Құранның 76-сүресі

Al-Insan сүресі

Мәдина 31 аят Juz 29
Al-Insan

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

هَلْ أَتَىٰ عَلَى ٱلْإِنسَٰنِ حِينٌۭ مِّنَ ٱلدَّهْرِ لَمْ يَكُن شَيْـًۭٔا مَّذْكُورًا ﴿١﴾

Адамға ол еске алынбаған кезінен жаратылғанға дейін біраз уақыт өтпеді ме

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّا خَلَقْنَا ٱلْإِنسَٰنَ مِن نُّطْفَةٍ أَمْشَاجٍۢ نَّبْتَلِيهِ فَجَعَلْنَٰهُ سَمِيعًۢا بَصِيرًا ﴿٢﴾

Ақиқатында, Біз адам баласын араласқан бір тамшыдан жараттық. Біз оны сынаймыз. Сөйтіп, оны еститін, көретін еттік

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّا هَدَيْنَٰهُ ٱلسَّبِيلَ إِمَّا شَاكِرًۭا وَإِمَّا كَفُورًا ﴿٣﴾

Күмәнсіз, Біз оны тура жолға түсірдік. Ол не шүкір етер Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірер , немесе күпірлік етер ол игіліктерді мойындамай теріске шығарар

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّآ أَعْتَدْنَا لِلْكَٰفِرِينَ سَلَٰسِلَا۟ وَأَغْلَٰلًۭا وَسَعِيرًا ﴿٤﴾

Ақиқатында, Біз, кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар және Саъирді әзірледік

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّ ٱلْأَبْرَارَ يَشْرَبُونَ مِن كَأْسٍۢ كَانَ مِزَاجُهَا كَافُورًا ﴿٥﴾

Әлбетте ізгілер кафур араластырған кеседен сусын ішеді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

عَيْنًۭا يَشْرَبُ بِهَا عِبَادُ ٱللَّهِ يُفَجِّرُونَهَا تَفْجِيرًۭا ﴿٦﴾

Аллаһтың құлдары ішетін бір бұлақтан, олар оны қалағанынша ағызады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

يُوفُونَ بِٱلنَّذْرِ وَيَخَافُونَ يَوْمًۭا كَانَ شَرُّهُۥ مُسْتَطِيرًۭا ﴿٧﴾

Олар нәзірді Аллаһ жолына атағанын орындайды және жамандығы кең жайылатын Күннен қорқады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَيُطْعِمُونَ ٱلطَّعَامَ عَلَىٰ حُبِّهِۦ مِسْكِينًۭا وَيَتِيمًۭا وَأَسِيرًا ﴿٨﴾

Өздері тамақты қалап тұрғанына қарамастан, оны кедейге, жетімге және тұтқынға жегізеді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّمَا نُطْعِمُكُمْ لِوَجْهِ ٱللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنكُمْ جَزَآءًۭ وَلَا شُكُورًا ﴿٩﴾

Олар!: «Шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّا نَخَافُ مِن رَّبِّنَا يَوْمًا عَبُوسًۭا قَمْطَرِيرًۭا ﴿١٠﴾

Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз», дейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَوَقَىٰهُمُ ٱللَّهُ شَرَّ ذَٰلِكَ ٱلْيَوْمِ وَلَقَّىٰهُمْ نَضْرَةًۭ وَسُرُورًۭا ﴿١١﴾

Аллаһ оларды сол Күннің жамандығынан сақтап, оларға жарқындық пен қуаныш нәсіп етеді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَجَزَىٰهُم بِمَا صَبَرُوا۟ جَنَّةًۭ وَحَرِيرًۭا ﴿١٢﴾

және сабыр еткендері үшін оларға Жәннаттағы бақ пен жібекті қайтарым сый етіп береді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

مُّتَّكِـِٔينَ فِيهَا عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ ۖ لَا يَرَوْنَ فِيهَا شَمْسًۭا وَلَا زَمْهَرِيرًۭا ﴿١٣﴾

Олар онда перделермен сәнделгенжұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Олар онда күнді де, аязды да көрмейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَدَانِيَةً عَلَيْهِمْ ظِلَٰلُهَا وَذُلِّلَتْ قُطُوفُهَا تَذْلِيلًۭا ﴿١٤﴾

Әрі оларға оның көлеңкелері жақын, ал жемістері төмен иіліп тұрады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَيُطَافُ عَلَيْهِم بِـَٔانِيَةٍۢ مِّن فِضَّةٍۢ وَأَكْوَابٍۢ كَانَتْ قَوَارِيرَا۠ ﴿١٥﴾

Және оларды күміс ыдыстармен, шыны көзелермен айналып жүреді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قَوَارِيرَا۟ مِن فِضَّةٍۢ قَدَّرُوهَا تَقْدِيرًۭا ﴿١٦﴾

Ал шынысы күмістен. бұл ыдыстар сайма-сай өлшеніп қойылған

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَيُسْقَوْنَ فِيهَا كَأْسًۭا كَانَ مِزَاجُهَا زَنجَبِيلًا ﴿١٧﴾

Әрі оларға зәнжәбил сусыны араластырылған кеседен ішкізіледі

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

عَيْنًۭا فِيهَا تُسَمَّىٰ سَلْسَبِيلًۭا ﴿١٨﴾

«Сәлсәбил» деп аталатын бұлақтан

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

۞ وَيَطُوفُ عَلَيْهِمْ وِلْدَٰنٌۭ مُّخَلَّدُونَ إِذَا رَأَيْتَهُمْ حَسِبْتَهُمْ لُؤْلُؤًۭا مَّنثُورًۭا ﴿١٩﴾

Әрі оларды мәңгі жас өрендер айналып қызмет етіп жүреді. Оларды көргеніңде, шашылған інжу деп ойлайсың

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَإِذَا رَأَيْتَ ثَمَّ رَأَيْتَ نَعِيمًۭا وَمُلْكًۭا كَبِيرًا ﴿٢٠﴾

Әрі көрген кезде, онда жәннатта игілік әрі ұлы патшалықты көресің

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

عَٰلِيَهُمْ ثِيَابُ سُندُسٍ خُضْرٌۭ وَإِسْتَبْرَقٌۭ ۖ وَحُلُّوٓا۟ أَسَاوِرَ مِن فِضَّةٍۢ وَسَقَىٰهُمْ رَبُّهُمْ شَرَابًۭا طَهُورًا ﴿٢١﴾

Олардың жәннаттықтардың үстерінде жұқа және қалың жасыл жібек киімдер болады, олар күміс білезіктермен безендіріледі, әрі Оларға Раббысы тап-таза сусын ішкізеді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّ هَٰذَا كَانَ لَكُمْ جَزَآءًۭ وَكَانَ سَعْيُكُم مَّشْكُورًا ﴿٢٢﴾

Оларға : «Ақиқатында, бұл сендерге қайтарым ретінде берілген сый, сендердің әрекет-талпыныстарың алғысқа бөленді», делінеді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا عَلَيْكَ ٱلْقُرْءَانَ تَنزِيلًۭا ﴿٢٣﴾

Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Біз саған Құранды бөліп-бөліп біртіндеп түсірдік

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَٱصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ وَلَا تُطِعْ مِنْهُمْ ءَاثِمًا أَوْ كَفُورًۭا ﴿٢٤﴾

Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардың ішіндегі күнәһарға да, кәпірге де бағынба

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَٱذْكُرِ ٱسْمَ رَبِّكَ بُكْرَةًۭ وَأَصِيلًۭا ﴿٢٥﴾

Әрі таңертең және кешке Раббыңның есімін есіңе ал

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمِنَ ٱلَّيْلِ فَٱسْجُدْ لَهُۥ وَسَبِّحْهُ لَيْلًۭا طَوِيلًا ﴿٢٦﴾

Ал, түннің бөлігінде Оған сәжде жаса әрі ұзын түнде Оны дәріпте

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ يُحِبُّونَ ٱلْعَاجِلَةَ وَيَذَرُونَ وَرَآءَهُمْ يَوْمًۭا ثَقِيلًۭا ﴿٢٧﴾

Ақиқатында, бұлар имансыздар тез өтетінді осы дүниені жақсы көріп, ауыр Күнді қияметті арттарына қалдырады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

نَّحْنُ خَلَقْنَٰهُمْ وَشَدَدْنَآ أَسْرَهُمْ ۖ وَإِذَا شِئْنَا بَدَّلْنَآ أَمْثَٰلَهُمْ تَبْدِيلًا ﴿٢٨﴾

Біз оларды жаратып, тұла бойын бекіттік. Егер қаласақ, оларды өздеріне ұқсағандармен алмастыра аламыз

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّ هَٰذِهِۦ تَذْكِرَةٌۭ ۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ سَبِيلًۭا ﴿٢٩﴾

Анығында, бұл еске салу насихат . Енді кім қаласа, Раббысына апаратын жол ұстанады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمًۭا ﴿٣٠﴾

Алайда, Аллаһ қаламайынша, сендер бұны қалай алмайсыңдар. Ақиқатында, Аллаһ Білуші, аса Дана

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

يُدْخِلُ مَن يَشَآءُ فِى رَحْمَتِهِۦ ۚ وَٱلظَّٰلِمِينَ أَعَدَّ لَهُمْ عَذَابًا أَلِيمًۢا ﴿٣١﴾

Ол қалағанын мейіріміне кіргізеді. Ал, әділетсіздер үшін Ол күйзелтуші азап әзірледі

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

Al-Insan 31 аяттың 1-аяты

Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.

Al-Insan сүресі туралы

Al-Insan сүресі (الإنسان) Құранның 76-сүресі. Онда 31 аят бар және ол Juz 29 ішінде орналасқан. Ол Мәдина сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуынан (Һижрет) кейін түскен.

Оның аты, الإنسان, сүренің арабша аталуы.

Al-Insan сүресі туралы сұрақтар

Al-Insan сүресінде қанша аят бар?

Al-Insan сүресінде 31 аят бар.

Al-Insan сүресі Мекке ме, әлде Мәдина ма?

Ол Мәдина сүресі болып саналады.

Al-Insan сүресі қай Juz ішінде?

Al-Insan сүресі Juz 29 ішінде.

Al-Insan сүресін қайдан тыңдай аламын?

Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.

This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources