قَالَ جَابرُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: كَانَ رسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم يُعَلِّمُنَا الْاسْتِخَارَةَ فِي الْأُمُورِ كُلِّهَا كَمَا يُعَلِّمُنَا السُّورَةَ مِنَ الْقُرْآنِ، يَقُولُ: ((إِذَا هَمَّ أَحَدُكُمْ بِالْأَمْرِ فَلْيَرْكَعْ رَكْعَتَيْنِ مِنْ غَيْرِ الْفَرِيضَةِ، ثُمَّ لْيَقُلْ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ، وَأَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ، وَأَسْأَلُكَ مِنْ فَضْلِكَ العَظِيمِ؛ فَإِنَّكَ تَقْدِرُ وَلاَ أَقْدِرُ، وَتَعْلَمُ وَلاَ أَعْلَمُ، وَأَنْتَ عَلاَّمُ الغُيُوبِ، اللَّهُمَّ إِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الأمْرَ - وَيُسَمِّي حَاجَتَهُ - خَيْرٌ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي – أَوْ قَالَ: عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ - فَاقْدُرْهُ لِي وَيَسِّرْهُ لِي ثمَّ بَارِكْ لِي فِيهِ، وَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الْأَمْرَ شَرٌّ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي – أَوْ قَالَ: عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ – فَاصْرِفْهُ عَنِّي وَاصْرِفْنِي عَنْهُ وَاقْدُرْ لِيَ الْخَيْرَ حَيْثُ كَانَ، ثُمَّ أَرْضِنِي بِهِ)).وَمَا نَدِمَ مَنِ اسْتَخَارَ الْخَالِقَ، وَشَاوَرَ الْمَخْلُوقِينَ الْمُؤْمِنِينَ وَتَثَبَّتَ فِي أَمْرِهِ، فَقَدْ قَالَ اللَّه تعالى: ﴿وَشاوِرْهُمْ فِي الْأَمْرِ فَإِذَا عَزَمْتَ فَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ﴾ .
(Жәбір ибн Абдуллаһтан жеткен хабарда ол былай деді: «Пайғамбар (ﷺ) бізге Құраннан сүре үйреткендей, барлық істерімізде тура жолды тілеп намаз оқуды үйретті. Ол былай дейтін: «Біріңіз бір іс істемекші болса, екі рәкат нәфіл намаз оқысын, содан кейін мынаны айтсын: ‘Уа Алла, Сенің біліміңмен Сенен тура жолды тілеймін, Сенің құдіретіңмен күш сұраймын және Сенің ұлы кеңшілігіңнен сұраймын, өйткені, шынында, Сен құдіреттісің, ал мен құдіретсізбін, Сен білесің, ал мен білмеймін, және Сен ғайыпты Білушісің. Уа Алла, егер Сен осы істің — осы жерде ол қажетін атайды — менің дінім, өмірім және ақыретім үшін жақсы екенін білсең, оны маған бұйыр, оны маған жеңілдет және онда маған береке бер. Ал егер осы іс менің дінім, өмірім және ақыретім үшін жаман екенін білсең, оны менен алыстат, мені одан алыстат, және қайда болса да, маған жақсысын бұйыр және соған мені разы ет.’») (Жаратушысынан тура жол тілеген, мүміндермен кеңескен және содан кейін шешімінде берік болған адам өкінбейді, өйткені Алла былай деген: «…және олармен іс жайында кеңес. Ал шешім қабылдағанда, Аллаға тәуекел ет…»)