Ақ түйе
Салих Раббысынан белгі әкеледі: Алланың түйесі. Ол Алланың жерінде жейді және белгіленген күні олармен суды бөліседі, оған ешбір зиян тимеуі керек. Олар оның аяғын кеседі, ал Салих оларға үш күн үйлерінде ләззат алуды айтады.
Аяттарды көрсету (12)
وَإِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَٰلِحًۭا ۗ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥ ۖ قَدْ جَآءَتْكُم بَيِّنَةٌۭ مِّن رَّبِّكُمْ ۖ هَٰذِهِۦ نَاقَةُ ٱللَّهِ لَكُمْ ءَايَةًۭ ۖ فَذَرُوهَا تَأْكُلْ فِىٓ أَرْضِ ٱللَّهِ ۖ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءٍۢ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌۭ ﴿٧٣﴾
Сондай-ақ Сәмүд еліне бауырлары Салихты жібердік . Ол «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Ақиқатында сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел келді. Міне, мынау Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір белгі. Сендер оны жайына қалдырыңдар, Аллаһтың жерінде жайылсын. Оған ешбір жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді күйзелтуші азап тұтады
وَٱذْكُرُوٓا۟ إِذْ جَعَلَكُمْ خُلَفَآءَ مِنۢ بَعْدِ عَادٍۢ وَبَوَّأَكُمْ فِى ٱلْأَرْضِ تَتَّخِذُونَ مِن سُهُولِهَا قُصُورًۭا وَتَنْحِتُونَ ٱلْجِبَالَ بُيُوتًۭا ۖ فَٱذْكُرُوٓا۟ ءَالَآءَ ٱللَّهِ وَلَا تَعْثَوْا۟ فِى ٱلْأَرْضِ مُفْسِدِينَ ﴿٧٤﴾
Оның сендерді Ад елінен кейін халифа орнын басушылар еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды естеріңе алыңдар. Аллаһтың игіліктерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», деді
قَالَ ٱلْمَلَأُ ٱلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوا۟ مِن قَوْمِهِۦ لِلَّذِينَ ٱسْتُضْعِفُوا۟ لِمَنْ ءَامَنَ مِنْهُمْ أَتَعْلَمُونَ أَنَّ صَٰلِحًۭا مُّرْسَلٌۭ مِّن رَّبِّهِۦ ۚ قَالُوٓا۟ إِنَّا بِمَآ أُرْسِلَ بِهِۦ مُؤْمِنُونَ ﴿٧٥﴾
Оның қауымынан өздерін жоғары санап тәкәппарланған уәзірлері мен бектері әлсіз саналғандардың ішіндегі иманға келгендерге: «Сендер Салихты өзінің Раббысынан жіберілген деп білесіңдер ме?» деді. Олар: «Ақиқатында, біз онымен жіберілгенге сенеміз», деді
قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوٓا۟ إِنَّا بِٱلَّذِىٓ ءَامَنتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ ﴿٧٦﴾
Өздерін жоғары санағандар: «Ал, біз сендер сенген нәрсеге сенбейміз», деді
فَعَقَرُوا۟ ٱلنَّاقَةَ وَعَتَوْا۟ عَنْ أَمْرِ رَبِّهِمْ وَقَالُوا۟ يَٰصَٰلِحُ ٱئْتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ ﴿٧٧﴾
Сөйтіп олар түйенің тірсегін қиып, өздерінің Раббысының әміріне бағынбай, шектен шықты. Кейін: «Ей, Салих! Егер елшілерден болсаң, бізге уәде етіп жүргеніңді азапты келтір!» деді
فَأَخَذَتْهُمُ ٱلرَّجْفَةُ فَأَصْبَحُوا۟ فِى دَارِهِمْ جَٰثِمِينَ ﴿٧٨﴾
Сонда, Оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды
فَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَٰقَوْمِ لَقَدْ أَبْلَغْتُكُمْ رِسَالَةَ رَبِّى وَنَصَحْتُ لَكُمْ وَلَٰكِن لَّا تُحِبُّونَ ٱلنَّٰصِحِينَ ﴿٧٩﴾
Салих олардан жүзін бұрып: «Әй, елім! Сендерге Раббымның жолдағанын жеткіздім әрі сендерге адал кеңес бердім. Бірақ сендер кеңес берушілерді жақсылыққалаушыларды ұнатпадыңдар», деді
۞ وَإِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَٰلِحًۭا ۚ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥ ۖ هُوَ أَنشَأَكُم مِّنَ ٱلْأَرْضِ وَٱسْتَعْمَرَكُمْ فِيهَا فَٱسْتَغْفِرُوهُ ثُمَّ تُوبُوٓا۟ إِلَيْهِ ۚ إِنَّ رَبِّى قَرِيبٌۭ مُّجِيبٌۭ ﴿٦١﴾
Сәмүд еліне ағайындары Салихті жібердік . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол, сендерді жерден шығарды әрі онда орналастырды. Одан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар тәубеге келіндер . Ақиқатында, Раббым өте Жақын, тілейтіндерге Жауап беруші», деді
قَالُوا۟ يَٰصَٰلِحُ قَدْ كُنتَ فِينَا مَرْجُوًّۭا قَبْلَ هَٰذَآ ۖ أَتَنْهَىٰنَآ أَن نَّعْبُدَ مَا يَعْبُدُ ءَابَآؤُنَا وَإِنَّنَا لَفِى شَكٍّۢ مِّمَّا تَدْعُونَآ إِلَيْهِ مُرِيبٍۢ ﴿٦٢﴾
Олар: «Ей, Салих! Сен осыған дейін біздің арамызда үміт күтілген жан едің. Енді бізді аталарымыз табынған нәрсеге табынудан тиясың ба? Негізінде, біз сенің шақырғаныңнан күмән-күдіктеміз», деді
قَالَ يَٰقَوْمِ أَرَءَيْتُمْ إِن كُنتُ عَلَىٰ بَيِّنَةٍۢ مِّن رَّبِّى وَءَاتَىٰنِى مِنْهُ رَحْمَةًۭ فَمَن يَنصُرُنِى مِنَ ٱللَّهِ إِنْ عَصَيْتُهُۥ ۖ فَمَا تَزِيدُونَنِى غَيْرَ تَخْسِيرٍۢ ﴿٦٣﴾
Ол Салих : «Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған Өзінен мейірім нәсіп етіп, мен Оған бойсұнбасам, сонда мені Аллаһтан кім қорғайды? Сендер маған зияннан басқа еш нәрсе арттырмайсыңдар
وَيَٰقَوْمِ هَٰذِهِۦ نَاقَةُ ٱللَّهِ لَكُمْ ءَايَةًۭ فَذَرُوهَا تَأْكُلْ فِىٓ أَرْضِ ٱللَّهِ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءٍۢ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابٌۭ قَرِيبٌۭ ﴿٦٤﴾
Әй, елім! Мынау Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір мұғжиза-белгі. Ол Аллаһтың жерінде жайылып жүрсін, оны жайына қалдырыңдар. Оған жамандық істеп, тиіспеңдер. Әйтпесе, сендерге жақын тұрған азап тиеді», деді
فَعَقَرُوهَا فَقَالَ تَمَتَّعُوا۟ فِى دَارِكُمْ ثَلَٰثَةَ أَيَّامٍۢ ۖ ذَٰلِكَ وَعْدٌ غَيْرُ مَكْذُوبٍۢ ﴿٦٥﴾
Олар оның сіңірін кесіп тастады өлтірді . Салих: «тұрақтарыңда үш күн рахаттана тұрыңдар. бұл жалған болмаған бір уәде», деді