Азанды (намазға шақыруды) естігенде не айту керек
يَقُولُ مِثْلَ مَا يَقُولُ المُؤَذِّنُ إِلاَّ فِي ((حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ وَحَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ)) فَيقُولُ: ((لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ)).
Муәззин не айтса, соны қайталайды. Тек ол «Хаййа ғалас-салаһ» (намазға келіңдер) немесе «Хаййа ғалал-фалаһ» (жеңіске келіңдер) дегенде, оның орнына «Лә хәула уа лә қуууата илла биллаһ» (Алланың жәрдемінсіз күш те, қуат та жоқ) деп айту керек.
يَقُولُ: ((وَأَنَا أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ وَأَنَّ مُحَمَّداً عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ، رَضِيتُ بِاللَّهِ رَبَّاً، وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولاً، وَبِالْإِسْلاَمِ دِينَاً)) ((يَقُولُ ذَلِكَ عَقِبَ تَشَهُّدِ الْمُؤَذِّنِ)).
Муәззин куәлік сөзін айтқаннан кейін бірден мынаны айтады: «Мен де Алладан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Ол жалғыз, серігі жоқ екеніне және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін. Алланы Раб, Мұхаммедті елші, Исламды дін ретінде қабылдап, разы болдым.»
((يُصَلِّي عَلَى النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم بَعْدَ فَرَاغِهِ مِنْ إِجَابَةِ الْمُؤَذِّنِ)).
Содан кейін муәззиннің азанына жауап қайтарып болған соң, Пайғамбарға (ﷺ) салауат айту керек.
يَقُولُ: ((اللَّهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّامَّةِ، وَالصَّلاَةِ الْقَائِمَةِ، آتِ مُحَمَّداً الْوَسِيلَةَ وَالْفَضِيلَةَ، وَابْعَثْهُ مَقَامَاً مَحمُوداً الَّذِي وَعَدْتَهُ، [إِنَّكَ لَا تُخْلِفُ الْمِيعَادَ])).
Уа Алла, осы кемел шақырудың және орындалғалы тұрған осы намаздың Иесі! Мұхаммедке (ﷺ) уасилә мен фадилә беріп, оны Өзің уәде еткен мақтаулы мәртебеге жеткіз. Шынында, Сен уәдеңнен тайған емессің. Уасилә: жәннаттағы ерекше орын. Фадилә: бүкіл жаратылыстан жоғары дәреже. Мақтаулы мәртебе: бүкіл жаратылыс оны мадақтайтын орын; сол арқылы есеп-қисап тезірек аяқталып, ұзаққа созылған тұрудан құтылады, және ол шапағат ету міндетін атқарады.
((يَدْعُو لِنَفسِهِ بَيْنَ الْأَذَانِ وَالْإِقَامَةِ فَإِنَّ الدُّعَاءَ حِينَئِذٍ لاَ يُرَدُّ)).
Сондай-ақ азан мен қамәттің арасында өзі үшін дұға ету керек, өйткені ол уақыттағы дұға қайтарылмайды.