Шектен шыққан халық
Лұт халқынан неге мұндай азғындық жасайтынын сұрайды. Олардың оның отбасын қаладан қуу керек деуден басқа жауабы жоқ. Алла оны және отбасын, артта қалған әйелінен басқасын құтқарады, ал басқаларына тас жаңбыры жауады.
Аяттарды көрсету (15)
وَلُوطًا إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِۦٓ أَتَأْتُونَ ٱلْفَٰحِشَةَ مَا سَبَقَكُم بِهَا مِنْ أَحَدٍۢ مِّنَ ٱلْعَٰلَمِينَ ﴿٨٠﴾
Сондай-ақ Лұтты да жібердік . Сол кезде ол еліне: «Сендер бұрын әлемдерден ешкім істемеген жиіркенішті істі істейсіңдер ме
إِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ ٱلرِّجَالَ شَهْوَةًۭ مِّن دُونِ ٱلنِّسَآءِ ۚ بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌۭ مُّسْرِفُونَ ﴿٨١﴾
Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қатысты тәнқұмарлықтарына шәһуәттарына ересіңдер. Шын мәнінде, сендер шектен шыққан елсіңдер», деді
وَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓا۟ أَخْرِجُوهُم مِّن قَرْيَتِكُمْ ۖ إِنَّهُمْ أُنَاسٌۭ يَتَطَهَّرُونَ ﴿٨٢﴾
Ал, оның елінің: «Бұларды жұрттарыңнан шығарыңдар, бұлар тазасынған адамдар екен», деп айтқаннан басқа жауабы болмады
فَأَنجَيْنَٰهُ وَأَهْلَهُۥٓ إِلَّا ٱمْرَأَتَهُۥ كَانَتْ مِنَ ٱلْغَٰبِرِينَ ﴿٨٣﴾
Сонда Біз оны және әйелінен өзге үй ішіндегілерін құтқардық. Әйелі қалушылардан болды
وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِم مَّطَرًۭا ۖ فَٱنظُرْ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلْمُجْرِمِينَ ﴿٨٤﴾
Әрі Біз оларға тастан жаңбыр жаудырдық. Қылмыскерлердің соңы немен біткеніне назар сал
كَذَّبَتْ قَوْمُ لُوطٍ ٱلْمُرْسَلِينَ ﴿١٦٠﴾
Лұттың елі елшілерді өтірікшіге шығарды
إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ ﴿١٦١﴾
Оларға ағайыны Лұт: «Сендер Аллаһтың жазасынан қорқып,сақтанбайсыңдарма
إِنِّى لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌۭ ﴿١٦٢﴾
Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін
فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ﴿١٦٣﴾
енді Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
وَمَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِىَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ ﴿١٦٤﴾
Мен сендерден бүл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым – әлемдердің Раббысында
أَتَأْتُونَ ٱلذُّكْرَانَ مِنَ ٱلْعَٰلَمِينَ ﴿١٦٥﴾
Бүкіл әлемдердің ішінде сендер еркектермен жақындасып
وَتَذَرُونَ مَا خَلَقَ لَكُمْ رَبُّكُم مِّنْ أَزْوَٰجِكُم ۚ بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌ عَادُونَ ﴿١٦٦﴾
өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», деді
قَالُوا۟ لَئِن لَّمْ تَنتَهِ يَٰلُوطُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلْمُخْرَجِينَ ﴿١٦٧﴾
Олар: «Ей, Лұт! Егер сен тоқтатпасаң, әлбетте, елден қуып шығарылғандардан боласың», деді
قَالَ إِنِّى لِعَمَلِكُم مِّنَ ٱلْقَالِينَ ﴿١٦٨﴾
Ол: «Әрине, мен сендердің істеріңнен жиіркенемін
رَبِّ نَجِّنِى وَأَهْلِى مِمَّا يَعْمَلُونَ ﴿١٦٩﴾
Раббым! Мені және үй-ішімді олардың істеп жатқандарынан құтқар», деді