Намазды аяқтағаннан кейін не айту керек
((أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ (ثَلاَثَاً) اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلاَمُ، وَمِنْكَ السَّلاَمُ، تَبَارَكْتَ يَا ذَا الْجَلاَلِ وَالْإِكْرَامِ)).
(Алладан кешірім сұраймын. (үш рет) (Уа Алла, Сен — Әс-Саламсың, бейбітшілік Сенен келеді. Уа, ұлылық пен құрмет Иесі, Сен берекелісің.) (Әс-Салам: барлық кемшілік пен ақаудан пәк Зат.))
((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ [ثلاثاً]، اللَّهُمَّ لاَ مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلاَ مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلاَ يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الجَدُّ)).
(Алладан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ. Ол жалғыз, серігі жоқ. Билік пен мадақ Оған тиесілі және Ол әр нәрсеге құдіретті. Уа Алла, Сен бергенді ешкім тыя алмайды, Сен тыйғанды ешкім бере алмайды. Байлық пен абырой иесіне Сенің алдыңда ешбір пайда бермейді, өйткені байлық пен абырой Сенен.)
((لَا إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ. لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ، وَلاَ نَعْبُدُ إِلاَّ إِيَّاهُ, لَهُ النِّعْمَةُ وَلَهُ الْفَضْلُ وَلَهُ الثَّنَاءُ الْحَسَنُ، لَا إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ الكَافِرُونَ)).
(Алладан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ. Ол жалғыз, серігі жоқ. Билік пен мадақ Оған тиесілі және Ол әр нәрсеге құдіретті. Алланың жәрдемінсіз күш те, қуат та жоқ. Алладан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ және біз Одан басқаға құлшылық етпейміз. Нығмет те, ерекше сый да, көркем мадақ та Оған тиесілі. Алладан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ. Біз дінді Оған ғана арнап, ықыласпен құлшылық етеміз, қарсы болғандар жек көрсе де.)
((سُبْحَانَ اللَّهِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ (ثلاثاً وثلاثين) لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ)).
(Алла кемшіліктен пәк, барлық мадақ Аллаға тән, Алла ең ұлы. (отыз үш рет) (Алладан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ. Ол жалғыз, серігі жоқ. Билік пен мадақ Оған тиесілі және Ол әр нәрсеге құдіретті.))
بسم الله الرحمن الرحيم ﴿قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ اللَّهُ الصَّمَدُ لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ وَلَمْ يَكُن لَّهُ كُفُواً أَحَدٌ﴾، بسم الله الرحمن الرحيم ﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ مِن شَرِّ مَا خَلَقَ وَمِن شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ وَمِن شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ﴾،بسم الله الرحمن الرحيم ﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ مَلِكِ النَّاسِ إِلَهِ النَّاسِ مِن شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ مِنَ الْجِنَّةِ وَ النَّاسِ﴾ بَعْدَ كُلِّ صَلاَةٍ.
Мына үш сүре бесін, екінті және құптан намаздарынан кейін бір реттен, таң және ақшам намаздарынан кейін үш реттен оқылады. [Ықылас сүресі (112)] [Фәләқ сүресі (113)] [Нәс сүресі (114)]
﴿اللَّهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاءَ وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ﴾ عَقِبَ كلِّ صَلاَةٍ.
Әр намаздан кейін Аятул-Күрсиді оқу да сүннеттен. [Бақара сүресі, 255-аят]
((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ يُحْيِي وَيُمِيتُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ)) عَشْرَ مَرّاتٍ بَعْدَ صَلاةِ الْمَغْرِبِ وَالصُّبْحِ.
(Алладан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ. Ол жалғыз, серігі жоқ. Билік пен мадақ Оған тиесілі. Ол тірілтеді және өлтіреді, әрі Ол әр нәрсеге құдіретті. (ақшам және таң намаздарынан кейін он рет))
((اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نافِعاً، وَرِزْقاً طَيِّباً، وَعَمَلاً مُتَقَبَّلاً)) بَعْدَ السّلامِ مِنْ صَلاَةِ الفَجْرِ.
(Уа Алла, Сенен пайдалы білім, адал несібе және қабыл болатын амал сұраймын.) (Таң намазында сәлем бергеннен кейін айтылады)