баяндайды.

1

Шақыру

Нұх халқына Аллаға құлшылық етуді, Одан қорқуды және оған бағынуды ескертеді. Ол егер Раббысына оралса, кешірім, көктен жаңбыр, байлық пен балалар және бақтар уәде етеді.

Аяттарды көрсету (16)

إِنَّآ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِۦٓ أَنْ أَنذِرْ قَوْمَكَ مِن قَبْلِ أَن يَأْتِيَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌۭ ﴿١﴾

Ақиқатында, Біз, Нұхты еліне: «Қауымыңды, оларға жан күйзелтуші азап келместен бұрын ескерт», деп жібердік

قَالَ يَٰقَوْمِ إِنِّى لَكُمْ نَذِيرٌۭ مُّبِينٌ ﴿٢﴾

Ол айтты: «Әй, елім, шын мәнінде мен сендерге анық ескертушімін

أَنِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ وَٱتَّقُوهُ وَأَطِيعُونِ ﴿٣﴾

Аллаһқа Құлшылық жасаңдар, Одан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар

يَغْفِرْ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرْكُمْ إِلَىٰٓ أَجَلٍۢ مُّسَمًّى ۚ إِنَّ أَجَلَ ٱللَّهِ إِذَا جَآءَ لَا يُؤَخَّرُ ۖ لَوْ كُنتُمْ تَعْلَمُونَ ﴿٤﴾

Ол күнәларыңды кешіреді және сендерге белгіленген бір мерзімге дейін мұрсат береді. Шын мәнінде, Аллаһ белгілеген мерзім жетсе, ол кейінге ұзартылмайды, Егер де сендер білсеңдер», деп

قَالَ رَبِّ إِنِّى دَعَوْتُ قَوْمِى لَيْلًۭا وَنَهَارًۭا ﴿٥﴾

Ол айтты: «Раббым, ақиқатында мен елімді түнде де, күндіз де иманға шақырдым

فَلَمْ يَزِدْهُمْ دُعَآءِىٓ إِلَّا فِرَارًۭا ﴿٦﴾

Алайда, шақыруым олардың кері қашуын ғана арттырды

وَإِنِّى كُلَّمَا دَعَوْتُهُمْ لِتَغْفِرَ لَهُمْ جَعَلُوٓا۟ أَصَٰبِعَهُمْ فِىٓ ءَاذَانِهِمْ وَٱسْتَغْشَوْا۟ ثِيَابَهُمْ وَأَصَرُّوا۟ وَٱسْتَكْبَرُوا۟ ٱسْتِكْبَارًۭا ﴿٧﴾

Ақиқатында, мен оларды Сенің кешіруің үшін шақырған сайын олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерімен бүркеніп алды және қасарысып, өздерін жоғары қойып, тәкаппарлана түсті

ثُمَّ إِنِّى دَعَوْتُهُمْ جِهَارًۭا ﴿٨﴾

Мен оларды ашық түрде шақырдым

ثُمَّ إِنِّىٓ أَعْلَنتُ لَهُمْ وَأَسْرَرْتُ لَهُمْ إِسْرَارًۭا ﴿٩﴾

Содан кейін мен оларды жалпы және оңаша жекеше түрде де үгіттедім

فَقُلْتُ ٱسْتَغْفِرُوا۟ رَبَّكُمْ إِنَّهُۥ كَانَ غَفَّارًۭا ﴿١٠﴾

Сондай-ақ: «Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол көп Кешіруші Ғаффар

يُرْسِلِ ٱلسَّمَآءَ عَلَيْكُم مِّدْرَارًۭا ﴿١١﴾

Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді

وَيُمْدِدْكُم بِأَمْوَٰلٍۢ وَبَنِينَ وَيَجْعَل لَّكُمْ جَنَّٰتٍۢ وَيَجْعَل لَّكُمْ أَنْهَٰرًۭا ﴿١٢﴾

сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады

لَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِۦ فَقَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥٓ إِنِّىٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍۢ ﴿٥٩﴾

Ақиқатында, Біз Нұхты өз еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Мен сендерге ұлы Күннің азабынан қорқамын», деді

قَالَ ٱلْمَلَأُ مِن قَوْمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِى ضَلَٰلٍۢ مُّبِينٍۢ ﴿٦٠﴾

Оның елінің уәзірлері мен бектері: «Анығында, біз сені анық адасуда көреміз», деді

قَالَ يَٰقَوْمِ لَيْسَ بِى ضَلَٰلَةٌۭ وَلَٰكِنِّى رَسُولٌۭ مِّن رَّبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ ﴿٦١﴾

Нұх : айтты «Әй, елім! Менде ешқандай адасушылық жоқ. Анығында, мен әлемдердің Раббысынан жіберілген Елшімін

أُبَلِّغُكُمْ رِسَٰلَٰتِ رَبِّى وَأَنصَحُ لَكُمْ وَأَعْلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ ﴿٦٢﴾

Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін әрі өздеріңе ізгі кеңес беремін және мен Аллаһ тарапынан сендер білмеген нәрсені білемін

2

Олар бас тартады

Басшылар оның тек өздері сияқты адам екенін және ізбасарлары олардың ең төмендері екенін айтады. Нұх ақы сұрамайтынын және мүміндерді қумайтынын жауап береді. Соңында ол Раббысына олардың бағынбағанын айтып, зұлымдарға қарсы дұға етеді.

Аяттарды көрсету (18)

وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِۦٓ إِنِّى لَكُمْ نَذِيرٌۭ مُّبِينٌ ﴿٢٥﴾

Біз Нұхты еліне жібердік. Ол: «Мен сендер үшін анық бір ескертушімін

أَن لَّا تَعْبُدُوٓا۟ إِلَّا ٱللَّهَ ۖ إِنِّىٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ أَلِيمٍۢ ﴿٢٦﴾

Аллаһтан басқаға құлшылық етпеңдер.Шын мәнінде, мен сендер үшін күйзелтуші Күннің азабынан қорқамын», деді

فَقَالَ ٱلْمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِن قَوْمِهِۦ مَا نَرَىٰكَ إِلَّا بَشَرًۭا مِّثْلَنَا وَمَا نَرَىٰكَ ٱتَّبَعَكَ إِلَّا ٱلَّذِينَ هُمْ أَرَاذِلُنَا بَادِىَ ٱلرَّأْىِ وَمَا نَرَىٰ لَكُمْ عَلَيْنَا مِن فَضْلٍۭ بَلْ نَظُنُّكُمْ كَٰذِبِينَ ﴿٢٧﴾

Оның елінің күпірлік еткен Оған сенбеген уәзірлері мен бектері: «Біз сені өзіміз секілді адам көреміз әрі саған арамыздағы тек ең нашарлардың ойланбай-ақ ергенін байқаймыз. Сондай-ақ, сендердің бізге қарағанда бір артықшылықтарыңды көрмейміз. Керісінше, біз сендерді өтірікші деп ойлаймыз», деді

قَالَ يَٰقَوْمِ أَرَءَيْتُمْ إِن كُنتُ عَلَىٰ بَيِّنَةٍۢ مِّن رَّبِّى وَءَاتَىٰنِى رَحْمَةًۭ مِّنْ عِندِهِۦ فَعُمِّيَتْ عَلَيْكُمْ أَنُلْزِمُكُمُوهَا وَأَنتُمْ لَهَا كَٰرِهُونَ ﴿٢٨﴾

Нұх: «Әй, елім! Егер мен Раббымнан келген анық дәлелдің үстінде болсам және Ол маған Өзінен, сендер көре алмайтын бір мейірім пайғамбарлық берсе, сонда оны жақтырмасаңдар да сендерге міндеттейік пе

وَيَٰقَوْمِ لَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مَالًا ۖ إِنْ أَجْرِىَ إِلَّا عَلَى ٱللَّهِ ۚ وَمَآ أَنَا۠ بِطَارِدِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ ۚ إِنَّهُم مُّلَٰقُوا۟ رَبِّهِمْ وَلَٰكِنِّىٓ أَرَىٰكُمْ قَوْمًۭا تَجْهَلُونَ ﴿٢٩﴾

Әй, елім! Мен сендерден бұл үшін дүние сұрамаймын. Анығында, менің сыйым бір Аллаһта. Сондай-ақ, иманға келгендерді қасымнан қуушы емеспін. Ақиқатында, олар өздерінің Раббысына жолығушылар. Ал, сендерді надандық етушілер ретінде көремін

وَيَٰقَوْمِ مَن يَنصُرُنِى مِنَ ٱللَّهِ إِن طَرَدتُّهُمْ ۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ ﴿٣٠﴾

Әй, елім! Егер оларды қусам, мені Аллаһтан кім қорғайды? Еске алмайсыңдар ма ғибрат алмайсыңдар ма

وَلَآ أَقُولُ لَكُمْ عِندِى خَزَآئِنُ ٱللَّهِ وَلَآ أَعْلَمُ ٱلْغَيْبَ وَلَآ أَقُولُ إِنِّى مَلَكٌۭ وَلَآ أَقُولُ لِلَّذِينَ تَزْدَرِىٓ أَعْيُنُكُمْ لَن يُؤْتِيَهُمُ ٱللَّهُ خَيْرًا ۖ ٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا فِىٓ أَنفُسِهِمْ ۖ إِنِّىٓ إِذًۭا لَّمِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ ﴿٣١﴾

Сендерге: «Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін және ғайыпты да білмеймін. Әрі: «Мен бір періштемін», деп те айтпаймын. Сондай-ақ, сендер көздеріңе ілмей, қор санайтындарың туралы: «Аллаһ оларға жақсылық бермейді», деп айтпаймын. Аллаһ олардың көкіректеріндегіні жүректеріндегіні жақсы біледі. Әйтпесе, егер, олай десем , онда мен сөзсіз әділетсіздерден боламын», деді

قَالُوا۟ يَٰنُوحُ قَدْ جَٰدَلْتَنَا فَأَكْثَرْتَ جِدَٰلَنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ﴿٣٢﴾

Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен дауласып, тартысты көбейтіп жібердің. Шын сөзділерден болсаң, енді бізге уәде етіп отырғаныңды айтқан азапты келтір», деді

قَالَ إِنَّمَا يَأْتِيكُم بِهِ ٱللَّهُ إِن شَآءَ وَمَآ أَنتُم بِمُعْجِزِينَ ﴿٣٣﴾

Ол: «Оны азапты сендерге егер қаласа, тек Аллаһтың Өзі келтіреді. Әрі сендер Оның азабын әлсірете алмайсыңдар

وَلَا يَنفَعُكُمْ نُصْحِىٓ إِنْ أَرَدتُّ أَنْ أَنصَحَ لَكُمْ إِن كَانَ ٱللَّهُ يُرِيدُ أَن يُغْوِيَكُمْ ۚ هُوَ رَبُّكُمْ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ ﴿٣٤﴾

Мен сендерге кеңес беруді қалағаныммен, егер Аллаһ сендерді адастыруды қаласа, онда насихатым сендерге пайда бермейді. Ол сендердің Раббың. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар», деді

قَالَ نُوحٌۭ رَّبِّ إِنَّهُمْ عَصَوْنِى وَٱتَّبَعُوا۟ مَن لَّمْ يَزِدْهُ مَالُهُۥ وَوَلَدُهُۥٓ إِلَّا خَسَارًۭا ﴿٢١﴾

Нұх айтты: «Раббым! Ақиқатында, олар мағанбағынбай, сондай, өздеріне мал-дүниесі мен перзенттері зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті»

وَمَكَرُوا۟ مَكْرًۭا كُبَّارًۭا ﴿٢٢﴾

Сондай-ақ, олар өте үлкен құлықпен айлакерлік істеді

وَقَالُوا۟ لَا تَذَرُنَّ ءَالِهَتَكُمْ وَلَا تَذَرُنَّ وَدًّۭا وَلَا سُوَاعًۭا وَلَا يَغُوثَ وَيَعُوقَ وَنَسْرًۭا ﴿٢٣﴾

және қауымына айтты: «Сендер ешқашан өз құдайларыңды тастамаңдар. Уадты, Суағты, Яғусты, Яғуқты және Нәсірді еш уақытта тастаушы болмаңдар», деп

وَقَدْ أَضَلُّوا۟ كَثِيرًۭا ۖ وَلَا تَزِدِ ٱلظَّٰلِمِينَ إِلَّا ضَلَٰلًۭا ﴿٢٤﴾

Нұх : «Ақиқатында, бұлар көбін адастырды. Сен де Раббым әділетсіздерге адасудан басқаны арттырма!» деді

مِّمَّا خَطِيٓـَٰٔتِهِمْ أُغْرِقُوا۟ فَأُدْخِلُوا۟ نَارًۭا فَلَمْ يَجِدُوا۟ لَهُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ أَنصَارًۭا ﴿٢٥﴾

Олар біле тұра істеген қателерінің салдарынан суға батырылып әрі отқа кіргізілді. Сөйтіп, олар өздеріне Аллаһтан басқа ешқандай көмек берушілерді таппады

وَقَالَ نُوحٌۭ رَّبِّ لَا تَذَرْ عَلَى ٱلْأَرْضِ مِنَ ٱلْكَٰفِرِينَ دَيَّارًا ﴿٢٦﴾

Нұх айтты: «Раббым, кәпірлерден жерде бірде-бір тұрғын қалдырма

إِنَّكَ إِن تَذَرْهُمْ يُضِلُّوا۟ عِبَادَكَ وَلَا يَلِدُوٓا۟ إِلَّا فَاجِرًۭا كَفَّارًۭا ﴿٢٧﴾

Өйткені, Сен оларды қалдырсаң, олар құлдарыңды адастырады және бұзық, кәпірден басқаны көбейтпейді

رَّبِّ ٱغْفِرْ لِى وَلِوَٰلِدَىَّ وَلِمَن دَخَلَ بَيْتِىَ مُؤْمِنًۭا وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَٱلْمُؤْمِنَٰتِ وَلَا تَزِدِ ٱلظَّٰلِمِينَ إِلَّا تَبَارًۢا ﴿٢٨﴾

Раббым, мені, ата-анамды, үйіме иманды болып кіргендерді және иманды ерлер мен иманды әйелдерді кешір! Ал, әділетсіздерге жойылып кетуден басқаны арттырма!» деді

3

Кемені жаса

Алла Нұхқа енді ешкім сенбейтінін айтады және оған Өз көзі алдында кеме жасауды бұйырады. Бұйрық келгенде оған әр түрден бір жұп, отбасын және мүміндерді алу айтылады. Толқындар таудай көтеріледі, ал кеме олардың үстімен жүреді.

Аяттарды көрсету (13)

وَأُوحِىَ إِلَىٰ نُوحٍ أَنَّهُۥ لَن يُؤْمِنَ مِن قَوْمِكَ إِلَّا مَن قَدْ ءَامَنَ فَلَا تَبْتَئِسْ بِمَا كَانُوا۟ يَفْعَلُونَ ﴿٣٦﴾

Сонда Нұхқа уахи етілді: «Еліңнен иманға келгендерден басқалары, енді иманға келмейді. Сен олардың істеп жатқандарына қайғырма

وَٱصْنَعِ ٱلْفُلْكَ بِأَعْيُنِنَا وَوَحْيِنَا وَلَا تُخَٰطِبْنِى فِى ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓا۟ ۚ إِنَّهُم مُّغْرَقُونَ ﴿٣٧﴾

Әрі Біздің көз алдымызда және уахиымыз бойынша кеме жаса. Әрі әділетсіздік еткендер жөнінде Менен сұрама! Анығында, олар суға батырылады

وَيَصْنَعُ ٱلْفُلْكَ وَكُلَّمَا مَرَّ عَلَيْهِ مَلَأٌۭ مِّن قَوْمِهِۦ سَخِرُوا۟ مِنْهُ ۚ قَالَ إِن تَسْخَرُوا۟ مِنَّا فَإِنَّا نَسْخَرُ مِنكُمْ كَمَا تَسْخَرُونَ ﴿٣٨﴾

Ол кемені жасап жатқанда, елінің уәзірлері мен бектері оның жанынан өт-кен сайын, оны келеке етті. Ал, ол: «Егер бізге күлсеңдер, сендер бізді келеке еткендей, біз де сендерге күлетін боламыз

فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ مَن يَأْتِيهِ عَذَابٌۭ يُخْزِيهِ وَيَحِلُّ عَلَيْهِ عَذَابٌۭ مُّقِيمٌ ﴿٣٩﴾

Сендер жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін және тұрақты мәңгілік азаптың кімнің басына түсетінін білесіңдер!» деді

حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَ أَمْرُنَا وَفَارَ ٱلتَّنُّورُ قُلْنَا ٱحْمِلْ فِيهَا مِن كُلٍّۢ زَوْجَيْنِ ٱثْنَيْنِ وَأَهْلَكَ إِلَّا مَن سَبَقَ عَلَيْهِ ٱلْقَوْلُ وَمَنْ ءَامَنَ ۚ وَمَآ ءَامَنَ مَعَهُۥٓ إِلَّا قَلِيلٌۭ ﴿٤٠﴾

Қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап шыққан кезде, Біз оған: «Оған кемеге әрбір түрден жұбымен және үйішіңнен өздеріне байланысты сөз бекітіліп қойғандардан басқаларын және иманға келгендерді мінгіз», дедік. Онымен бірге иманға аз ғана адам келген еді

۞ وَقَالَ ٱرْكَبُوا۟ فِيهَا بِسْمِ ٱللَّهِ مَجْر۪ىٰهَا وَمُرْسَىٰهَآ ۚ إِنَّ رَبِّى لَغَفُورٌۭ رَّحِيمٌۭ ﴿٤١﴾

Әрі ол: «Оған мініңдер. Ол Аллаһтың есімімен жүзеді және тоқтайды. Ақиқатында, Раббым өте Кешірімді, ерекше Мейірімді», деді

وَهِىَ تَجْرِى بِهِمْ فِى مَوْجٍۢ كَٱلْجِبَالِ وَنَادَىٰ نُوحٌ ٱبْنَهُۥ وَكَانَ فِى مَعْزِلٍۢ يَٰبُنَىَّ ٱرْكَب مَّعَنَا وَلَا تَكُن مَّعَ ٱلْكَٰفِرِينَ ﴿٤٢﴾

Ол кеме оларды таулардай толқындарда алып жүзді. Сонда Нұх оқшауланып, шетте тұрған ұлына: «Әй, балам! Бізбен бірге кемеге мін әрі кәпірлермен бірге болма!» деп үн қатты

قَالَ سَـَٔاوِىٓ إِلَىٰ جَبَلٍۢ يَعْصِمُنِى مِنَ ٱلْمَآءِ ۚ قَالَ لَا عَاصِمَ ٱلْيَوْمَ مِنْ أَمْرِ ٱللَّهِ إِلَّا مَن رَّحِمَ ۚ وَحَالَ بَيْنَهُمَا ٱلْمَوْجُ فَكَانَ مِنَ ٱلْمُغْرَقِينَ ﴿٤٣﴾

Ол: «Мен тауға шығып паналаймын, ол мені судан сақтайды», деді. Нұх : «Бүгін Аллаһтың әмірінен сақтаушы жоқ. Тек қана, Ол рақым еткендер ғана апаттан құтқарылады », деді. Сол кезде екеуінің арасын толқын бөліп, ол суға батырылғандардан болды

وَقِيلَ يَٰٓأَرْضُ ٱبْلَعِى مَآءَكِ وَيَٰسَمَآءُ أَقْلِعِى وَغِيضَ ٱلْمَآءُ وَقُضِىَ ٱلْأَمْرُ وَٱسْتَوَتْ عَلَى ٱلْجُودِىِّ ۖ وَقِيلَ بُعْدًۭا لِّلْقَوْمِ ٱلظَّٰلِمِينَ ﴿٤٤﴾

Кейін : «Ей, жер! Суынды жұт! Ей, Аспан! Тоқтат!» делінді. Сөйтіп су тартылып, әмір орындалды. Ол кеме Жуди тауына тоқтады. Сонда: «Әділетсіз адамдар Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын!» делінді

فَأَوْحَيْنَآ إِلَيْهِ أَنِ ٱصْنَعِ ٱلْفُلْكَ بِأَعْيُنِنَا وَوَحْيِنَا فَإِذَا جَآءَ أَمْرُنَا وَفَارَ ٱلتَّنُّورُ ۙ فَٱسْلُكْ فِيهَا مِن كُلٍّۢ زَوْجَيْنِ ٱثْنَيْنِ وَأَهْلَكَ إِلَّا مَن سَبَقَ عَلَيْهِ ٱلْقَوْلُ مِنْهُمْ ۖ وَلَا تُخَٰطِبْنِى فِى ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓا۟ ۖ إِنَّهُم مُّغْرَقُونَ ﴿٢٧﴾

Сонда оған: «Біздің көз алдымызда және уахиымыз үйретуіміз ш бойынша кеме жаса. Ал, қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап атылып шыққанда, оған кемеге әрбір түрден бір жұптан әрі отбасыңды және өздеріне алдын ала Сөзіміз өткендерден басқасын кіргіз. Әділетсіздік еткендер жайын­да Маған сөз айтпа сұрама . Олар суға батырылатындар», деп уахи еттік

فَإِذَا ٱسْتَوَيْتَ أَنتَ وَمَن مَّعَكَ عَلَى ٱلْفُلْكِ فَقُلِ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِى نَجَّىٰنَا مِنَ ٱلْقَوْمِ ٱلظَّٰلِمِينَ ﴿٢٨﴾

Сен және сенімен бірге болғандар кемеге мініп жайғасқан кездеріңде: «Барлық мақтау, бізді әділетсіз елден құтқарған Аллаһқа болсын!» деп айт

وَقُل رَّبِّ أَنزِلْنِى مُنزَلًۭا مُّبَارَكًۭا وَأَنتَ خَيْرُ ٱلْمُنزِلِينَ ﴿٢٩﴾

Тағы да айт: «Раббым! Мені берекелі орынға түсір. Орын берушілердің ең қайырлысы Өзіңсің», деп

إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَءَايَٰتٍۢ وَإِن كُنَّا لَمُبْتَلِينَ ﴿٣٠﴾

Анығында Мұнда белгі-ғибраттар бар. Ақиқатында Біз сынаймыз

4

Нұх және оның ұлы

Нұх ұлын шақырады, ол мінбейді және тауға пана іздейтінін айтады. Ол суға батады. Нұх отбасы туралы сұрайды, ал Алла бұл ұл оның отбасынан емес, өйткені оның істері әділ болмағанын айтады. Нұхқа тыныштық пен берекемен түсу айтылады.

Аяттарды көрсету (4)

وَنَادَىٰ نُوحٌۭ رَّبَّهُۥ فَقَالَ رَبِّ إِنَّ ٱبْنِى مِنْ أَهْلِى وَإِنَّ وَعْدَكَ ٱلْحَقُّ وَأَنتَ أَحْكَمُ ٱلْحَٰكِمِينَ ﴿٤٥﴾

Сонда Нұх Раббысына үндеп: «Раббым! Ұлым менің үй-ішімнен. Сенің уәдең хақ. Әрі Сен ең әділ үкім етушісің», деді

قَالَ يَٰنُوحُ إِنَّهُۥ لَيْسَ مِنْ أَهْلِكَ ۖ إِنَّهُۥ عَمَلٌ غَيْرُ صَٰلِحٍۢ ۖ فَلَا تَسْـَٔلْنِ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِۦ عِلْمٌ ۖ إِنِّىٓ أَعِظُكَ أَن تَكُونَ مِنَ ٱلْجَٰهِلِينَ ﴿٤٦﴾

Ол Аллаһ : «Ей, Нұх! Ол сенің үй-ішіңнен емес. Анығында, бұл түзу амал емес. Сондықтан өзіңде білімі болмаған нәрсе туралы Менен сұрама. Мен саған надандардан болмауды насихат етемін», деді

قَالَ رَبِّ إِنِّىٓ أَعُوذُ بِكَ أَنْ أَسْـَٔلَكَ مَا لَيْسَ لِى بِهِۦ عِلْمٌۭ ۖ وَإِلَّا تَغْفِرْ لِى وَتَرْحَمْنِىٓ أَكُن مِّنَ ٱلْخَٰسِرِينَ ﴿٤٧﴾

Ол Нұх : «Раббым! Өзім білмеген нәрсенісұраудан Өзіңе сыйынып, қорғауыңды тілеймін. Егер мені кешірмесең және маған рақым етпесең, зиян көрушілерден боламын», деді

قِيلَ يَٰنُوحُ ٱهْبِطْ بِسَلَٰمٍۢ مِّنَّا وَبَرَكَٰتٍ عَلَيْكَ وَعَلَىٰٓ أُمَمٍۢ مِّمَّن مَّعَكَ ۚ وَأُمَمٌۭ سَنُمَتِّعُهُمْ ثُمَّ يَمَسُّهُم مِّنَّا عَذَابٌ أَلِيمٌۭ ﴿٤٨﴾

«Ей, Нұх! Бізден болған амандықпен және саған әрі сенімен бірге болған үмметтерге арналған берекелермен түс! Ал, өзге кәпір қауымдарды дүниеде пайдаландырамыз да кейін оларға Бізден бір қинаушы азап тиеді», делінді

Бұл қисса тек Құраннан алынған. Басқа кітаптардағы егжей-тегжейлер қосылмаған.

Араб мәтіні: Осман жазуы. Аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai.

Пайғамбарлар туралы сұрақтар

Nuh пайғамбар кім болды?

Нұх халқын тек Аллаға құлшылық етуге шақырды. Құран оның сабырын, кемені және топанды баяндайды.

Nuh қиссасы Құранның қай жерінде?

Ол Nuh 71:1–12, Al-A'raf 7:59–62, Hud 11:25–34, Nuh 71:21–28, Hud 11:36–44, Al-Mu'minun 23:27–30, Hud 11:45–48 ішінде. Бұл бетте осы аяттар арабша және өз тіліңізде көрсетіледі.

This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources