وَٱلَّيْلِ إِذَا يَغْشَىٰ ﴿١﴾
Ант етемін, қараңғылығы жапқан кездегі түнмен
Құранның 92-сүресі
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلَّيْلِ إِذَا يَغْشَىٰ ﴿١﴾
Ант етемін, қараңғылығы жапқан кездегі түнмен
وَٱلنَّهَارِ إِذَا تَجَلَّىٰ ﴿٢﴾
және жарық болған кездегі күндізбен
وَمَا خَلَقَ ٱلذَّكَرَ وَٱلْأُنثَىٰٓ ﴿٣﴾
әрі ер мен әйелді Жаратқанмен
إِنَّ سَعْيَكُمْ لَشَتَّىٰ ﴿٤﴾
Негізінде, сендердің ұмтылыстарың әртүрлі
فَأَمَّا مَنْ أَعْطَىٰ وَٱتَّقَىٰ ﴿٥﴾
Ал, кім берсе және тақуалық етсе Раббысының жазасынан қорқып, сақтанса
وَصَدَّقَ بِٱلْحُسْنَىٰ ﴿٦﴾
әрі ең жақсыны шын деп білсе
فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلْيُسْرَىٰ ﴿٧﴾
жақында Біз оған ең жеңілін оңайластырамыз
وَأَمَّا مَنۢ بَخِلَ وَٱسْتَغْنَىٰ ﴿٨﴾
Ал, кім сараңдық істесе, қажетсінбесе
وَكَذَّبَ بِٱلْحُسْنَىٰ ﴿٩﴾
және ең жақсыны өтірік деп білсе
فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلْعُسْرَىٰ ﴿١٠﴾
жақында Біз оған ең ауырын оңайластырамыз
وَمَا يُغْنِى عَنْهُ مَالُهُۥٓ إِذَا تَرَدَّىٰٓ ﴿١١﴾
Ол құлағанда, дүние-мүлкі оған пайда бермейді
إِنَّ عَلَيْنَا لَلْهُدَىٰ ﴿١٢﴾
Анығында, тура жолмен жүргізу Бізге тән
وَإِنَّ لَنَا لَلْءَاخِرَةَ وَٱلْأُولَىٰ ﴿١٣﴾
Әрі шын мәнінде соңғы, мәңгілік өмір де ақирет те және алғашқысы да осы өмір де Біздікі
فَأَنذَرْتُكُمْ نَارًۭا تَلَظَّىٰ ﴿١٤﴾
Міне, Мен сендерді жалындаған Оттан сақтандырып ескерттім
لَا يَصْلَىٰهَآ إِلَّا ٱلْأَشْقَى ﴿١٥﴾
оған ең бақытсыз ғана кіреді
ٱلَّذِى كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ ﴿١٦﴾
сондай өтірік деп, теріс бұрылғандар
وَسَيُجَنَّبُهَا ٱلْأَتْقَى ﴿١٧﴾
Одан тақуалық еткендер Аллаһтың жазасынанқорқып, сақтанғандар ғана алыстатылады
ٱلَّذِى يُؤْتِى مَالَهُۥ يَتَزَكَّىٰ ﴿١٨﴾
сондай, мал-дүниесінен беріп тазарған
وَمَا لِأَحَدٍ عِندَهُۥ مِن نِّعْمَةٍۢ تُجْزَىٰٓ ﴿١٩﴾
біреулерге беруге міндетті болмасада
إِلَّا ٱبْتِغَآءَ وَجْهِ رَبِّهِ ٱلْأَعْلَىٰ ﴿٢٠﴾
ол тек аса жоғары Раббысының дидарына ұмтылып қана береді
وَلَسَوْفَ يَرْضَىٰ ﴿٢١﴾
Әрі ол сөзсіз, жақында разы болады
Араб мәтіні: Осман жазуы. Қазақша аударма: Kazakh Translation by Khalifah Altai. Аудио: everyayah.com.
Al-Layl сүресі (الليل) Құранның 92-сүресі. Онда 21 аят бар және ол Juz 30 ішінде орналасқан. Ол Мекке сүресі болып саналады, яғни негізінен Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуына (Һижрет) дейін түскен.
Оның аты, الليل, сүренің арабша аталуы.
Al-Layl сүресінде 21 аят бар.
Ол Мекке сүресі болып саналады.
Al-Layl сүресі Juz 30 ішінде.
Оны аят-аят тыңдау үшін осы беттегі «Ойнату» батырмасын басыңыз, оқитын қари: Абдур-Рахман әс-Судайс, Мишари Алафаси, Махмұд Халил әл-Хусари, Абдул Басит Абдус-Самад, Махер әл-Муайкли, Саад әл-Ғамди, Ахмад әл-Ажми, Әбу Бәкір аш-Шатри, Хани ар-Рифаи, Мұхаммед Сиддиқ әл-Миншауи, Әли әл-Худайфи, Мұхаммед Аюб, Абдулла Басфар, Ясир ад-Досари, Насыр әл-Қатами, Салах әл-Будайр, Сауд аш-Шурайм, Абдулла Аууад әл-Жухани, Мұхаммед Жибрил.
This page is translated with machine assistance and may contain mistakes. The English and Arabic versions are our reference. About our sources