Ад халқы
Һұд халқына тек Аллаға құлшылық етуді және Алланың оларды Нұх халқынан кейін орынбасар еткенін еске алуды айтады. Олар құдайларын тастамайтындарын және біреуінің оған зиян тигізгенін айтады. Һұд өзінің және олардың Раббысы Аллаға сүйенетінін айтады.
Аяттарды көрсету (19)
۞ وَإِلَىٰ عَادٍ أَخَاهُمْ هُودًۭا ۗ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥٓ ۚ أَفَلَا تَتَّقُونَ ﴿٦٥﴾
Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һудты жібердік . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қорықпайсыңдар ма?» деді
قَالَ ٱلْمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِن قَوْمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِى سَفَاهَةٍۢ وَإِنَّا لَنَظُنُّكَ مِنَ ٱلْكَٰذِبِينَ ﴿٦٦﴾
Оның еліндегі күпірлік етуші қарсы болған уәзірлері мен бектері: «Негізінде, біз сені бір жетесіз көріп тұрмыз әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз», деді
قَالَ يَٰقَوْمِ لَيْسَ بِى سَفَاهَةٌۭ وَلَٰكِنِّى رَسُولٌۭ مِّن رَّبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ ﴿٦٧﴾
Һуд : «Әй, елім! Мен жетесіз емеспін. Анығында, мен әлемдердің Раббысынан жіберілген Елшімін
أُبَلِّغُكُمْ رِسَٰلَٰتِ رَبِّى وَأَنَا۠ لَكُمْ نَاصِحٌ أَمِينٌ ﴿٦٨﴾
Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін. Әрі сендерге сенімді кеңес берушімін
أَوَعَجِبْتُمْ أَن جَآءَكُمْ ذِكْرٌۭ مِّن رَّبِّكُمْ عَلَىٰ رَجُلٍۢ مِّنكُمْ لِيُنذِرَكُمْ ۚ وَٱذْكُرُوٓا۟ إِذْ جَعَلَكُمْ خُلَفَآءَ مِنۢ بَعْدِ قَوْمِ نُوحٍۢ وَزَادَكُمْ فِى ٱلْخَلْقِ بَصْۜطَةًۭ ۖ فَٱذْكُرُوٓا۟ ءَالَآءَ ٱللَّهِ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ ﴿٦٩﴾
Сендерге ескертуі үшін араларыңнан болған бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, ескерту келгеніне таң қаласыңдар ма? Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа олардың орнын басушылар еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», деді
قَالُوٓا۟ أَجِئْتَنَا لِنَعْبُدَ ٱللَّهَ وَحْدَهُۥ وَنَذَرَ مَا كَانَ يَعْبُدُ ءَابَآؤُنَا ۖ فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ﴿٧٠﴾
Олар : «Сен бізге, біздің Аллаһтың жалғыз Өзіне құлшылық жасап, ата-бабаларымыз табынып келгендерін тастауымыз үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге уәде етіп отырғандарыңды келтір», деді
قَالَ قَدْ وَقَعَ عَلَيْكُم مِّن رَّبِّكُمْ رِجْسٌۭ وَغَضَبٌ ۖ أَتُجَٰدِلُونَنِى فِىٓ أَسْمَآءٍۢ سَمَّيْتُمُوهَآ أَنتُمْ وَءَابَآؤُكُم مَّا نَزَّلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلْطَٰنٍۢ ۚ فَٱنتَظِرُوٓا۟ إِنِّى مَعَكُم مِّنَ ٱلْمُنتَظِرِينَ ﴿٧١﴾
Һуд : «Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан азап және ашу келді. Сендер өздерің және ата-бабаларың пұт құдайларды! атаған есімдер жайында менімен тартысасыңдар ма? Аллаһ олар жөнінде ешбір дәлел түсірмеген. Ендеше күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерден боламын», деді
فَأَنجَيْنَٰهُ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥ بِرَحْمَةٍۢ مِّنَّا وَقَطَعْنَا دَابِرَ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا ۖ وَمَا كَانُوا۟ مُؤْمِنِينَ ﴿٧٢﴾
Сонда Біз оны және онымен бірге болғандарды Өзімізден болған мейіріммен құтқарып, аяттарымызды өтірікке шығарғандардың артын үздік толық жойдық . Олар иманға келмеген еді
وَإِلَىٰ عَادٍ أَخَاهُمْ هُودًۭا ۚ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥٓ ۖ إِنْ أَنتُمْ إِلَّا مُفْتَرُونَ ﴿٥٠﴾
Ад еліне ағайындары Һұдты жібердік . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Негізінде, сендер өтірікті ойдан шығарушысыңдар
يَٰقَوْمِ لَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًا ۖ إِنْ أَجْرِىَ إِلَّا عَلَى ٱلَّذِى فَطَرَنِىٓ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ ﴿٥١﴾
Әй, елім! Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, менің сыйымды өзімді жаратқан береді. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
وَيَٰقَوْمِ ٱسْتَغْفِرُوا۟ رَبَّكُمْ ثُمَّ تُوبُوٓا۟ إِلَيْهِ يُرْسِلِ ٱلسَّمَآءَ عَلَيْكُم مِّدْرَارًۭا وَيَزِدْكُمْ قُوَّةً إِلَىٰ قُوَّتِكُمْ وَلَا تَتَوَلَّوْا۟ مُجْرِمِينَ ﴿٥٢﴾
Әй, елім! Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер. Әрі Оған тәубе етіңдер істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оғанбойсұнуғақайтыңдар . Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді және сендердің күш-қуаттарыңа күш-қуат қосады. Қылмыскер болып, теріс бұрылмаңдар», деді
قَالُوا۟ يَٰهُودُ مَا جِئْتَنَا بِبَيِّنَةٍۢ وَمَا نَحْنُ بِتَارِكِىٓ ءَالِهَتِنَا عَن قَوْلِكَ وَمَا نَحْنُ لَكَ بِمُؤْمِنِينَ ﴿٥٣﴾
Олар: «Ей, Һүд! Сен бізге анық дәлел келтірмедің. Біз сенің сөзіңе бола құдайларымызды тастамаймыз әрі саған сенуші емеспіз
إِن نَّقُولُ إِلَّا ٱعْتَرَىٰكَ بَعْضُ ءَالِهَتِنَا بِسُوٓءٍۢ ۗ قَالَ إِنِّىٓ أُشْهِدُ ٱللَّهَ وَٱشْهَدُوٓا۟ أَنِّى بَرِىٓءٌۭ مِّمَّا تُشْرِكُونَ ﴿٥٤﴾
Біз тек, саған құдайларымыздың бірінің кесірі тиген екен дейміз», деді. Һүд : «Мен Аллаһты куә етемін және сендер де куә болыңдар. Менің қатысым жоқ, сендердің серік қосып
مِن دُونِهِۦ ۖ فَكِيدُونِى جَمِيعًۭا ثُمَّ لَا تُنظِرُونِ ﴿٥٥﴾
Одан басқаға табынғандарыңа. Барлығың маған қарсы айла-шарғы жасап, мұрсат бермендер
إِنِّى تَوَكَّلْتُ عَلَى ٱللَّهِ رَبِّى وَرَبِّكُم ۚ مَّا مِن دَآبَّةٍ إِلَّا هُوَ ءَاخِذٌۢ بِنَاصِيَتِهَآ ۚ إِنَّ رَبِّى عَلَىٰ صِرَٰطٍۢ مُّسْتَقِيمٍۢ ﴿٥٦﴾
Ақиқатында, мен өзімнің Раббым және сендердің де Раббың Аллаһқа жүгініп, Оған өзімді тапсырдым тәуекел еттім . Ол кекілінен ұстамаған бірде-бір тірі жан жоқ. Ақиқатында, Раббым тура жолда
فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَقَدْ أَبْلَغْتُكُم مَّآ أُرْسِلْتُ بِهِۦٓ إِلَيْكُمْ ۚ وَيَسْتَخْلِفُ رَبِّى قَوْمًا غَيْرَكُمْ وَلَا تَضُرُّونَهُۥ شَيْـًٔا ۚ إِنَّ رَبِّى عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ حَفِيظٌۭ ﴿٥٧﴾
Егер теріс бұрылсаңдар, мен шынында сендерге немен жіберілсем, соны өздеріңе жеткіздім. Әрі Раббым сендерді басқалармен алмастырады да, сендер Оған ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Ақиқатында, Раббым әрбірнәрсені Сақтаушы», деді
وَلَمَّا جَآءَ أَمْرُنَا نَجَّيْنَا هُودًۭا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ بِرَحْمَةٍۢ مِّنَّا وَنَجَّيْنَٰهُم مِّنْ عَذَابٍ غَلِيظٍۢ ﴿٥٨﴾
Әміріміз келген кезде, Һұдты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі Біз оларды ауыр азаптан құтқардық
وَتِلْكَ عَادٌۭ ۖ جَحَدُوا۟ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمْ وَعَصَوْا۟ رُسُلَهُۥ وَٱتَّبَعُوٓا۟ أَمْرَ كُلِّ جَبَّارٍ عَنِيدٍۢ ﴿٥٩﴾
Міне, осы Ад елі өздерінің Раббысының белгі дәлелдерін теріске шығарды және Оның елшілеріне бағынбады. Әрі олар әрбір өктемшіл қасарушының әміріне ерді
وَأُتْبِعُوا۟ فِى هَٰذِهِ ٱلدُّنْيَا لَعْنَةًۭ وَيَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ ۗ أَلَآ إِنَّ عَادًۭا كَفَرُوا۟ رَبَّهُمْ ۗ أَلَا بُعْدًۭا لِّعَادٍۢ قَوْمِ هُودٍۢ ﴿٦٠﴾
Олар осы өмірде де және Қайта тірілу күні де лағнетте қалды. Біліңдер, Ад елі өздерінің Раббысына күпірлік етті сенбеді, қарсы келді .Һұдтың қауымы Аддықтар Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын