سَبِّحِ ٱسْمَ رَبِّكَ ٱلْأَعْلَى ﴿١﴾
Ей, Мұхаммед! Аса жоғары Раббыңның есімін пәк деп дәріпте
Құранның 87-сүресі
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
سَبِّحِ ٱسْمَ رَبِّكَ ٱلْأَعْلَى ﴿١﴾
Ей, Мұхаммед! Аса жоғары Раббыңның есімін пәк деп дәріпте
ٱلَّذِى خَلَقَ فَسَوَّىٰ ﴿٢﴾
Ол жаратып, орын-орнымен теңестірген
وَٱلَّذِى قَدَّرَ فَهَدَىٰ ﴿٣﴾
және алдын ала белгілеп, бағыттаған
وَٱلَّذِىٓ أَخْرَجَ ٱلْمَرْعَىٰ ﴿٤﴾
әрі жайылымдарды шығарған
فَجَعَلَهُۥ غُثَآءً أَحْوَىٰ ﴿٥﴾
кейін оны қурап, қарайған қоқымға айналдырған
سَنُقْرِئُكَ فَلَا تَنسَىٰٓ ﴿٦﴾
Ей, Мұхаммед! Біз саған Құранды оқытамыз, сен есіңнен шығармайсың
إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُ ۚ إِنَّهُۥ يَعْلَمُ ٱلْجَهْرَ وَمَا يَخْفَىٰ ﴿٧﴾
тек Аллаһтың қалағанын ғана ұмытасың . Шын мәнінде, Ол жарияны да және жасырылғанды да біледі
وَنُيَسِّرُكَ لِلْيُسْرَىٰ ﴿٨﴾
Әрі Біз саған ең жеңілін оңайластырамыз
فَذَكِّرْ إِن نَّفَعَتِ ٱلذِّكْرَىٰ ﴿٩﴾
Естеріне салу пайда беретін болса, естеріне сал
سَيَذَّكَّرُ مَن يَخْشَىٰ ﴿١٠﴾
Аллаһтың жазасынан қорыққан есіне алады
وَيَتَجَنَّبُهَا ٱلْأَشْقَى ﴿١١﴾
Ал, одан ең бақытсыз ғана өзін аулақ ұстайды
ٱلَّذِى يَصْلَى ٱلنَّارَ ٱلْكُبْرَىٰ ﴿١٢﴾
үлкен отта жанатын
ثُمَّ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحْيَىٰ ﴿١٣﴾
Кейін ол онда өлмейді де, өмір де сүрмейді
قَدْ أَفْلَحَ مَن تَزَكَّىٰ ﴿١٤﴾
Сөзсіз, мұратына жетті өзін тазартқан
وَذَكَرَ ٱسْمَ رَبِّهِۦ فَصَلَّىٰ ﴿١٥﴾
әрі Раббысының есімін еске алған және намаз оқыған
بَلْ تُؤْثِرُونَ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَا ﴿١٦﴾
Алайда сендер осы өмірді артық көресіңдер
وَٱلْءَاخِرَةُ خَيْرٌۭ وَأَبْقَىٰٓ ﴿١٧﴾
Ал, соңғы, мәңгілік өмір ақирет қайырлы әрі тұрақты
إِنَّ هَٰذَا لَفِى ٱلصُّحُفِ ٱلْأُولَىٰ ﴿١٨﴾
Анығында, бұл әуелгі жазбаларда бар
صُحُفِ إِبْرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ ﴿١٩﴾
Ибраһим және Мұсаның жазбаларында оларға түсірілген сухуфтарда
Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.
Al-A'la сүресі (الأعلى) Құранның 87-сүресі. Онда 19 аят бар және ол Juz 30 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.
Оның аты, الأعلى, сүренің арабша аталуы.
Al-A'la сүресінде 19 аят бар.
Ол Мекке сүресі болып саналады.
Al-A'la сүресі Juz 30 ішінде.
Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.
This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources