Ibrahim пайғамбар

6 / 25 إبراهيم Abraham 60 аят

Ыбыраһым – Құрандағы ұлы пайғамбарлардың бірі, ал тұтас бір сүре оның атымен аталады. Оның қиссасы оның шындықты іздеуін, пұттарға қарсы тұруын және Аллаға тәуекелін көрсетеді.

2

Пұттарды сындыру

Ыбыраһым халқынан олар жабысып отырған мына мүсіндер не деп сұрайды. Олар әкелерін оларға табынып жатқанын көргенін айтады. Ол ең үлкенінен басқасын сындырады, ал оны кім істегенін сұрағанда, олай болса одан сұраңдар, сөйлей алса, дейді. Олар ұятқа қалады.

Аяттарды көрсету (17)

۞ وَلَقَدْ ءَاتَيْنَآ إِبْرَٰهِيمَ رُشْدَهُۥ مِن قَبْلُ وَكُنَّا بِهِۦ عَٰلِمِينَ ﴿٥١﴾

Әрі Біз бұрын Ибраһимге туралықты бердік әрі оны білдік

إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِۦ مَا هَٰذِهِ ٱلتَّمَاثِيلُ ٱلَّتِىٓ أَنتُمْ لَهَا عَٰكِفُونَ ﴿٥٢﴾

Кезінде ол әкесі мен еліне: «Сендер ынталана табынып жүрген мына мүсіндер не?» -деді

قَالُوا۟ وَجَدْنَآ ءَابَآءَنَا لَهَا عَٰبِدِينَ ﴿٥٣﴾

Олар: «Біз әкелерімізді осыларғатабынған күйде көрдік», деді

قَالَ لَقَدْ كُنتُمْ أَنتُمْ وَءَابَآؤُكُمْ فِى ضَلَٰلٍۢ مُّبِينٍۢ ﴿٥٤﴾

Ибраһим : «Онда сендер де, әкелерің де анық адасуда болғансыңдар», деді

قَالُوٓا۟ أَجِئْتَنَا بِٱلْحَقِّ أَمْ أَنتَ مِنَ ٱللَّٰعِبِينَ ﴿٥٥﴾

Олар: «Сен бізге ақиқатпен келдің бе, әлде ермек етушілерденсің бе?»- деді

قَالَ بَل رَّبُّكُمْ رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ٱلَّذِى فَطَرَهُنَّ وَأَنَا۠ عَلَىٰ ذَٰلِكُم مِّنَ ٱلشَّٰهِدِينَ ﴿٥٦﴾

Ибраһим : «Жоқ, әзіл емес : Сендердің Раббың аспандардың және жердің Раббысы. Соларды жаратқан Ол. Мен осыған куәлік берушілерденмін»,- деді

وَتَٱللَّهِ لَأَكِيدَنَّ أَصْنَٰمَكُم بَعْدَ أَن تُوَلُّوا۟ مُدْبِرِينَ ﴿٥٧﴾

Әрі: «Аллаһпен ант етемін! Сендер кеткеннен кейін табынатын заттарыңа, міндетті түрде айла-амал жасаймын»,- деді

فَجَعَلَهُمْ جُذَٰذًا إِلَّا كَبِيرًۭا لَّهُمْ لَعَلَّهُمْ إِلَيْهِ يَرْجِعُونَ ﴿٥٨﴾

Сөйтіп ол оларды қиратып тастады да, олар оған оралар деп, тек үлкенін қалдырды

قَالُوا۟ مَن فَعَلَ هَٰذَا بِـَٔالِهَتِنَآ إِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ ﴿٥٩﴾

Олар: «құдайларымызға мұны кім істеді? Ол әділетсіздерден»,- деді

قَالُوا۟ سَمِعْنَا فَتًۭى يَذْكُرُهُمْ يُقَالُ لَهُۥٓ إِبْرَٰهِيمُ ﴿٦٠﴾

Олардың кейбірі : «Ибраһим дейтін бір жігіттің оларды сөз етіп жүргенін естіген едік», деді

قَالُوا۟ فَأْتُوا۟ بِهِۦ عَلَىٰٓ أَعْيُنِ ٱلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَشْهَدُونَ ﴿٦١﴾

Олар басшылары : «Оны адамдардың көз алдына алып келіңдер, олар куә болуы үшін»,- деді

قَالُوٓا۟ ءَأَنتَ فَعَلْتَ هَٰذَا بِـَٔالِهَتِنَا يَٰٓإِبْرَٰهِيمُ ﴿٦٢﴾

Олар: «Ей, Ибраһим! құдайларымызға мұны сен істедің бе?» деді

قَالَ بَلْ فَعَلَهُۥ كَبِيرُهُمْ هَٰذَا فَسْـَٔلُوهُمْ إِن كَانُوا۟ يَنطِقُونَ ﴿٦٣﴾

Ол: «Жоқ. Бұны олардың мына үлкені істеді. Егер олар сөйлей алса, олардың өздерінен сұраңдар»,- деді

فَرَجَعُوٓا۟ إِلَىٰٓ أَنفُسِهِمْ فَقَالُوٓا۟ إِنَّكُمْ أَنتُمُ ٱلظَّٰلِمُونَ ﴿٦٤﴾

Олар өз-өздеріне: «Негізінде, сендер әділетсізсіңдер», деді

ثُمَّ نُكِسُوا۟ عَلَىٰ رُءُوسِهِمْ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا هَٰٓؤُلَآءِ يَنطِقُونَ ﴿٦٥﴾

Содан кейін олар, қайтадан бастарына кері аударылып бұрынғы теріс халдеріне қайта оралып : «Сен бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой»,- деді

قَالَ أَفَتَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُكُمْ شَيْـًۭٔا وَلَا يَضُرُّكُمْ ﴿٦٦﴾

Ол Ибраһим : «Сендер Аллаһтан өзге, өздеріңе ешбір пайда не зиян келтіре алмайтын нәрселерге табынасыңдар ма

أُفٍّۢ لَّكُمْ وَلِمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ ۖ أَفَلَا تَعْقِلُونَ ﴿٦٧﴾

Сендер де және Аллаһтан өзге табынғандарың да құрысын! Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?»- деді

3

От

Халқы оны өртеңдер дейді. Алла отқа Ыбыраһымға салқындық пен қауіпсіздік болуды айтады, ал олар ең үлкен зиян шегушілер болады. Ыбыраһым Раббысына қоныс аударатынын айтады, ал Алла оған Ысқақ пен Жақыпты береді.

Аяттарды көрсету (7)

قَالُوا۟ حَرِّقُوهُ وَٱنصُرُوٓا۟ ءَالِهَتَكُمْ إِن كُنتُمْ فَٰعِلِينَ ﴿٦٨﴾

Олар: «Бір нәрсе істейтін болсаңдар, оны жағыңдар, сөйтіп құдайларыңа көмектесіңдер»,- деді

قُلْنَا يَٰنَارُ كُونِى بَرْدًۭا وَسَلَٰمًا عَلَىٰٓ إِبْرَٰهِيمَ ﴿٦٩﴾

Біз: «Ей, от! Ибраһимге салқын әрі қауіпсіз бол»,- дедік

وَأَرَادُوا۟ بِهِۦ كَيْدًۭا فَجَعَلْنَٰهُمُ ٱلْأَخْسَرِينَ ﴿٧٠﴾

Сондай-ақ, олар оған айла-шарғы жасауды қалады. Ал, Біз оларды ең үлкен зиян шегушілерден еттік

فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوا۟ ٱقْتُلُوهُ أَوْ حَرِّقُوهُ فَأَنجَىٰهُ ٱللَّهُ مِنَ ٱلنَّارِ ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَءَايَٰتٍۢ لِّقَوْمٍۢ يُؤْمِنُونَ ﴿٢٤﴾

Ибраһимнің шақыруына оның елінің жауабы: «Оны өлтіріңдер немесе өртеңдер», деу ғана болды. Ал, Аллаһ оны оттан құтқарды. Ақиқатында, мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

وَقَالَ إِنَّمَا ٱتَّخَذْتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ أَوْثَٰنًۭا مَّوَدَّةَ بَيْنِكُمْ فِى ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا ۖ ثُمَّ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ يَكْفُرُ بَعْضُكُم بِبَعْضٍۢ وَيَلْعَنُ بَعْضُكُم بَعْضًۭا وَمَأْوَىٰكُمُ ٱلنَّارُ وَمَا لَكُم مِّن نَّٰصِرِينَ ﴿٢٥﴾

Ибраһим : «Негізінде, сендер осы өмірдегі өзара жақсы көрулеріңнен Аллаһтан өзгелерді табынатын нәрсе етіп алдыңдар. Кейін Қайта тірілу күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар. Сендердің баратын орындарың От әрі сендерге көмекшілер болмайды

۞ فَـَٔامَنَ لَهُۥ لُوطٌۭ ۘ وَقَالَ إِنِّى مُهَاجِرٌ إِلَىٰ رَبِّىٓ ۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ ﴿٢٦﴾

Сонда оған Ибраһимге Лұт сенді. Ибраһим : «Мен Раббыма Оның жолында қоныс аударамын. Ақиқатында, Ол бәрінен Үстем , өте Дана »,- деді

وَوَهَبْنَا لَهُۥٓ إِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَ وَجَعَلْنَا فِى ذُرِّيَّتِهِ ٱلنُّبُوَّةَ وَٱلْكِتَٰبَ وَءَاتَيْنَٰهُ أَجْرَهُۥ فِى ٱلدُّنْيَا ۖ وَإِنَّهُۥ فِى ٱلْءَاخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ﴿٢٧﴾

Әрі Біз оған Исхақты және Йаъқубты тарту еттік, ал оның ұрпақтарына пайғамбарлық пен Кітапты бердік . Біз оның сыйын осы дүниеде бердік, ал соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте ол әлбетте ізгілерден болады

4

Үй

Ыбыраһым мен Исмаил Үйдің іргетасын көтеріп, Алланың оны олардан қабыл етуін сұрап дұға етеді. Ыбыраһым Алладан қаланы қауіпсіз етуін, тұрғындарын қамтамасыз етуін және оларға өздерінен елші жіберуін сұрайды.

Аяттарды көрсету (12)

وَإِذْ جَعَلْنَا ٱلْبَيْتَ مَثَابَةًۭ لِّلنَّاسِ وَأَمْنًۭا وَٱتَّخِذُوا۟ مِن مَّقَامِ إِبْرَٰهِۦمَ مُصَلًّۭى ۖ وَعَهِدْنَآ إِلَىٰٓ إِبْرَٰهِۦمَ وَإِسْمَٰعِيلَ أَن طَهِّرَا بَيْتِىَ لِلطَّآئِفِينَ وَٱلْعَٰكِفِينَ وَٱلرُّكَّعِ ٱلسُّجُودِ ﴿١٢٥﴾

Біз Үйді Қағбаны адамдар үшін жиналатын әрі қауіпсіздік орны еттік. Ибраһимнің тұрған орнын мақамын намаз оқитын жер етіп алыңдар. Біз Ибраһим мен Исмаъилға: «Екеуің Үйімді Қағбаны тәуап етушілер, құлшылық етіп отырушылар , рукуғ жасаушылар және сәжде қылушылар үшін тазартыңдар», деп тапсырдық

وَإِذْ قَالَ إِبْرَٰهِۦمُ رَبِّ ٱجْعَلْ هَٰذَا بَلَدًا ءَامِنًۭا وَٱرْزُقْ أَهْلَهُۥ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ مَنْ ءَامَنَ مِنْهُم بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْءَاخِرِ ۖ قَالَ وَمَن كَفَرَ فَأُمَتِّعُهُۥ قَلِيلًۭا ثُمَّ أَضْطَرُّهُۥٓ إِلَىٰ عَذَابِ ٱلنَّارِ ۖ وَبِئْسَ ٱلْمَصِيرُ ﴿١٢٦﴾

Сонда Ибраһим: «Раббым! Бұл қаланы Меккені бейбіт ет әрі оның Аллаһқа және Ақирет күніне сенген тұрғындарын жемістермен қамтамасыз ет», деді. Ол Аллаһ :«Күпірлік еткендерді қарсы келушілерді де аз ғана пайдаландырып, кейін От тозақ азабына мәжбүр етемін. Ол баратын жер қандай жаман!» деді

وَإِذْ يَرْفَعُ إِبْرَٰهِۦمُ ٱلْقَوَاعِدَ مِنَ ٱلْبَيْتِ وَإِسْمَٰعِيلُ رَبَّنَا تَقَبَّلْ مِنَّآ ۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ ﴿١٢٧﴾

Әрі сонда Ибраһим мен Исмаъил Үйдің Қағбаның ірге тасын көтеріп жатып: «Раббымыз, бізден қабыл ал! Ақиқатында, Сен барлық нәрсені Естуші, бәрін Білушісің

رَبَّنَا وَٱجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِن ذُرِّيَّتِنَآ أُمَّةًۭ مُّسْلِمَةًۭ لَّكَ وَأَرِنَا مَنَاسِكَنَا وَتُبْ عَلَيْنَآ ۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ ﴿١٢٨﴾

Раббымыз! Екеумізді де Өзіңе берілушілерден ет және ұрпағымыздан да берілуші үммет ете гөр. Бізге құлшылықтарымызды амал, тәртіптерін көрсетіп, күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтуымызды тәубемізді қабыл ет! Күмәнсіз, Сен -тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімдісің

رَبَّنَا وَٱبْعَثْ فِيهِمْ رَسُولًۭا مِّنْهُمْ يَتْلُوا۟ عَلَيْهِمْ ءَايَٰتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْحِكْمَةَ وَيُزَكِّيهِمْ ۚ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ ﴿١٢٩﴾

Раббымыз! Оларға, аяттарыңды оқитын, Кітап пен Даналықты үйрететін және оларды тазартатын өз араларынан болған бір Елші жібер! Сен ақиқатында, бәрінен Үстем , аса Данасың », деді

وَإِذْ قَالَ إِبْرَٰهِيمُ رَبِّ ٱجْعَلْ هَٰذَا ٱلْبَلَدَ ءَامِنًۭا وَٱجْنُبْنِى وَبَنِىَّ أَن نَّعْبُدَ ٱلْأَصْنَامَ ﴿٣٥﴾

Кезінде Ибраһим: «Раббым, осы қаланы қауіпсіз ет, мені және балаларымды пұттарға табынудан аулақ ет

رَبِّ إِنَّهُنَّ أَضْلَلْنَ كَثِيرًۭا مِّنَ ٱلنَّاسِ ۖ فَمَن تَبِعَنِى فَإِنَّهُۥ مِنِّى ۖ وَمَنْ عَصَانِى فَإِنَّكَ غَفُورٌۭ رَّحِيمٌۭ ﴿٣٦﴾

Раббым! Олар пұттар адамдардың көпшілігін адастырды. Енді кім маған ерсе, ол менен. Ал кім мені тыңдамаса, ақиқатында Сен өте Кешірімді, ерекше Мейірімдісің

رَّبَّنَآ إِنِّىٓ أَسْكَنتُ مِن ذُرِّيَّتِى بِوَادٍ غَيْرِ ذِى زَرْعٍ عِندَ بَيْتِكَ ٱلْمُحَرَّمِ رَبَّنَا لِيُقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ فَٱجْعَلْ أَفْـِٔدَةًۭ مِّنَ ٱلنَّاسِ تَهْوِىٓ إِلَيْهِمْ وَٱرْزُقْهُم مِّنَ ٱلثَّمَرَٰتِ لَعَلَّهُمْ يَشْكُرُونَ ﴿٣٧﴾

Раббымыз! Ақиқатында, мен ұрпағымнан бір бөлігін қасиетті етілген Үйіңнің Қағбаның жанындағы егінсіз алқапқа орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтын болсын және адамдардан кейбірінің жүректерін оларға бұр әрі шүкір етулері берген игіліктеріңе алғыс білдіру үшін оларды жемістермен ризықтандыр

رَبَّنَآ إِنَّكَ تَعْلَمُ مَا نُخْفِى وَمَا نُعْلِنُ ۗ وَمَا يَخْفَىٰ عَلَى ٱللَّهِ مِن شَىْءٍۢ فِى ٱلْأَرْضِ وَلَا فِى ٱلسَّمَآءِ ﴿٣٨﴾

Раббымыз! Ақиқатында, Сен біздің нені жасыратынымыз, нені жария ететінімізді білесің. Жерде де, аспанда да еш нәрсе Аллаһтан жасырын қалмайды

ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِى وَهَبَ لِى عَلَى ٱلْكِبَرِ إِسْمَٰعِيلَ وَإِسْحَٰقَ ۚ إِنَّ رَبِّى لَسَمِيعُ ٱلدُّعَآءِ ﴿٣٩﴾

Барлық мақтау, маған қартайған шағымда Исмаъил мен Исхақты сыйлаған Аллаһқа! Ақиқатында, Раббым тілекті Естуші

رَبِّ ٱجْعَلْنِى مُقِيمَ ٱلصَّلَوٰةِ وَمِن ذُرِّيَّتِى ۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَآءِ ﴿٤٠﴾

Раббым! Мені және ұрпағымды на­мазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал

رَبَّنَا ٱغْفِرْ لِى وَلِوَٰلِدَىَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ ٱلْحِسَابُ ﴿٤١﴾

Раббымыз! Мені және ата-анамды әрі имандыларды Есеп алынатын күні кешіре гөр», деп тіледі

5

Ұлы сынақ

Ыбыраһымға сабырлы ұл туралы сүйінші хабар беріледі. Бала онымен бірге жұмыс істей алатын болғанда, Ыбыраһым түсінде оны құрбан етіп жатқанын көргенін айтады. Ұлы оған бұйрылғанды орындауын және сабыр ететінін айтады. Екеуі де бас иген кезде, Алла Ыбыраһымға дауыс беріп, баланы ұлы құрбандықпен төлейді. Құран бұл үзіндіде ұлдың атын атамайды, ал ғалымдар оның кім болғаны туралы келіспеген.

Аяттарды көрсету (13)

وَقَالَ إِنِّى ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّى سَيَهْدِينِ ﴿٩٩﴾

Оттан аман шыққан соң Ибраһим : «Мен өзімнің Раббыма барамын, Ол мені тура жолмен жүргізеді

رَبِّ هَبْ لِى مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ﴿١٠٠﴾

Раббым! Маған ізгілерден тарту ет», деді

فَبَشَّرْنَٰهُ بِغُلَٰمٍ حَلِيمٍۢ ﴿١٠١﴾

Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік

فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ ٱلسَّعْىَ قَالَ يَٰبُنَىَّ إِنِّىٓ أَرَىٰ فِى ٱلْمَنَامِ أَنِّىٓ أَذْبَحُكَ فَٱنظُرْ مَاذَا تَرَىٰ ۚ قَالَ يَٰٓأَبَتِ ٱفْعَلْ مَا تُؤْمَرُ ۖ سَتَجِدُنِىٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّٰبِرِينَ ﴿١٠٢﴾

Ол ұлы оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені құрбандыққа шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», деді

فَلَمَّآ أَسْلَمَا وَتَلَّهُۥ لِلْجَبِينِ ﴿١٠٣﴾

Сөйтіп, екеуі де бойсұнып, ол оны маңдайын жерге тигізіп жатқызған кезде

وَنَٰدَيْنَٰهُ أَن يَٰٓإِبْرَٰهِيمُ ﴿١٠٤﴾

Біз үн қатып: «Ей, Ибраһим

قَدْ صَدَّقْتَ ٱلرُّءْيَآ ۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلْمُحْسِنِينَ ﴿١٠٥﴾

Сен түсіңде көргеніңді растап, орындадың»,-дедік. жақсылықты ықыласпен істеушілерге қайтарым сыйын Біз осылай береміз

إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلْبَلَٰٓؤُا۟ ٱلْمُبِينُ ﴿١٠٦﴾

Ақиқатында, бұл анық сынақ

وَفَدَيْنَٰهُ بِذِبْحٍ عَظِيمٍۢ ﴿١٠٧﴾

Әрі Біз оның орнына ұлы құрбандық бердік

وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِى ٱلْءَاخِرِينَ ﴿١٠٨﴾

Әрі кейінгілердің арасында ол жайлы игі дұға-салауат қалдырдық

سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِبْرَٰهِيمَ ﴿١٠٩﴾

Ибраһимге сәлем амандық болсын

كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلْمُحْسِنِينَ ﴿١١٠﴾

Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз

إِنَّهُۥ مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُؤْمِنِينَ ﴿١١١﴾

Шын мәнінде, ол Біздің иманды мүмін құлдарымыздан

6

Сүйінші хабарлы қонақтар

Елшілер Ыбыраһымға тыныштық сәлемімен келеді, ал ол қуырылған бұзау әкеледі. Олардың қолдары оған созылмағанда, ол қорқады. Олар оған қорықпауды, олардың Лұт халқына жіберілгенін айтады және оның әйеліне Ысқақ және оның артынан Жақып туралы сүйінші хабар береді.

Аяттарды көрсету (5)

وَلَقَدْ جَآءَتْ رُسُلُنَآ إِبْرَٰهِيمَ بِٱلْبُشْرَىٰ قَالُوا۟ سَلَٰمًۭا ۖ قَالَ سَلَٰمٌۭ ۖ فَمَا لَبِثَ أَن جَآءَ بِعِجْلٍ حَنِيذٍۢ ﴿٦٩﴾

Біздің елшілеріміз Ибраһимге хош хабармен келді. Олар: «Сәлем» амандық болсын , деді. Ол да: «Сәлем» амандық болсын , деді. Сөйтіп, ол көп күттірмей, отқа қыздырылып пісірілген бұзауды әкелді

فَلَمَّا رَءَآ أَيْدِيَهُمْ لَا تَصِلُ إِلَيْهِ نَكِرَهُمْ وَأَوْجَسَ مِنْهُمْ خِيفَةًۭ ۚ قَالُوا۟ لَا تَخَفْ إِنَّآ أُرْسِلْنَآ إِلَىٰ قَوْمِ لُوطٍۢ ﴿٧٠﴾

Олардың тамаққа қолдарын созбағанын көріп, оларды жатырқап, қауіптеніп қалды. Олар: «Қорықпа! Негізінде, біз Лұттың еліне жіберілгенбіз», деді

وَٱمْرَأَتُهُۥ قَآئِمَةٌۭ فَضَحِكَتْ فَبَشَّرْنَٰهَا بِإِسْحَٰقَ وَمِن وَرَآءِ إِسْحَٰقَ يَعْقُوبَ ﴿٧١﴾

Оның Ибраһимнің сол жерде тұрған әйелі күліп жіберді. Біз оны Исхақпен және Исхақтың артынан Яғқұппен сүйіншіледік

قَالَتْ يَٰوَيْلَتَىٰٓ ءَأَلِدُ وَأَنَا۠ عَجُوزٌۭ وَهَٰذَا بَعْلِى شَيْخًا ۖ إِنَّ هَٰذَا لَشَىْءٌ عَجِيبٌۭ ﴿٧٢﴾

Ол Ибраһимнің жұбайы : «бұл бір ғажап екен?! Өзім кемпір, ал мына күйеуім шал болса, сонда да туамын ба? Анығында, бұл таңқаларлық нәрсе екен!» деді

قَالُوٓا۟ أَتَعْجَبِينَ مِنْ أَمْرِ ٱللَّهِ ۖ رَحْمَتُ ٱللَّهِ وَبَرَكَٰتُهُۥ عَلَيْكُمْ أَهْلَ ٱلْبَيْتِ ۚ إِنَّهُۥ حَمِيدٌۭ مَّجِيدٌۭ ﴿٧٣﴾

Олар періштелер : «Сен Аллаһтың әміріне таңқалып тұрсың ба? Ей, үй иелері! Сендерге Аллаһтың мейірімі және берекелері болсын. Шын мәнінде, Ол аса Мақтаулы, өте Даңқты», деді

Бұл қисса тек Құраннан алынған. Басқа кітаптардағы егжей-тегжейлер қосылмаған.

Араб мәтіні: Осман жазуы. Аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai.

Пайғамбарлар туралы сұрақтар

Ibrahim пайғамбар кім болды?

Ыбыраһым – Құрандағы ұлы пайғамбарлардың бірі, ал тұтас бір сүре оның атымен аталады. Оның қиссасы оның шындықты іздеуін, пұттарға қарсы тұруын және Аллаға тәуекелін көрсетеді.

Ibrahim қиссасы Құранның қай жерінде?

Ол Al-An'am 6:74–79, Al-Anbiya 21:51–67, Al-Anbiya 21:68–70, Al-'Ankabut 29:24–27, Al-Baqarah 2:125–129, Ibrahim 14:35–41, As-Saffat 37:99–111, Hud 11:69–73 ішінде. Бұл бетте осы аяттар арабша және өз тіліңізде көрсетіледі.

This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources