Құранның 74-сүресі

Al-Muddaththir сүресі

Мекке 56 аят Juz 29
Al-Muddaththir

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

يَٰٓأَيُّهَا ٱلْمُدَّثِّرُ ﴿١﴾

Ей, бүркеніп алушы

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قُمْ فَأَنذِرْ ﴿٢﴾

Орныңнан түр, ескерт

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ ﴿٣﴾

Әрі Раббыңды ұлықта

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ ﴿٤﴾

Әрі киіміңді тазала

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَٱلرُّجْزَ فَٱهْجُرْ ﴿٥﴾

және лас нәрселерден аулақ бол

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَلَا تَمْنُن تَسْتَكْثِرُ ﴿٦﴾

Әрі жақсылықты көп болып қайтуы үшін жасама

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَلِرَبِّكَ فَٱصْبِرْ ﴿٧﴾

Әрі Раббың үшін сабыр ет

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَإِذَا نُقِرَ فِى ٱلنَّاقُورِ ﴿٨﴾

Ал, қашан сүр үрілсе

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَذَٰلِكَ يَوْمَئِذٍۢ يَوْمٌ عَسِيرٌ ﴿٩﴾

міне, сол күн ауыр күн

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ غَيْرُ يَسِيرٍۢ ﴿١٠﴾

кәпірлер үшін оңай болмайтын

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

ذَرْنِى وَمَنْ خَلَقْتُ وَحِيدًۭا ﴿١١﴾

Ей, Мұхаммед! Жалғыз етіп жаратқанымды Өзіме қалдыр

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَجَعَلْتُ لَهُۥ مَالًۭا مَّمْدُودًۭا ﴿١٢﴾

Мен оған мол мал-дәулет бердім

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَبَنِينَ شُهُودًۭا ﴿١٣﴾

және жанында тұратын перзенттерді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَهَّدتُّ لَهُۥ تَمْهِيدًۭا ﴿١٤﴾

әрі оған дүниені жайып қойдым

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

ثُمَّ يَطْمَعُ أَنْ أَزِيدَ ﴿١٥﴾

Содан кейін де ол Менің арттыра түсуімді қалайды

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

كَلَّآ ۖ إِنَّهُۥ كَانَ لِءَايَٰتِنَا عَنِيدًۭا ﴿١٦﴾

Жоқ, олай болмайды! Ақиқатында, ол аяттарымызға қарсы қасарысушы еді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

سَأُرْهِقُهُۥ صَعُودًا ﴿١٧﴾

Таяуда оны «өрге» мәжбүрлеймін

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّهُۥ فَكَّرَ وَقَدَّرَ ﴿١٨﴾

Анығында, ол ойлап, есептеді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَقُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ ﴿١٩﴾

Жойылып кеткір, ол қалай есептеді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

ثُمَّ قُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ ﴿٢٠﴾

Содан кейін тағы жойылғыр, ол қалай есептеді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

ثُمَّ نَظَرَ ﴿٢١﴾

Сосын ол ойланып қарады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

ثُمَّ عَبَسَ وَبَسَرَ ﴿٢٢﴾

Содан кейін қабағын шытып, бетін тыржитты

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

ثُمَّ أَدْبَرَ وَٱسْتَكْبَرَ ﴿٢٣﴾

Одан соң теріс айналып, өзін жоғары санап, менменсіп

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَقَالَ إِنْ هَٰذَآ إِلَّا سِحْرٌۭ يُؤْثَرُ ﴿٢٤﴾

«Бұл айтылып келе жатқан сиқырдан басқа ештеңе емес

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنْ هَٰذَآ إِلَّا قَوْلُ ٱلْبَشَرِ ﴿٢٥﴾

Бұл бар болғаны адамның сөзі», деді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

سَأُصْلِيهِ سَقَرَ ﴿٢٦﴾

Жақында оны Сақарға кіргіземін

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا سَقَرُ ﴿٢٧﴾

Сақардың не екенін саған не білдірді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

لَا تُبْقِى وَلَا تَذَرُ ﴿٢٨﴾

Ол қалдырмайды да, тастамайды

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

لَوَّاحَةٌۭ لِّلْبَشَرِ ﴿٢٩﴾

теріні жандырып жіберуші

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

عَلَيْهَا تِسْعَةَ عَشَرَ ﴿٣٠﴾

Оның үстінде он тоғыз бар

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَا جَعَلْنَآ أَصْحَٰبَ ٱلنَّارِ إِلَّا مَلَٰٓئِكَةًۭ ۙ وَمَا جَعَلْنَا عِدَّتَهُمْ إِلَّا فِتْنَةًۭ لِّلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِيَسْتَيْقِنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ وَيَزْدَادَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِيمَٰنًۭا ۙ وَلَا يَرْتَابَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْمُؤْمِنُونَ ۙ وَلِيَقُولَ ٱلَّذِينَ فِى قُلُوبِهِم مَّرَضٌۭ وَٱلْكَٰفِرُونَ مَاذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِهَٰذَا مَثَلًۭا ۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ مَن يَشَآءُ وَيَهْدِى مَن يَشَآءُ ۚ وَمَا يَعْلَمُ جُنُودَ رَبِّكَ إِلَّا هُوَ ۚ وَمَا هِىَ إِلَّا ذِكْرَىٰ لِلْبَشَرِ ﴿٣١﴾

Біз тозақ сақшыларын періштелерден ғана қылдық. Әрі олардың санын сондай күпірлік етушілер имансыздар үшін бір сынақ еттік. Бұл Кітап берілгендердің көздері жетуі, имандылардың иманы артуы үшін және Кітап берілгендер мен имандылардың күмәнданбауы үшін. Сондай-ақ жүректерінде дерті барлар мен кәпірлер: «Аллаһ бұл мысалмен нені қалады?!» деп айтуы үшін. Осылай, Аллаһ кімді қаласа адастырып, кімді қаласа тура жолға салады. Раббыңның әскерін Одан басқа ешкім білмейді. бұл адамзат үшін бір Еске салудан басқа еш нәрсе емес

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

كَلَّا وَٱلْقَمَرِ ﴿٣٢﴾

Иә, солай! Аймен ант етемін

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَٱلَّيْلِ إِذْ أَدْبَرَ ﴿٣٣﴾

Әрі кейін қайтқан түнмен

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَٱلصُّبْحِ إِذَآ أَسْفَرَ ﴿٣٤﴾

және ағарып жатқан таңмен

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِنَّهَا لَإِحْدَى ٱلْكُبَرِ ﴿٣٥﴾

Ақиқатында, ол тозақ өте үлкендердің құбылыстардың бірі

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

نَذِيرًۭا لِّلْبَشَرِ ﴿٣٦﴾

адамзатты ескертуші ретінде

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

لِمَن شَآءَ مِنكُمْ أَن يَتَقَدَّمَ أَوْ يَتَأَخَّرَ ﴿٣٧﴾

сендерден алға жүруді немесе артқа шегінуді қалағандар үшін

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

كُلُّ نَفْسٍۭ بِمَا كَسَبَتْ رَهِينَةٌ ﴿٣٨﴾

Әрбір жан істеп тапқанының амалының тұтқыны

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

إِلَّآ أَصْحَٰبَ ٱلْيَمِينِ ﴿٣٩﴾

Бірақ оң жақтағылар олай емес

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فِى جَنَّٰتٍۢ يَتَسَآءَلُونَ ﴿٤٠﴾

Олар жәннаттарда бір-бірінен сұрасады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

عَنِ ٱلْمُجْرِمِينَ ﴿٤١﴾

қылмыскерлер туралы

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

مَا سَلَكَكُمْ فِى سَقَرَ ﴿٤٢﴾

Тозаққа түскендерге : «Сендерді Сақарға тозаққа не кіргізді?» дейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

قَالُوا۟ لَمْ نَكُ مِنَ ٱلْمُصَلِّينَ ﴿٤٣﴾

Олар: «Біз намаз оқушылардан болмадық

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَلَمْ نَكُ نُطْعِمُ ٱلْمِسْكِينَ ﴿٤٤﴾

әрі кедейді тамақтандырмайтын едік

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَكُنَّا نَخُوضُ مَعَ ٱلْخَآئِضِينَ ﴿٤٥﴾

және бос, өтірік сөздерге батушылармен бірге батушы едік

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَكُنَّا نُكَذِّبُ بِيَوْمِ ٱلدِّينِ ﴿٤٦﴾

және Есеп қиямет күнін өтірік санауда болдық

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

حَتَّىٰٓ أَتَىٰنَا ٱلْيَقِينُ ﴿٤٧﴾

бізге айқын нәрсе өлім келгенге дейін», дейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَمَا تَنفَعُهُمْ شَفَٰعَةُ ٱلشَّٰفِعِينَ ﴿٤٨﴾

Сонда оларға араға түсушілердің шапағат етушілердің араға түсуі пайда бермейді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَمَا لَهُمْ عَنِ ٱلتَّذْكِرَةِ مُعْرِضِينَ ﴿٤٩﴾

Оларға не болды, Еске салатыннан Құраннан бет бұратындай

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

كَأَنَّهُمْ حُمُرٌۭ مُّسْتَنفِرَةٌۭ ﴿٥٠﴾

бейне бір үріккен жабайы есектер тәрізді

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَرَّتْ مِن قَسْوَرَةٍۭ ﴿٥١﴾

Арыстаннан қашқан

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

بَلْ يُرِيدُ كُلُّ ٱمْرِئٍۢ مِّنْهُمْ أَن يُؤْتَىٰ صُحُفًۭا مُّنَشَّرَةًۭ ﴿٥٢﴾

Негізінде, олардың әрбірі өзіне ашық жазбалардың берілуін қалайды

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

كَلَّا ۖ بَل لَّا يَخَافُونَ ٱلْءَاخِرَةَ ﴿٥٣﴾

Жоқ, керісінше, олар соңғы, мәңгілік өмірден ақиреттен қорықпайды

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

كَلَّآ إِنَّهُۥ تَذْكِرَةٌۭ ﴿٥٤﴾

Жоқ, олай емес! Анығында, бұл бір еске салу, ескерту

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

فَمَن شَآءَ ذَكَرَهُۥ ﴿٥٥﴾

кім қаласа, оны есіне алады

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

وَمَا يَذْكُرُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ ۚ هُوَ أَهْلُ ٱلتَّقْوَىٰ وَأَهْلُ ٱلْمَغْفِرَةِ ﴿٥٦﴾

Алайда олар Аллаһ қаламаса, есіне алмайды. Ол жазасынан қорқуға лайықты әрі кешірім Иесі

әл-Муяссар тәпсірі (арабша)

Al-Muddaththir 56 аяттың 1-аяты

Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.

Al-Muddaththir сүресі туралы

Al-Muddaththir сүресі (المدثر) Құранның 74-сүресі. Онда 56 аят бар және ол Juz 29 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.

Оның аты, المدثر, сүренің арабша аталуы.

Al-Muddaththir сүресі туралы сұрақтар

Al-Muddaththir сүресінде қанша аят бар?

Al-Muddaththir сүресінде 56 аят бар.

Al-Muddaththir сүресі Мекке ме, әлде Мәдина ма?

Ол Мекке сүресі болып саналады.

Al-Muddaththir сүресі қай Juz ішінде?

Al-Muddaththir сүресі Juz 29 ішінде.

Al-Muddaththir сүресін қайдан тыңдай аламын?

Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.

This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources