وَٱلْمُرْسَلَٰتِ عُرْفًۭا ﴿١﴾
Ант етемін, жалғасты түрде жіберілгендермен
Құранның 77-сүресі
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلْمُرْسَلَٰتِ عُرْفًۭا ﴿١﴾
Ант етемін, жалғасты түрде жіберілгендермен
فَٱلْعَٰصِفَٰتِ عَصْفًۭا ﴿٢﴾
әрі қатты есушілермен
وَٱلنَّٰشِرَٰتِ نَشْرًۭا ﴿٣﴾
және жайып таратушылармен
فَٱلْفَٰرِقَٰتِ فَرْقًۭا ﴿٤﴾
және ажыратып айырушылармен
فَٱلْمُلْقِيَٰتِ ذِكْرًا ﴿٥﴾
және еске салынатынды уахиды жеткізушілермен ант етемін
عُذْرًا أَوْ نُذْرًا ﴿٦﴾
уәж-кешіру ретінде, не ескерту ретінде
إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَوَٰقِعٌۭ ﴿٧﴾
Шын мәнінде, сендерге уәде етіліп жатқан нәрселер, әлбетте орындалады
فَإِذَا ٱلنُّجُومُ طُمِسَتْ ﴿٨﴾
жұлдыздар сөндірілген кезде
وَإِذَا ٱلسَّمَآءُ فُرِجَتْ ﴿٩﴾
әрі аспан айрылған кезде
وَإِذَا ٱلْجِبَالُ نُسِفَتْ ﴿١٠﴾
және таулар үгітіліп ұшырылған кезде
وَإِذَا ٱلرُّسُلُ أُقِّتَتْ ﴿١١﴾
және елшілерге уақыт белгіленген кезде
لِأَىِّ يَوْمٍ أُجِّلَتْ ﴿١٢﴾
Мұрсат қай күнге дейін берілген еді
لِيَوْمِ ٱلْفَصْلِ ﴿١٣﴾
Айыру күніне дейін
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا يَوْمُ ٱلْفَصْلِ ﴿١٤﴾
Ей, Мұхаммед! Айыру күнінің не екенін саған не білдірді
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿١٥﴾
Сол күні Аллаһтың уәдесін өтірік санаушыларға қасірет бар
أَلَمْ نُهْلِكِ ٱلْأَوَّلِينَ ﴿١٦﴾
Біз әуелгілерді жойып жібермедік пе
ثُمَّ نُتْبِعُهُمُ ٱلْءَاخِرِينَ ﴿١٧﴾
Сосын одан кейінгілерді де олардың артынан жібереміз
كَذَٰلِكَ نَفْعَلُ بِٱلْمُجْرِمِينَ ﴿١٨﴾
Біз қылмыскерлерді осылай етеміз
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿١٩﴾
Сол күні ақиретті өтірік санаушыларға қасірет бар
أَلَمْ نَخْلُقكُّم مِّن مَّآءٍۢ مَّهِينٍۢ ﴿٢٠﴾
Біз сендерді болмашы бір сұйықтан жаратпадық па
فَجَعَلْنَٰهُ فِى قَرَارٍۢ مَّكِينٍ ﴿٢١﴾
әрі оны бір берік жайға жатырға орналастырмадық па
إِلَىٰ قَدَرٍۢ مَّعْلُومٍۢ ﴿٢٢﴾
белгілі бір мерзімге дейін
فَقَدَرْنَا فَنِعْمَ ٱلْقَٰدِرُونَ ﴿٢٣﴾
Біз алдын ала өлшеп белгіледік, қандай жақсы өлшеп, белгілеушіміз
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿٢٤﴾
Сол күні Аллаһтың құдіретін өтірік санаушыларға қасірет бар
أَلَمْ نَجْعَلِ ٱلْأَرْضَ كِفَاتًا ﴿٢٥﴾
Біз жерді жинаушы етпедік пе
أَحْيَآءًۭ وَأَمْوَٰتًۭا ﴿٢٦﴾
тірілерді және өлілерді
وَجَعَلْنَا فِيهَا رَوَٰسِىَ شَٰمِخَٰتٍۢ وَأَسْقَيْنَٰكُم مَّآءًۭ فُرَاتًۭا ﴿٢٧﴾
Әрі онда мызғымас биік болғандарды тауларды орнатып, сендерді тұщы сумен қамтамасыз еттік
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿٢٨﴾
Сол күні Аллаһтың белгілерін өтірік санаушыларға қасірет бар
ٱنطَلِقُوٓا۟ إِلَىٰ مَا كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ ﴿٢٩﴾
Оларға : «Өздерің өтірік деп санағандарыңа барыңдар
ٱنطَلِقُوٓا۟ إِلَىٰ ظِلٍّۢ ذِى ثَلَٰثِ شُعَبٍۢ ﴿٣٠﴾
Үш тармақты көлеңкеге барыңдар
لَّا ظَلِيلٍۢ وَلَا يُغْنِى مِنَ ٱللَّهَبِ ﴿٣١﴾
Оның саясы да жоқ әрі ол жалыннан да қорғамайды
إِنَّهَا تَرْمِى بِشَرَرٍۢ كَٱلْقَصْرِ ﴿٣٢﴾
Ол тозақ зәулім ғимараттардай ұшқындарды атып тұрады
كَأَنَّهُۥ جِمَٰلَتٌۭ صُفْرٌۭ ﴿٣٣﴾
Бейне бір сары түйелерге ұқсаған», делінеді
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿٣٤﴾
Сол күні Сот күнін өтірік санаушыларға қасірет бар
هَٰذَا يَوْمُ لَا يَنطِقُونَ ﴿٣٥﴾
Бұл олар сөйлемейтін күн
وَلَا يُؤْذَنُ لَهُمْ فَيَعْتَذِرُونَ ﴿٣٦﴾
әрі оларға ақталуға рұқсат берілмейді
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿٣٧﴾
Сол күні Есеп күнін өтірік санаушыларға қасірет бар
هَٰذَا يَوْمُ ٱلْفَصْلِ ۖ جَمَعْنَٰكُمْ وَٱلْأَوَّلِينَ ﴿٣٨﴾
Бұл Ажырату күні. Біз сендерді де, алдыңғыларды да жинаймыз
فَإِن كَانَ لَكُمْ كَيْدٌۭ فَكِيدُونِ ﴿٣٩﴾
Егер сендерде бірер айла-шарғы болса, Маған жасап көріңдер
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿٤٠﴾
Сол күні Аллаһтың жазасын өтірік санаушыларға қасірет бар
إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِى ظِلَٰلٍۢ وَعُيُونٍۢ ﴿٤١﴾
Ал, тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар саялар мен бұлақтарда
وَفَوَٰكِهَ مِمَّا يَشْتَهُونَ ﴿٤٢﴾
көңілдері қалаған жемістер арасында болады
كُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ هَنِيٓـًٔۢا بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ ﴿٤٣﴾
Оларға : «Жасаған амалдарын, үшін рахаттанып жеңдер, ішіңдер!» делінеді
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلْمُحْسِنِينَ ﴿٤٤﴾
Анығында Біз ықыласпен жақсылық істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿٤٥﴾
Сол күні Қайтарымды өтірік санаушыларға қасірет бар
كُلُوا۟ وَتَمَتَّعُوا۟ قَلِيلًا إِنَّكُم مُّجْرِمُونَ ﴿٤٦﴾
Күнәһарларға : «Жеңдер әрі аздап пайдалана тұрындар. Себебі сендер қылмыскерсіңдер» делінеді
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿٤٧﴾
Сол күні Қайта тірілуді өтірік санаушыларға қасірет бар
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱرْكَعُوا۟ لَا يَرْكَعُونَ ﴿٤٨﴾
Қашан оларға: «Рукуғ жасаңдар», делінгенде, олар рүкүғ жасамайды
وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿٤٩﴾
Сол күні діни парыздарды өтірік санаушыларға қасірет бар
فَبِأَىِّ حَدِيثٍۭ بَعْدَهُۥ يُؤْمِنُونَ ﴿٥٠﴾
Енді олар бұдан кейін қай сөзге сенеді
Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.
Al-Mursalat сүресі (المرسلات) Құранның 77-сүресі. Онда 50 аят бар және ол Juz 29 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.
Оның аты, المرسلات, сүренің арабша аталуы.
Al-Mursalat сүресінде 50 аят бар.
Ол Мекке сүресі болып саналады.
Al-Mursalat сүресі Juz 29 ішінде.
Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.
This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources