إِذَا ٱلشَّمْسُ كُوِّرَتْ ﴿١﴾
Күн оратылып бүктелген кезде
Құранның 81-сүресі
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِذَا ٱلشَّمْسُ كُوِّرَتْ ﴿١﴾
Күн оратылып бүктелген кезде
وَإِذَا ٱلنُّجُومُ ٱنكَدَرَتْ ﴿٢﴾
әрі жұлдыздар төгілген кезде
وَإِذَا ٱلْجِبَالُ سُيِّرَتْ ﴿٣﴾
және таулар орнынан қозғалтылған кезде
وَإِذَا ٱلْعِشَارُ عُطِّلَتْ ﴿٤﴾
және он айлық буаз түйелер қараусыз қалған кезде
وَإِذَا ٱلْوُحُوشُ حُشِرَتْ ﴿٥﴾
әрі аңдар жиылған кезде
وَإِذَا ٱلْبِحَارُ سُجِّرَتْ ﴿٦﴾
және теңіздер отқа айналған кезде
وَإِذَا ٱلنُّفُوسُ زُوِّجَتْ ﴿٧﴾
және жандар топтастырылған кезде
وَإِذَا ٱلْمَوْءُۥدَةُ سُئِلَتْ ﴿٨﴾
әрі тірідей көмілген қыз сұралған кезде
بِأَىِّ ذَنۢبٍۢ قُتِلَتْ ﴿٩﴾
«Қай күнәсі үшін өлтірілді?» деп
وَإِذَا ٱلصُّحُفُ نُشِرَتْ ﴿١٠﴾
Аман жазбалары таратылған кезде
وَإِذَا ٱلسَّمَآءُ كُشِطَتْ ﴿١١﴾
және аспан сыдырылып алынған кезде
وَإِذَا ٱلْجَحِيمُ سُعِّرَتْ ﴿١٢﴾
және Жахим (Тозақ) жандырылған кезде
وَإِذَا ٱلْجَنَّةُ أُزْلِفَتْ ﴿١٣﴾
әрі Жәннат жақындатылған кезде
عَلِمَتْ نَفْسٌۭ مَّآ أَحْضَرَتْ ﴿١٤﴾
әрбір жан нені дайындап, алып келгенін біледі
فَلَآ أُقْسِمُ بِٱلْخُنَّسِ ﴿١٥﴾
Жоқ! Қайтушылармен ант етемін
ٱلْجَوَارِ ٱلْكُنَّسِ ﴿١٦﴾
қозғалушы, жасырынушы
وَٱلَّيْلِ إِذَا عَسْعَسَ ﴿١٧﴾
әрі қараңғылығы түсе бастаған түнмен
وَٱلصُّبْحِ إِذَا تَنَفَّسَ ﴿١٨﴾
және тыныс алып, ағарабастаған таңмен
إِنَّهُۥ لَقَوْلُ رَسُولٍۢ كَرِيمٍۢ ﴿١٩﴾
Анығында, бұл ардақты Елшінің сөзі
ذِى قُوَّةٍ عِندَ ذِى ٱلْعَرْشِ مَكِينٍۢ ﴿٢٠﴾
күшті және Аршы Иесінің алдында мәртебелі
مُّطَاعٍۢ ثَمَّ أَمِينٍۢ ﴿٢١﴾
оған ол жақта періштелер бағынатын, сенімді
وَمَا صَاحِبُكُم بِمَجْنُونٍۢ ﴿٢٢﴾
Сендердің жолдастарың жынды емес
وَلَقَدْ رَءَاهُ بِٱلْأُفُقِ ٱلْمُبِينِ ﴿٢٣﴾
Ол, оны анық көкжиекте көрді
وَمَا هُوَ عَلَى ٱلْغَيْبِ بِضَنِينٍۢ ﴿٢٤﴾
Әрі ол ғайыпты уахиды жеткізуде сараңдық кемітушілік істемеді
وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَيْطَٰنٍۢ رَّجِيمٍۢ ﴿٢٥﴾
және бұл қуылған шайтанның сөзі емес
فَأَيْنَ تَذْهَبُونَ ﴿٢٦﴾
Сонда, қайда барасыңдар
إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرٌۭ لِّلْعَٰلَمِينَ ﴿٢٧﴾
Ол Құран әлемдер үшін еске салу ғана
لِمَن شَآءَ مِنكُمْ أَن يَسْتَقِيمَ ﴿٢٨﴾
сендерден туралықты ұстануды қалағандар үшін
وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلْعَٰلَمِينَ ﴿٢٩﴾
Әлемдердің Раббысы Аллаһ қаламайынша, сендер қалай алмайсыңдар
Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.
At-Takwir сүресі (التكوير) Құранның 81-сүресі. Онда 29 аят бар және ол Juz 30 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.
Оның аты, التكوير, сүренің арабша аталуы.
At-Takwir сүресінде 29 аят бар.
Ол Мекке сүресі болып саналады.
At-Takwir сүресі Juz 30 ішінде.
Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.
This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources