إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنفَطَرَتْ ﴿١﴾
Аспан жарылған кезде
Құранның 82-сүресі
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنفَطَرَتْ ﴿١﴾
Аспан жарылған кезде
وَإِذَا ٱلْكَوَاكِبُ ٱنتَثَرَتْ ﴿٢﴾
әрі аспан денелері төгілген кезде
وَإِذَا ٱلْبِحَارُ فُجِّرَتْ ﴿٣﴾
және теңіздер тасып , бір-біріне құйылған кезде
وَإِذَا ٱلْقُبُورُ بُعْثِرَتْ ﴿٤﴾
және қабірлер аударылған кезде
عَلِمَتْ نَفْسٌۭ مَّا قَدَّمَتْ وَأَخَّرَتْ ﴿٥﴾
сонда әрбір жан ілгері не жіберілгенін, артына не қалдырылғанын біледі
يَٰٓأَيُّهَا ٱلْإِنسَٰنُ مَا غَرَّكَ بِرَبِّكَ ٱلْكَرِيمِ ﴿٦﴾
Ей, адам баласы! Әл-Кәрим аса Жомарт Раббың жайлы сені не алдады
ٱلَّذِى خَلَقَكَ فَسَوَّىٰكَ فَعَدَلَكَ ﴿٧﴾
Ол Аллаһ сені жаратты, дене мүшелерін үйлесімді етіп теңестірді және тұлабойыңды түзулеп
فِىٓ أَىِّ صُورَةٍۢ مَّا شَآءَ رَكَّبَكَ ﴿٨﴾
Өзі қалаған бейнеде сені құрастырды
كَلَّا بَلْ تُكَذِّبُونَ بِٱلدِّينِ ﴿٩﴾
Жоқ, сөйтсе де сендер Есеп күнін өтірікке шығарасыңдар
وَإِنَّ عَلَيْكُمْ لَحَٰفِظِينَ ﴿١٠﴾
Ал, шын мәнінде, сендердің үстеріңнен күзетіп тұрушылар бар
كِرَامًۭا كَٰتِبِينَ ﴿١١﴾
құрметті жазып тұрушылар
يَعْلَمُونَ مَا تَفْعَلُونَ ﴿١٢﴾
Олар не істеп жатқандарыңды біледі
إِنَّ ٱلْأَبْرَارَ لَفِى نَعِيمٍۢ ﴿١٣﴾
Шын мәнінде, ізгілер, сөзсіз игілікте болады
وَإِنَّ ٱلْفُجَّارَ لَفِى جَحِيمٍۢ ﴿١٤﴾
ал бұзықтар, міндетті түрде Жахимда болады
يَصْلَوْنَهَا يَوْمَ ٱلدِّينِ ﴿١٥﴾
Олар оған Есеп күні кіреді
وَمَا هُمْ عَنْهَا بِغَآئِبِينَ ﴿١٦﴾
әрі олар одан жоқ болып та құтыла алмайды
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا يَوْمُ ٱلدِّينِ ﴿١٧﴾
Ал, Есеп күнінің не екенін саған не білдірді
ثُمَّ مَآ أَدْرَىٰكَ مَا يَوْمُ ٱلدِّينِ ﴿١٨﴾
Сосын тағы да, Есеп күнінің не екенін саған не білдірді
يَوْمَ لَا تَمْلِكُ نَفْسٌۭ لِّنَفْسٍۢ شَيْـًۭٔا ۖ وَٱلْأَمْرُ يَوْمَئِذٍۢ لِّلَّهِ ﴿١٩﴾
Сол күні жан өзге жан үшін еш нәрсе істей алмайды. Әрі ол күні әмір беру Аллаһқа ғана тән
Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.
Al-Infitar сүресі (الانفطار) Құранның 82-сүресі. Онда 19 аят бар және ол Juz 30 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.
Оның аты, الانفطار, сүренің арабша аталуы.
Al-Infitar сүресінде 19 аят бар.
Ол Мекке сүресі болып саналады.
Al-Infitar сүресі Juz 30 ішінде.
Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.
This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources