وَٱلْفَجْرِ ﴿١﴾
Таңғы араймен ант етемін
Құранның 89-сүресі
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلْفَجْرِ ﴿١﴾
Таңғы араймен ант етемін
وَلَيَالٍ عَشْرٍۢ ﴿٢﴾
Әрі он түнмен
وَٱلشَّفْعِ وَٱلْوَتْرِ ﴿٣﴾
және жұп әрі тақпен
وَٱلَّيْلِ إِذَا يَسْرِ ﴿٤﴾
және өтіп бара жатқан түнмен ант етемін
هَلْ فِى ذَٰلِكَ قَسَمٌۭ لِّذِى حِجْرٍ ﴿٥﴾
Міне осылар, ақылына иелік ететіндер үшін жеткілікті ант емес пе
أَلَمْ تَرَ كَيْفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِعَادٍ ﴿٦﴾
Ей, Мұхаммед! Раббыңның адтықтармен не істегенін көрмедің бе
إِرَمَ ذَاتِ ٱلْعِمَادِ ﴿٧﴾
ұзын бағаналары бар Ирамға
ٱلَّتِى لَمْ يُخْلَقْ مِثْلُهَا فِى ٱلْبِلَٰدِ ﴿٨﴾
Олардың ұқсасы басқа елдерде жасалмаған еді
وَثَمُودَ ٱلَّذِينَ جَابُوا۟ ٱلصَّخْرَ بِٱلْوَادِ ﴿٩﴾
Әрі ойпаттарда жартастарды ойған сәмұдтықтарға
وَفِرْعَوْنَ ذِى ٱلْأَوْتَادِ ﴿١٠﴾
және қазықтар иесі Фиръаунға
ٱلَّذِينَ طَغَوْا۟ فِى ٱلْبِلَٰدِ ﴿١١﴾
Олар елдерде шектен шығып
فَأَكْثَرُوا۟ فِيهَا ٱلْفَسَادَ ﴿١٢﴾
әрі онда бұзықтықты көбейткен еді
فَصَبَّ عَلَيْهِمْ رَبُّكَ سَوْطَ عَذَابٍ ﴿١٣﴾
Сонда Раббың Оларға азап қамшысын жаудырды
إِنَّ رَبَّكَ لَبِٱلْمِرْصَادِ ﴿١٤﴾
Анығында, Раббың сөзсіз бақылап тұрушы
فَأَمَّا ٱلْإِنسَٰنُ إِذَا مَا ٱبْتَلَىٰهُ رَبُّهُۥ فَأَكْرَمَهُۥ وَنَعَّمَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّىٓ أَكْرَمَنِ ﴿١٥﴾
Адамды Раббысы сынап, оны құрметтесе және игілікке бөлесе, ол: «Раббым мені кұрметтеді»,- дейді
وَأَمَّآ إِذَا مَا ٱبْتَلَىٰهُ فَقَدَرَ عَلَيْهِ رِزْقَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّىٓ أَهَٰنَنِ ﴿١٦﴾
Ал, қашан оны сынап, ризық-несбесін тарылтса, онда ол: «Раббым мені қорлады»,- дейді
كَلَّا ۖ بَل لَّا تُكْرِمُونَ ٱلْيَتِيمَ ﴿١٧﴾
Жоқ, олай емес! Сендер жетімге ізет көрсетпейсіңдер
وَلَا تَحَٰٓضُّونَ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلْمِسْكِينِ ﴿١٨﴾
және кедейді тамақтандыруға бір-біріңді қызықтырып, түрткіболмайсыңдар
وَتَأْكُلُونَ ٱلتُّرَاثَ أَكْلًۭا لَّمًّۭا ﴿١٩﴾
әрі мирасты бөлмей, өздерің жейсіңдер
وَتُحِبُّونَ ٱلْمَالَ حُبًّۭا جَمًّۭا ﴿٢٠﴾
Сондай-ақ дүние-мүлікті өте қатты жақсы көресіңдер
كَلَّآ إِذَا دُكَّتِ ٱلْأَرْضُ دَكًّۭا دَكًّۭا ﴿٢١﴾
Жоқ, олай емес! Жер сілкініп теп-тегіс болған кезде
وَجَآءَ رَبُّكَ وَٱلْمَلَكُ صَفًّۭا صَفًّۭا ﴿٢٢﴾
әрі Раббың және сап-сап болып періштелер келген кезде
وَجِا۟ىٓءَ يَوْمَئِذٍۭ بِجَهَنَّمَ ۚ يَوْمَئِذٍۢ يَتَذَكَّرُ ٱلْإِنسَٰنُ وَأَنَّىٰ لَهُ ٱلذِّكْرَىٰ ﴿٢٣﴾
және ол күні Жаһаннам келтірілген кезде міне, сол күні адам еске түсіреді. Алайда, еске түсіруден оған не пайда
يَقُولُ يَٰلَيْتَنِى قَدَّمْتُ لِحَيَاتِى ﴿٢٤﴾
Ол: «Әттең! Өмірім үшін ізгі амалдар жіберген болсам еді»,- дейді
فَيَوْمَئِذٍۢ لَّا يُعَذِّبُ عَذَابَهُۥٓ أَحَدٌۭ ﴿٢٥﴾
Сол күні Оның азабындай, ешкім де азаптай алмайды
وَلَا يُوثِقُ وَثَاقَهُۥٓ أَحَدٌۭ ﴿٢٦﴾
әрі Оның бұғаулап байлағанындай ешкім байлай алмайды
يَٰٓأَيَّتُهَا ٱلنَّفْسُ ٱلْمُطْمَئِنَّةُ ﴿٢٧﴾
Ей, орнығып, тыныштық тапқан жан
ٱرْجِعِىٓ إِلَىٰ رَبِّكِ رَاضِيَةًۭ مَّرْضِيَّةًۭ ﴿٢٨﴾
Раббыңа разы болған және разылығын алған күйде қайт
فَٱدْخُلِى فِى عِبَٰدِى ﴿٢٩﴾
Енді құлдарымның қатарына кір
وَٱدْخُلِى جَنَّتِى ﴿٣٠﴾
Әрі Менің жәннатыма кір
Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.
Al-Fajr сүресі (الفجر) Құранның 89-сүресі. Онда 30 аят бар және ол Juz 30 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.
Оның аты, الفجر, сүренің арабша аталуы.
Al-Fajr сүресінде 30 аят бар.
Ол Мекке сүресі болып саналады.
Al-Fajr сүресі Juz 30 ішінде.
Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.
This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources