إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنشَقَّتْ ﴿١﴾
Аспан айрылған кезде
Құранның 84-сүресі
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنشَقَّتْ ﴿١﴾
Аспан айрылған кезде
وَأَذِنَتْ لِرَبِّهَا وَحُقَّتْ ﴿٢﴾
және Раббысына бойсұнып әрі міндетті болып
وَإِذَا ٱلْأَرْضُ مُدَّتْ ﴿٣﴾
Әрі жер созылып
وَأَلْقَتْ مَا فِيهَا وَتَخَلَّتْ ﴿٤﴾
ішіндегісін шығарып, босаған кезде
وَأَذِنَتْ لِرَبِّهَا وَحُقَّتْ ﴿٥﴾
Раббысына бойсұнып, міндетті болып
يَٰٓأَيُّهَا ٱلْإِنسَٰنُ إِنَّكَ كَادِحٌ إِلَىٰ رَبِّكَ كَدْحًۭا فَمُلَٰقِيهِ ﴿٦﴾
Ей, адам! Негізінде сен іс-әрекеттеріңмен Раббыңа қарай ұмтылып бара жатырсың, сөйтіп Оған жолығасың
فَأَمَّا مَنْ أُوتِىَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ ﴿٧﴾
Сонда, кімге кітабы амал дәптері оң жағынан берілсе
فَسَوْفَ يُحَاسَبُ حِسَابًۭا يَسِيرًۭا ﴿٨﴾
жеңіл есеппен есептеліп
وَيَنقَلِبُ إِلَىٰٓ أَهْلِهِۦ مَسْرُورًۭا ﴿٩﴾
жәннаттағы үй ішіне қуанған күйде қайтады
وَأَمَّا مَنْ أُوتِىَ كِتَٰبَهُۥ وَرَآءَ ظَهْرِهِۦ ﴿١٠﴾
Ал, кімге кітабы арқа жағынан берілсе
فَسَوْفَ يَدْعُوا۟ ثُبُورًۭا ﴿١١﴾
ол сонда өлім тілейді де
وَيَصْلَىٰ سَعِيرًا ﴿١٢﴾
Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы жалынды от) кіреді
إِنَّهُۥ كَانَ فِىٓ أَهْلِهِۦ مَسْرُورًا ﴿١٣﴾
Ақиқатында ол осы өмірде үй-ішіндегілері арасында мәз-мәйрам болған еді
إِنَّهُۥ ظَنَّ أَن لَّن يَحُورَ ﴿١٤﴾
Анығында ол, қайтпаймын деп ойлайтын
بَلَىٰٓ إِنَّ رَبَّهُۥ كَانَ بِهِۦ بَصِيرًۭا ﴿١٥﴾
Жоқ, олай емес! Шын мәнінде Раббысы оны көруші
فَلَآ أُقْسِمُ بِٱلشَّفَقِ ﴿١٦﴾
Жоқ! Кешкі шапақпен ант етемін
وَٱلَّيْلِ وَمَا وَسَقَ ﴿١٧﴾
және түнмен әрі ол жинаған нәрселермен
وَٱلْقَمَرِ إِذَا ٱتَّسَقَ ﴿١٨﴾
және толған кездегі айменен
لَتَرْكَبُنَّ طَبَقًا عَن طَبَقٍۢ ﴿١٩﴾
Сендер міндетті түрде, бір халден басқа бір халге өтесіңдер
فَمَا لَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ ﴿٢٠﴾
Сонда оларға не болды, иманға келмейтіндей
وَإِذَا قُرِئَ عَلَيْهِمُ ٱلْقُرْءَانُ لَا يَسْجُدُونَ ۩ ﴿٢١﴾
әрі оларға Құран оқылған кезде, сәжде етпейтіндей
بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يُكَذِّبُونَ ﴿٢٢﴾
Алайда, күпірлік етушілер Аллаһқа қарсы келушілер хақты өтірікке шығарады
وَٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا يُوعُونَ ﴿٢٣﴾
Ал, Аллаһ олардың жасырған нәрселерін жақсы білуші
فَبَشِّرْهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ ﴿٢٤﴾
Ей, Мұхаммед! Сондықтан оларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمْ أَجْرٌ غَيْرُ مَمْنُونٍۭ ﴿٢٥﴾
Ал, сондай иманға келген және ізгі амал істегендер басқа. Оларға таусылмайтын сый бар
Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.
Al-Inshiqaq сүресі (الانشقاق) Құранның 84-сүресі. Онда 25 аят бар және ол Juz 30 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.
Оның аты, الانشقاق, сүренің арабша аталуы.
Al-Inshiqaq сүресінде 25 аят бар.
Ол Мекке сүресі болып саналады.
Al-Inshiqaq сүресі Juz 30 ішінде.
Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.
This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources